Дүниежүзілік ас қорыту күніне арналған конференция өтеді

27.05.2020

Қазақстан Республикасы Гастроэнтерологтарының Ұлттық Ассоциациясы және «Астана медицина университеті» КеАҚ сіздерді Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының қолдауымен жыл сайын «Дүниежүзілік ас қорыту денсаулығы күніне (WDHD) арналған республикалық конференцияға қатысуға шақырады.

WDHD-2020 тақырыбы: Ішек микробиомасы – жаһандық перспектива.

Осы конференция аясында келесі мәселелер талқыланады:

1. Ішек микробиомасы. Оның адам патологиясындағы рөлі туралы қазіргі заманғы идеялар. Гастроэнтерология үшін клиникалық маңызы.

2. Микробиоманың патологиясын диагностикалау мүмкіндіктері мен мәселелері.

3. Қазіргі фармакотерапияның мүмкіндіктері, мәселелері мен болашағы.

Қатысуға гастроэнтерологтар, терапевттер, дәрігерлер, сонымен қатар барлық басқа мамандықтағы дәрігерлер, оқытушылар, резиденттер, магистранттар, докторанттар, клиникалық бөлімдердің интерндері шақырылады.

Конференция модераторлары: проф. Бектаева Р.Р., проф. Бейсенова Н.М.

Спикерлер: проф. Искаков Б.С. (Алматы), проф. Нургалиева Б.К. (Алматы), проф. Ларюшина Е.М. (Қарағанды), асс. проф. Алдашева Ж.А. (Алматы), асс. проф. Алмұхамедова А.Х.

Күні: 2020 жылғы 29 мамыр

Уақыты: 14.30-18.30, тіркелу 13.30-дан

Мекенжай: Бейбітшілік к. 49А, 401-кабинет, 4-қабат, бас ғимарат

Конференция платформасы: Cisco Webex

Қатысу сілтемесі:

https://meetingsemea20.webex.com/join/1WGO

Осы конференция туралы ақпарат – +77756065206 Айымбетова Ардақ.


Возврат к списку