АҚЫЛМАНДАР КЕҢЕСІ

23.06.2021
22 маусымда Астана медицина университетінің бас ғимаратында «Ақылмандар кеңесі» ақсақалдар кеңесі мәжіліс залының салтанатты ашылуы өткізілді. Іс-шараға құрметтң қонақтар ретінде ҚР ДСМ Қоғамдық кеңесінің төрағасы Надежда Михайловна Петухова, ҚР ДСМ Ғылым және адами ресурстар департаментінің директоры Гүлназ Нурсолтанқызы Таңатарова, «АстМУ» КЕАҚ ректорының м.а. Маржан Аманғалиқызы Даулетьярова, қаржы-экономикалық және әкімшілік жұмыс жөніндегі проректор Қайрат Боранқұлұлы Иманберді, және, әрине, біздің құрметті профессорларымыз Ерболат Дербісәліұлы Даленов, Райс Қажкенұлы Төлебаев, Раушан Ибжанқызы Рахымжанова шақырылды.
Лента қию рәсімі Альма Матеріміздің түлегі Надежда Михайловнаға және оның оқытушы-тәлімгері, ЦММУ алғашқы түлегі Ерболат Дербісәліұлына ұсынылды. Олар университетке сәттілік пен биік белестер тіледі.
Астана медицина университетінде Ақылмандар кеңесін құру туралы бастама кездейсоқ туындаған жоқ. Біз Қазақстанның денсаулық сақтау және медициналық білім беру жүйесін дамытуда ұзақ жолдан өткен адамдардың тәжірибесін бағалаймыз. Бүгін университет тарихында бірінші рет осындай орган құрылды және оның кәсіби мереке Медицина қызметкерлері күнінде пайда болғанына қуаныштымыз.
Бүгінгі таңда елдегі жағдайды біліп, түсінетін адамдармен болашақ дәрігерлерді даярлауға, жалпы Университеттің өміріне қатысты мәселелерді талқылау қажет.
Кеңес төрағасы Ерболат Дербісәліұлы: «Ақылмандар кеңесі – бұл университеттің барлық ардагерлерін біріктіретін алқалы кеңесші орган, оның басты міндеті – университеттің басшылығына, оқытушылары мен студенттеріне «АстМУ» КЕАҚ-тың оқу, ғылыми және клиникалық әлеуетін одан әрі дамыту туралы кеңестер мен ұсыныстар беру. Біз Бейбітшілік көшесі 49А мекенжайы бойынша сейсенбі және бейсенбі күндері сағат 10:00-ден 12:00-ге дейін кездесуге ниет білдірген адамдарды қуана қабылдаймыз», - деп атап өтті.

photo_2021-06-23_15-47-19.jpg

Возврат к списку