Шахматтан онлайн-турнирдің нәтижелері

01.06.2020

2020 жылғы 30 мамырда Спорттық медицина орталығы мен Спорт клубы Ұлы Жеңіс мерекесінің 75 жылдығына арналған Университеттің қызметкерлері арасында шахматтан ашық онлайн турнир өткізді. Бұл алғаш рет https://lichess.org платформасында өткізілген онлайн турнир болды.

Барлығы 9 адам қатысты, бұл біздің онлайн турнирді өткізудегі алғашқы тәжірибеміз, біз үнемі жаңашылдыққа тырысамыз! Келесі жолы қатысушылар саны көп болатынына сенеміз!!!

Турнир нәтижелері бойынша:

1 орын – спорттық медицина, қалпына келтіру және дене тәрбиесі кафедрасының оқытушысы Есеева Айбарша Ахметжанқызы;

2 орын – Спорттық медицина, қалпына келтіру және дене тәрбиесі кафедрасының оқытушысы Аубакирова Тамара Советханқызы;

3 орын – Онкология кафедрасының лаборанты Оспанов Асқар Аманболұлы.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз және қатысқаны үшін баршаңызға алғыс айтамыз!


turnir.jpg

thumb_633786_program_screenshoot_big.png

Возврат к списку