Ұстаздар күні және Аға буынды құрметтеу мерекесі аясында еңбек ардагеріне алғыс

04.10.2021

Профилактикалық медицина және тағамтану кафедрасы Ұстаздар күнін және Аға буынды құрметтеу күнін тойлау шеңберінде кафедраның бұрыңғы лаборанты Назипа Жакупбаековна Кукшебаеваға шын жүректен алғыстарын айтып, сыйлық тапсырды.

Н.Ж. Кукшебаева Семей қаласының тұрғыны, 03.02.1949 жылы туған. Сол жақта әкімшілік мекемеде ұзақ жылдар бойы абыроймен қызмет етті. Назипа ханым 2000-ші жылдың бас шенінде ел ордамыз, бұрынғы Астана, қазіргі Нұр-Сұлтан қаласына қоныс аударды. Міне, сол кезден бастап «Астана медицина университеті», «профилактикалық медицина және тағамтану» кафедрасына лаборанты болып жұмысқа тұрды. Ол осы барыста белсенді жұмыс жасап көзге түсті. Кафедраның барлық құжаттарын жасау барысында өте мұқият хаттап, көптеген игі іс тындырды. Сондай-ақ кафедра қызметкерлерімен мәдениетті түрде қарым-ақтынас орнатып, үлкен-кіші мейірімділік жасап, басқаларға үлгі болды. Сондықтан да ол кісіні ұжымдағы барлық адам сыйлайтын.

Кукшебаева ханым кафедрада жұмыс жасап жүріп, зейнетке шықты. Ол кісіні ұжымдағы қызметкерлер мереке-мейрамдар да құттықтап, денсаулығын сұрап аман-сәлем жасап тұрады. Қарттар күніне қарай Назипа ханымға мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр тілеп, мерекемен тағы да құттықтадық.

Ізгі тілекпен «Профилактикалық медицина және тағамтану» кафедрасының ұжымы

WhatsApp Image 2021-10-01 at 15.23.56.jpeg WhatsApp Image 2021-10-04 at 13.39.34.jpeg

Возврат к списку