Қоғамдық денсаулық сақтау бойынша онлайн-семинарлар

26.06.2020

Біздің стратегиялық серіктесіміз Вильнюс университетінің (Литва, Қоғамдық денсаулық сақтау институты) қатысуымен 2020 жылдың 25-26 маусымы аралығында Қоғамдық денсаулық сақтау кафедрасының ұйымдастыруымен (кафедра меңгерушісі Әсия Қайырбайқызының жетекшілігімен) студенттерге арналған онлайн семинарлар өткізілді. Тыңдаушылар: Қоғамдық денсаулық сақтау мамандығының студенттері, магистранттары және докторанттары.

Дәріскерлер Вильнюс университетінің жетекші профессорлары болды:

25 маусым – Ausra Berzanskyte, «Сапалы зерттеулерге кіріспе» (денсаулық сақтау шеңберіндегі әлеуметтік құбылыстарды зерттеу, адамдардың белгілі бір немесе басқа мінез-құлқының себептері, тәжірибе, мәдениеттің дамуы, әлеуметтік топтар арасындағы айырмашылықтар және т.б.);

26 маусым – Marija Jakubanskine, «Қазіргі қоғамдық денсаулық сақтау» (денсаулық сақтау саласындағы қазіргі заманғы мәселелер, жұқпалы және жұқпалы емес аурулармен байланысты жағдайдың өзгеруі, денсаулық сақтау қызметтерінің мақсаттарының өзгеруі, денсаулық ұғымын анықтауға заманауи көзқарастар, денсаулықтың детерминанттары, ерлер мен әйелдердің денсаулық жағдайлары және т.б.).

Семинарлар мазмұнды және жемісті болды, сол үшін біз профессорлар мен ұйымдастырушыларға алғысымыз үлкен. Студенттерге «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығын оқып жатқандығын, осы мамандық шеңберіндегі белсенді іс-әрекет қоғамның тұрақты әл-ауқатының негізі екенін түсіндіру маңызды!

Снимок 3.PNG 9.PNG


Возврат к списку