TPCBL білім беру технологиясының презентациясы өткізілді

27.09.2021

2021 жылғы 23 қыркүйекте «Астана медицина университеті» КеАҚ қалыпты физиология кафедрасында, қалыпты физиология, қалыпты анатомия және хирургиялық аурулар кафедраларымен бірлесіп әзірленген TPCBL (theory, practice and clinic based learning) білім беру технологиясының презентациясы өткізілді.

Бұл жаңа, бірегей әдістеме – теориялық, практикалық және клиникалық дағдыларды біріктіруге негізделген оқыту түрі болып табылады. Осы әдістің негізінде «Жалпы медицина» мамандығының 3 курс студенттеріне «Тыныс алу жүйесінің анатомиясы және физиологиясы, пневмоторакс кезіндегі хирургиялық тактика» тақырыбында біріктірілген сабақ өткізілді.

Әдіс авторы, қалыпты физиология кафедрасының меңгерушісі, профессор Хамчиев К.М., адам анатомиясы кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.д., профессор Алмабаева А.Ы., кардиоторакальды хирургия және бет-жақсүйек хирургиясы курстарымен хирургиялық аурулар кафедрасының ассистенті Чекаев Р.А., арнайы қонақ, қоғамдық денсаулық және гигиена кафедрасының меңгерушісі, доцент Сулейменова Р.К. студенттер және оқытушыларға құттықтау сөз сөйледі. TPCBL әдісімен сабақты қалыпты физиология кафедрасының профессоры, м.ғ.к. Ибраева С.С., б.ғ.к., профессор Рахимжанова Ж.А., оқытушы Жиенгалиева А.К., кардиоторакалды хирургия және бет-жақсүйек хирургиясы курстарымен хирургиялық аурулар кафедрасының ассистенті Абсатирова В.К., адам анатомиясы кафедрасының профессоры, м. ғ. к. Жаналиева М.К., м. ғ. к., профессор Сулейменова Ф.М., аға оқытушы Сагимова Г.К. жүргізді. Осындай сабақтарды қоғамдық денсаулық және гигиена, ішкі аурулар және т. б. кафедралармен бірлесіп өткізу жоспарлануда.

DSC05769.JPG DSC05775.JPG

DSC05745.JPG

Возврат к списку