Студенттердің басқа ЖОО-дан ауысуы және «АстМУ» КеАҚ-та оқу үшін қайта қабылдануы

02.07.2020

«Астана медицина университеті» КеАҚ-та (бұдан әрі – «АстМУ» КеАҚ) жазғы демалыс кезінде басқа университеттерден студенттерді ауыстыру және оқуға қайта қабылдау жүргізіледі:

- бакалавриат 2020 жылдың 1 шілдесі мен 25 шілдесі аралығында (2-5 курс, барлық факультеттер);

- интернатура 2020 жылдың 1 шілдесі мен 25 шілдесі аралығында (6-7 курс, «Жалпы медицина» және «Стоматология»);

- резидентура 2020 жылдың 1 тамызынан 10 тамызына дейін.

Студенттерді ауыстыру кезінде «АстМУ» КеАҚ оқытудың бағытын, білім беру бағдарламасының бейінін, оқу жетістіктерін, сондай-ақ академиялық адалдықты бұзу жағдайларын ескереді.

Студенттерді ауыстыру және оқуға қайта қабылдау қолданыстағы заңдарға сәйкес жүзеге асырылады:

1. «Тиісті типтегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы №595 бұйрығы;

2. «АстМУ» КеАҚ-тың 2019 жылғы 4 шілдедегі академиялық саясаты, 2019 жылдың 1 қазанына өзгертулер мен толықтырулармен.

Ауысу үшін құжаттар тізімі:

- өзі оқып жатқан ЖОО басшысының атына өтініштің түпнұсқасы (басшының қолымен және мөрімен);

- ҰБТ немесе КТ тапсырғаны туралы сертификаттың көшірмесі;

- білім гранты иегерінің куәлігінің көшірмесі;

- түпнұсқа транскрипт;

- келесі курсқа ауысу туралы бұйрықтан үзінді;

- стипендия тағайындау туралы бұйрықтан үзінді;

- жеке куәлік немесе төлқұжат көшірмесі.

Оқуға қайта қабылдау үшін құжаттар тізімі:

- академиялық анықтаманың түпнұсқасы;

- ҰБТ немесе КТ тапсырғаны туралы сертификаттың көшірмесі;

- жеке куәлік немесе төлқұжат көшірмесі.

Мекенжай/Байланыс: Нұр-Сұлтан қ., Бейбітшілік көшесі 49а, www.amu.kz;

Қоғамдық денсаулық және менеджмент факультеті: 215-кабинет, эл. пошта: baimagambetova.a@amu.kz, тел. 8-7172-53-94-58.

Медицина факультеты: 205-, 207-кабинет, makhambetov.k@amu.kz, тел. 8-7172-53-94-37, 8-7172-53-94-40.

Стоматология факультеті: 208-кабинет, эл. пошта: karibzhanov.a@amu.kz, тел. 8-7172-53-94-34, 8-7172-53-95-72.

Мейіргер ісі факультеті: 408-кабинет, mukhamedyarova.a@amu.kz, тел. 8-7172-57-78-96.

Фармация факультеті: 209-кабинет, pharmacy.amu.kz@yandex.ru, тел. 8-7172-53-94-32.

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру орталығы (интернатура / резидентура), 211, 212-кабинет, internymua.2020@gmail.com, тел. 53-94-45, моб. +7 701 353 9308.


Возврат к списку