2021 жылдың ең үздік студенті

23.07.2021

«Астана медицина университеті» КеАҚ қоғамдық денсаулық және менеджмент факультетінің «Қоғамдық денсаулық» мамандығы бойынша білім алушысы Нұрғалиева Әлия Нұрисламқызы Жас ғалымдардың халықаралық ассосациясының ұйымдастыруымен өткен «ІІІ Халықаралық кітаптар баспасы» атты жобаға қатысып, І дәрежелі дипломмен марапатталды және «2021жылдың ең үздік студенті» номинациясын, сонымен қатар білім, ғылым, спорт және мәдениет салаларына қосқан үлесі үшін «2021 жылдың – Тәуелсіз мемлекеттер қауымдастығының ЕҢ ҮЗДІК СТУДЕНТІ» медалін иеленді.

Біз Әлияны құрметті атағымен құттықтаймыз және оған шын жүректен денсаулық, сәттілік және одан әрі биік белестер тілейміз! Алда тағы осындай марапаттар мен сәтті жобалар көп болсын!

Возврат к списку