Талапкерлерге арналған ақпарат

22.06.2020

ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 600 бұйрығымен бекітілген «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидалары» негізінде  жоғары білім берудің «Жалпы медицина», «Педиатрия», «Стоматология», «Мейіргер ісі» білім беру бағдарламаларының топтары бойынша оқуға түсуге ниет білдірген тұлғалар психометриялық тестілеу формасында арнайы бір емтихан тапсыруы қажет.

Психометриялық тестілеуден өту үшін өтініштер күнтізбелік жылдың 20 маусымынан 24 тамызына дейін қабылданады.

Тестілер тұлғаның күйзеліске төзімділігіне, кәсіптік бағдарына және эмпатиялық үрдістердің деңгейін анықтауға бағытталған.

Тестілеу «РҰҚСАТ БЕРІЛДІ» НЕМЕСЕ «РҰҚСАТ БЕРІЛГЕН ЖОҚ» деген формада бағаланады.

Күнтізбелік жылда психометриялық тестілеуден қайта өтуге РҰҚСАТ ЕТІЛМЕЙДІ.

Арнайы емтиханды өткізу қорытындысы рұқсат беру ведомосімен, комиссияның еркін нысандағы хаттамасымен ресімделеді. Комиссия хаттамасына төраға және комиссияның барлық қатысушы мүшелері қол қояды және қабылданған орны бойынша ЖОО-ға ұсыну үшін ведомостан үзінді беріледі.

Ескертпе: Психометриялық тестілеуден білім беру грантын беру конкурсына қатысу үшін өтініш беру басталғанға дейін (ағымдағы жылдың 13 шілдесінен 20 шілдесіне дейін грантқа өтініш қабылдау) және ақылы бөлімге(өтініш қабылдау 5 тамыздан 11 тамызға дейін), ҰБТ-ны қайта тапсырған тұлғалар үшін(ағымдағы жылдың 18 тамызынан 23 тамызына дейін өту қажет. сихометриялық тестілеу нәтижесінсіз сіздің білім беру грантын беру конкурсына және ақылы бөлімге қатысуға құқыңыз жоқ.

Биылғы жылы коронавирус пандемиясына қатысты орын алған жағдайға байланысты арнайы емтихан онлайн форматта өтеді. Тестілеуден өту сілтемесі: http://edu.amu.kz/pstest/


Возврат к списку