«Теориялық пәндер бойынша коммуникативтік дағдыларды дамыту» тақырыбында онлайн семинар

28.06.2021

ЖАОК платформасында (жаппай ашық онлайн курстар) өткен «Теориялық пәндер бойынша коммуникативтік дағдыларды дамыту» тақырыбында онлайн семинар аяқталды. Семинарды Медицина негіздері кафедрасының аға оқытушысы Сатыбалдина Макпал Балтабаевна өткізді. Аталған семинарда оқытушылардың психологиялық-педагогикалық мәдениеттің деңгейін көтеру, «эмоционалды күйреу синдромының» алдын-алу және де оқу-тәрбие процесінің қатысушыларымен жеке тұлғаға бағытталған өзара әрекеттесу негіздерін қалыптастыру сынды мәселелер қарастырылды. Семинардың мақсаты – оқытушының коммуникатвитік дағдысын, кәсіби мәдениетін және оның шығармашылық әлеуетін қалыптастыру.

Семинарды ұйымдастырушы – Білім беру және қашықтықтан оқыту технологияларын трансферттеу орталығы.


Возврат к списку