Университетімізге білім беру бағдарламаларын бағалу мақсатында АРТА сарапшылары келді

01.06.2020

28-30 мамыр аралығында Астана медицина университетіне он білім беру бағдарламасына сыртқы бағалау жүргізу үшін Тәуелсіз аккредиттеу және рейтинг агенттігінің (АРТА) мамандары келді:

- 6В10101 «Мейіргер ісі»,

- 6В10114 «Эрготерапия»,

- 6В10115 «Кинезитерапия»,

- 7M10103 «Қоғамдық денсаулық сақтау»,

- 7M10104 «Фармация»,

- 7M10105 «Денсаулық сақтау саласындағы менеджмент»,

- 8D10102 «Медицина»,

- 8D10103 «Қоғамдық денсаулық сақтау»,

- 8D10104 «Фармация»,

- 8D10101 «Мейіргер ісі туралы ғылым».

Сарапшылардың сапары бағдарламаға сәйкес ректормен, проректорлармен, аккредиттелген білім беру бағдарламаларының (БП) жетекшілерімен, құрылымдық бөлімшелер басшыларымен және университеттің аккредиттелген БП кафедраларының меңгерушілерімен ресми кездесуден басталды. Келесіде университет кафедраларына визуалды тексеру жүргізілді, оның барысында сарапшылар магистратура және докторантура орталығын; Мейіргер ісі факультетін; Білім беру қызметін ұйымдастыру және сапасын бақылау бөлімін; Оқу процесін жоспарлау, ұйымдастыру және бақылау орталығын; Тіркеу орталығын; Басылымдарды, кітапханалық әдебиеттерді және университет мұражайын қолдау орталығын; Симуляциялық орталықты; Биостатика, биоинформатика және ақпараттық технологиялар кафедраларын; Радиобиология және радиациялық қорғау институтын; Білім беру технологияларын беру орталығы және студенттермен байланыс бөлімін тексерді. Сонымен қатар, АРТА сыртқы сараптау комиссиясы университеттің клиникалық базалары мен жатақханаларында болды.

Үш күндік сапары барысында сарапшылар оқу және ғылыми процесті ұйымдастыруға, оқу бағдарламалары мен білім беру бағдарламаларының оқу материалдарына талдау жүргізді. Сараптаманы жүргізу тапсырылған құжаттарды тексеруге, анкеталар мен оқытушылармен кездесулерге, түлектермен, студенттермен және жұмыс берушілермен онлайн кездесулерге негізделген.

Сыртқы сараптау комиссиясының қорытындылары бойынша Аккредиттеу кеңесі келесі шешімді қабылдайды:

- аккредиттеу:

- 1 жыл – жалпы критерийлер сақталуы керек, бірақ кемшіліктер мен жетілдірудің мүмкіндіктері болған кезде;

- 3 жыл – жалпы оң нәтижелерімен, бірақ біршама кемшіліктерімен және жетілдіруге мүмкіндіктері бар;

- 5 жыл – жалпы оң нәтижелермен.

- аккредиттемеу.

photo_2020-06-01_17-31-06.jpg DSC_0038.JPG


DSC_0123 (1).JPG DSC_8640.JPG


Возврат к списку