ҚҰРМЕТТІ РЕЗИДЕНТТЕР!

27.09.2021

Академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Н.И.Пирогов атындағы Ресей ұлттық зерттеу медициналық университетінде (Мәскеу қ.) келесі бағыттар бойынша оқу үшін конкурс жарияланады:

Оқу мерзімі: 2021 жылғы  15-26 қараша

1. Жұқпалы аурулар - 2 оқу жылы, 2 орын

2. Дерматовенерология - 1 оқу жылы, 1 орын

3. Сәулелік диагностика - 2 оқу жылы, 1 орын *

4. Балаларды оңалту - 2 оқу жылы, 1 орын

5. Акушерия және гинекология - 2,3 оқу жылы, 2 орын **

6. Балалар хирургиясы - 1,2 оқу жылы, 1 орын

7. Балалар офтальмологиясы - 2,3 оқу жылы, 1 орын

8. Ересектер бет-жақсүйек хирургиясы - 1,3 оқу жылы, 1 орын

9. Ересектер урологиясы және андрологиясы - 1 оқу жылы, 1 орын

 

 

Шақырушы жоғары оқу орны жатақхана және күніне бір рет түскі ас ұсынады.

Резиденттердің есебінен жол жүру ақысы, ПТР -тест.

 

Ескертпе

* Сәулелік диагностика кафедрасының (РҰЗУ) талабы бойынша ПТР тест анализдің бағасы 2000-2500 мың рубльді құрайды, 2 ПТР тестін тапсыру қажет болады (аптасына бір рет).

 

** Акушерия және гинекология кафедрасының клиникаларында жұмыс істеу үшін, вакцинация сертификатынан басқа, толық тексерістен өту талап етіледі (тізім қоса тіркелді) және келген кезде SARS-COV-2 анықтау үшін жаңадан ПТР тест болуы тиіс:

- флюорография \ Кеуде қуысы ағзаларының компьютерлік томографиясы

- диаскин тесті

- ADSM вакцинациясы (ревакцинация әрбір 10 жыл сайын)

- В вирустық гепатитіне қарсы вакцинация (әрбір 5 жыл сайын ревакцинация)

- қызылша (антиденелер немесе вакцинация)

- қызамық (антиденелер немесе вакцинация)

- АИТВ, мерез, В және С гепатитін анықтау үшін  қан тапсыру (теріс нәтиже болуы тиіс)

- келгеннен кейін COVID-19 анықтау үшін ПТР тест

- COVID-19-ға қарсы вакцинация

 

КОНКУРСҚА  ҚАТЫСУ ҮШІН ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР:

 

1. Академиялық қарыздың болмауы;

2. Тәртіптік жазаның болмауы;

3. GPA деңгейі 2,67 -ден төмен болмауы тиіс;

4. Паспорт;

5. COVID-19 вакцинация сертификаты.

 

 

ӨТІНІМДЕР 27.09 - 06.10.2021 ж. Интернатура мен резидентура орталығында

қабылданады.

 


Возврат к списку