«АстМУ» КеАҚ оқытушылары біліктіліктерін арттыруда

17.06.2020

«АстМУ» КеАҚ оқытушы-профессорлық құрамының біліктілігін арттыру бойынша 2020-2021 жылдарға арналған жоспарға сәйкес оқытушылардың цифрлық дағдыларын қалыптастыру және жетілдіру мақсатында университеттің оқытушылары үшін білім беру технологияларын тарату орталығы қашықтықтан оқыту технологияларын қолдана отырып, келесі оқу іс-шараларын ұйымдастырды:

Zoom алаңында «Медициналық білім берудегі PBL-дің инновациялық әдісі» семинары өтті. Дәріскер – Қалыпты физиология кафедрасының меңгерушісі, PBL-жаттықтырушы К. Хамчиев. Семинар 18-22 мамыр (1 ағым) және 25-29 мамыр (2 ағым) аралығында екі ағымда өтті. Осылайша, 25 оқытушы оқу курсын ойдағыдай аяқтап, сертификат алды.

2. Moodle платформасында «Клиникалық пәндер бойынша студенттердің коммуникативтік дағдыларын дамыту» семинары өтті. Дәріскер – Медицина негіздері кафедрасының меңгерушісі, коммуникативтік дағдылар бойынша жаттықтырушы Г. Қуанышбаева. Семинар 2020 жылдың 18-22 мамыр аралығында өтті. Тренингті 7 оқытушы сәтті аяқтап, курсты аяқтағаны туралы сертификат алды.

3. Zoom платформасында «Виртуалды пациенттерді қолдана отырып (проблемалық-негізделген оқыту (DPBL) (базалық курс)» семинары өтті. Дәріс берушілер – №2 отбасылық медицина кафедрасының доценттері, оқытушылар Р. Нурпейісова және М. Жакупбекова. Семинар 2020 жылдың 25-27 мамыр аралығында өтті. Тренингті 11 оқытушы сәтті аяқтап, курсты аяқтағаны туралы сертификат алды.

4. Moodle платформасында мұғалімдерге арналған «Стресске қарсы тұру. Оқытушылардың стрессін алдын-алу» тақырыбында семинар өтті. Дәріс беруші – Медицина негіздері кафедрасының аға оқытушысы, психолог Г. Мусина. Семинар 2020 жылдың 25-29 мамыр аралығында өтті. Тренингті 13 оқытушы сәтті аяқтап, курсты аяқтағаны туралы сертификат алды. Тренинг аяқталғаннан кейін тыңдаушылардан сындарлы кері байланыс алынды, тыңдаушылар лекторлардың кәсіби шеберлігі мен қашықтықтан оқыту жағдайындағы ұйымдастырушылардың жұмысын жоғары бағалады.

5. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында 2020 жылдың 3 ақпанынан 3 маусымына дейін «Қазақ тілін үйрету» қазақ тілі курсы ұйымдастырылды. Бұл курсты өткізу үшін Нұрсұлтан қаласы әкімдігінің тілдерді және мұрағаттарды дамыту басқармасы «Руханият» ҚМУ оқытушылары шақырылды. Тест нәтижелері бойынша 21 оқытушыға сертификат берілді. Тыңдаушылар мұғалімнің оқыту әдістемесін жоғары бағалап, қазақ тілі курсын жалғастыруға ниет білдірді.


Возврат к списку