В.Г. Корпачёв атындағы патологиялық физиология кафедрасында қашықтықтан оқыту

27.04.2020

Өмір мен денсаулықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ COVID-19 таралуын болдырмау мақсатында Астана медицина университетінің студенттері қашықтықтан оқытудың онлайн режиміне өтті. Қашықтықтан оқыту элементтерін кезең-кезеңімен енгізу жоспарланған, COVID 19 сәйкес жарияланған авариялық режим мен карантин жағдайында, В.Г. Корпачёв патологиялық физиология кафедрасы қызметкерлерінің барлық қызмет түрлерінде елеулі өзгерістер қажет болды.

Қашықтан оқытуға көшу студенттер үшін ғана емес, сонымен қатар Университеттің оқытушы-профессорлар құрамы үшін де маңызды сынақ болды.

Қатаң уақыт режимінде тұрған оқытушыларға қысқа мерзімде Moodle платформасында жұмыс істеуді үйреніп, жаңартылған электрондық платформаларға бейімделген тест тапсырмаларының мәліметтер базасын, сонымен қатар студенттерге сабаққа өз бетінше дайындалу үшін қажетті мәліметтер мен дидактикалық материалдарды дайындау керек болды. Шетелдік студенттер арасында оқу процесін қашықтық режимде жүзеге асыру үшін В.Г. Корпачёв атындағы патологиялық физиология кафедрасының оқытушы-профессорлар құрамы барлық ағылшын тіліндегі оқу материалдарының, дәрістердің, ситуациялық тапсырмалардың, тест тапсырмаларының электрондық банкін құрды.

Карантинге байланысты өз елдеріне жіберілген студенттер кафедраның электронды платформаларына толық қол жеткізіп, өздігінен білім алу және өзін-өзі тәрбиелеу қағидаларын іске асырып, онлайн сабақтарға дайындалуда.

«Жалпы медицина» факультетінің студенттеріне Moodle платформасында ағылшын тілінде оқытылатын дәрістерге арналған материалдар, 6 оқулық, глоссарий, «Ағзалар мен жүйелер патофизиологиясы» секциялары үшін қосымша материалдар орналастырылды.

Кафедраның мықты профессорлары м.ғ.д., профессор Ж.Б. Айтбаева және медицина ғылымдарының магистрі, оқытушы М.Ж. Елшенбек осы жұмысқа белсенді түрде қатысты. Оқытушылар сабақтарды жүзеге асыру үшін телеконференциялар (Skype, Zoom, Jitsi Meet негізінде), электронды пошта, WhatsApp чаттары және басқа сабақтарды өткізу үшін оңтайлы және әр түрлі ақпараттық және коммуникациялық технологияларды белсенді және сәтті пайдалануда.

Шетелдік студенттер арасында қашықтықтан оқыту процесінде туындайтын негізгі қиындықтардың арасында мемлекеттер арасындағы Интернет байланысының төмен тиімділігі мен күрделілігін атап өткен жөн. Алайда, патологиялық физиология кафедрасының барлық қызметкерлері оқу процесін қашықтан ұйымдастыруға біраз күш-жігерлерін салып, сол процесті әрі қарай жетілдірумен де айналасуда.

Возврат к списку