Астана медицина университетінде Медиа студия ашылды

04.05.2020

Бүгін Астана медицина университетінде университеттің білім беру жүйесіне инновациялық технологияларды енгізу мақсатында Медиа студия ашылды. Мұндай студия қазіргі кезде бүкіл ел қашықтан оқыту жүйесіне көшкен кезде өзекті болып табылады. Сонымен қатар, бұл студия 2018-2022 жылдарға арналған «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын, нақтырақ «Инновацияға қабілеттілік» индикаторы бойынша бәсекеге қабілеттілік рейтингіндегі позициясын жақсарту тұрғысынан жүзеге асыруға өз үлесін қосады.

Бұл кеңістік мұғалімдерге бейне-дәрістерді 3D форматында жазуға, виртуалды зертханалар құруға, электронды оқулықтар дайындауға, сол арқылы оқу процестерін жетілдіруге мүмкіндік береді. Студия профессор Курейш Хамчиевтің қатысуымен сынақтан өтті.

Болашақта басқа да оқытушылардың сабақтары жазылады деп жоспарланып отыр, ал сол жоспарды жүзеге асыру үшін Медиа-баспасөз орталығы және Білім беру технологияларын тарату орталығы қызметкерлері барынша көмек көрсетуге дайын.

a5758a45-9755-4a55-a033-4cf83da6578b.jpg e9a517a3-f258-471f-beab-2c69f7df61a8.jpg


Возврат к списку