2021 жыл түлектерін құттықтаймыз!

09.07.2021

Астана медицина университетінің ерекше мақтанышы – түлектері. Тарихы басталғалы бері елодралық медицина ЖОО 23 015 дарынды денсаулық сақтау қызметкерлерін дайындап, шығарды. Биылғы жылы «АстМУ» КЕАҚ-ты 1022 жас маман бітірді, оның ішінде 81 түлек үздік дипломға ие болды.

Өкінішке орай, биылғы жылы университет эпидемиологиялық жағдайға байланысты дипломды табыстау салтанатын ресми түрде өткізе алмады, дегенмен біз түлектеріміз үшін әрдайым қуанып, оларды мақтан тұтамыз. Енді олар өз біліктіліктеріне сәйкес жұмысқа орналасады: мейіргерлер, жалпы тәжірибелік дәрігерлер, отбасылық дәрігерлер, терапевтер, хирургтар, фармацевттер, стоматологтар және т.б.

Тағы бір маңызды жаңалық – ағылшын бөлімінің шетелдік студенттерінің алғашқы бітіруі. Үндістан Республикасынан биыл 54 жас маман оқуларын аяқтады, оның 2-уі қызыл дипломмен. Енді олар біздің университеттің дипломын растап, MCI Үндістан медициналық кеңесінің халықаралық сынынан өтуі керек. Біз олардың әр қайсысы білімін растап, өз Отанында немесе шетелде оқуларын жалғастыра алады деп сенеміз.

Мереке кейіпкерлерін дипломдарымен құттықтай отырып, оларға одан әрі биік шыңдар, сәттілік және ақ жол тілейміз!

DSC04388.JPG DSC06868.jpg

IMG_3677.JPG DSC03812.JPG

DSC_0088.JPG photo_2021-07-09_17-07-45.jpg

IMG_3672.JPG IMG_3673.JPG

Возврат к списку