Біздің мақтаныш!

28.06.2021

2021 жылы «БҰҰ халықаралық араб жастарының моделі (AYIMUN)» бүкіләлемдік конференциясында Қазақстан атынан Мейіргер ісі факультеті деканатының маманы Мақпал Мамырбекова қатысатындығын қуана хабарлаймыз.

М. Мамырбекова – полиглот, халықаралық жобалардың қатысушысы және қоғамдық белсенді. Біздің университетте осындай талантты және жан-жақты жастардың жұмыс істейтініне мақтанамыз! Мақпалға биік шыңдар, алға қойған мақсаттарының орындалуын және конференцияда сәттілік тілейміз.

Анықтама:

БҰҰ халықаралық араб жастарының моделі (Arab Youth International Model United Nations) – бұл Біріккен Ұлттар Ұйымының модельдеу бойынша конференциясы және бүкіл әлемде жағымды өзгерістер жасап, бейбітшілікті орнатуға арналған келіссөздерді өрістету үшін жастардың үлкен мүмкіндігі. AYIMUN делегаттарды және болашақ көшбасшыларды көтеріліп жатқан жаһандық мәселелер бойынша пікірталасқа шақырып, проблемаларға жауап ретінде іс-шараларды ұсынуда ынтымақтастыққа шақырады.


Возврат к списку