Бакалавриат бағдарламаларына қабылдау бойынша онлайн-трансляция

30.04.2020

Бүгін Астана медицина университетінің Қабылдау комиссиясы университеттің Инстаграмдағы amu_mua_official парақшасында тікелей эфирге шығып, талапкерлермен бакалавриатқа құжаттарды қабылдау ережелері, білім гранты конкурсына қатысу, оқуға түсу баллдары, мамандықтар, академиялық ұтқырлық мүмкіндіктері және т.б. туралы ақпаратпен бөлісті.

Іс-шараның ұйымдастырушылары: Жастар ісі жөніндегі орталық және Медиа-баспасөз орталығы. е-University бас маманы Ж.Өмірбектің техникалық қолдауы үшін рахмет.

Сұрақтарға оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі проректор Г.А. Жақсылықова, Қабылдау комиссиясы жауапты хатшысының орынбасарлары Г.К. Алтынбаева мен Г.Ж. Мамадраимова, сонымен қатар халықаралық ынтымақтастық және академиялық ұтқырлық бөлімінің бас маманы С.С. Жүнісова жауап берді.

Сұрақ-жауап:

1. Медициналық мамандықтар бойынша ең төменгі өту баллы?

65 және одан жоғары балл (грант және ақылы негізде оқу үшін).

2. Психометриялық тестілеу қажет пе? Егер қажет болса, қашан?

Жалпы медицина, стоматология, мейіргер ісі және педиатрия мамандықтарына түсуге ниет білдірушілер үшін психометриялық тестілеуді ағымдағы жылдың 20 маусымынан 24 тамызына дейін өту қажет.

3. Медициналық мамандықтарға қанша грант бөлінеді?

Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина) мамандықтары үшін 2700 грант бөлінді.

4. Білім беру грантын алуға арналған өтінімдер қашан қабылданады?

Құжаттар ағымдағы жылдың 13 шілдесі мен 20 шілдесі аралығында қабылданады.

5. Гранттар нәтижелерін қайдан табуға болады?

Білім гранттары конкурсының нәтижелері республикалық «Казахстанская правда» газетінде, Астана медицина университетінің www.amu.kz сайтында, конкурстық комиссияның жұмысы аяқталғаннан кейін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығының сайтында жарияланады.

2.PNG Снимок.PNG

Возврат к списку