Құрметті Сенат мүшелері!

03.06.2020

Сенаттың келесі отырысы 2020 жылдың 9 маусымында өтеді. Өтетін орны – бас ғимараттың мәжіліс залы, уақыты – сағат 15.00-де.

Күн тәртібі:

1. Университеттің 2019 жылғы қаржы-шаруашылық қызметі туралы есебі. Спикер – Иманберди К.Б., экономика жөніндегі проректор.

2. Резидентураға емтихан тапсыру үшін қашықтықтан құжаттарды қабылдауды ұйымдастыру ережесін қарау және бекіту. Спикер – Аипов Р.Р., клиникалық жұмыс жөніндегі проректор.

3. 2020 жылғы 17 тамыздан бастап жаңа оқу жылына дайындық туралы. Спикер – Жақсылықова Г.А., оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі проректор.

4. Университеттің оқытушы-профессорлық құрамы мен қызметкерлерін аттестаттау рәсімін тоқтату туралы. Спикер – Жақсылықова Г.А, оқу-тәрбие ісі жөніндегі проректор.

5. Теориялық және клиникалық пәндердің практикалық бөлігін арттыру туралы. Спикер – Жақсылықова Г.А., оқу-тәрбие ісі жөніндегі проректор.

6. Электронды кітап қорымен қамтамасыз ету туралы. Спикер – Дәулетьярова М.А., ғылыми жұмыс жөніндегі проректор.

7. Профессор-эмерит қызметі туралы. Спикер – Б.Шорнаева, корпоративтік даму бөлімінің бастығы.

Барлықтарыңыздан маска режимін сақтау туралы сұраймыз!


Возврат к списку