«Көп салалы ауруханада медициналық визуализация. Диагностиканың инвазивті емес әдістеріне назар аудару» атты V ғылыми-білім беру онлайн-конференциясы

22.04.2020

2020 жылдың 16 және 17 сәуірінде алғаш рет онлайн форматында Ресей радиологтары мен рентгенологтары ұйымдастырған «Көп салалы ауруханада медициналық визуализация. Диагностиканың инвазивті емес әдістеріне назар аудару» атты V ғылыми-білім беру онлайн-конференциясы өткізілді.

Тегін тіркелудің арқасында Академик Ж.Х. Хамзабаев атындағы радиология кафедрасының барлық қызметкерлері мен білім алушылары конференцияға қатысып, көптеген практикалық мәселелерді талқылауға мүмкіндікке ие болды.

Конференция профессор А. Р. Зубаревті еске алуға арналды. Іс-шара модераторлары:

- Зубарева Елена Анатольевна – м.ғ.д., профессор, Н.И.Пирогов атындағы Ресей ұлттық зерттеу медициналық университетінің ультрадыбыстық диагностика кафедрасының меңгерушісі;

- Сергей Павлович Морозов, – м.ғ.д., профессор, Ресей Федерациясының Орталық федералды округіндегі радиациялық және аспаптық диагностика бойынша штаттан тыс маман, ДТ ДЗМ денсаулық сақтау және қауіпсіздік ғылыми-білім беру орталығының директоры, Мәскеу.

Іс-шараның басты бағыты эпидемия кезіндегі ультрадыбыстық диагностика бөлімінің жұмысы туралы пленарлық пікірталас болды, онда Ресейдегі ультрадыбыстық және сәулелік диагностика жетекшілері қатысты: Морозов С.П., Митков В.В., Ветшева Н.Н., Зубарева Е.А., Дорошенко Д.А., Зубарев А.В., Данзанова Т.Ю., Миткова М.Д.

Компьютерлік томография короновирустық инфекция кезіндегі пневмонияны диагностикалауда сөзсіз таңдау әдісі екендігі, ал ультрадыбыстық әдісті сұрыптау сатысында кеудеге компьютерлік зерттеу жүргізу мақсатында пациенттерді таңдау үшін қолдану керектігі айтылды.

Конференция барысында профессор Сафонов Д.В. «Пневмонияның эхо-семиотикасы: Covid-19 ерекшеліктері» атты презентация жасады.

Практикалық денсаулық сақтаудағы келесі тақырыптар да бойынша баяндамалар жасалды:

· Перифериялық нервтерді зерттеу;

· Бас пен мойынды зерттеу;

· Тамырларды зерттеу;

· Транскраниальды ультрадыбыс.

Жалпы конференцияға көптеген қазақстандық сарапшылар, оқытушылар, білім алушылар, сонымен қатар біздің радиология кафедрамыздың қызметкерлері белсенді қатысты, олар тағы сауалнамаға қатысты, сұрақтар қойып, оларға жауап алды. Радиология кафедрасының меңгерушісі м.ғ.д., профессор Рахимжанова Р.И. ұйымдастырушыларға пайдалы ақпаратты тыңдауға мүмкіндік бергендері үшін алғыс білдірді. Осыған орай іс-шараны ұйымдастырушылар профессор Р.И.Рахимжановаға іс-шараны жоғары бағалағаны үшін рақметтерін айтып, әрі қарай радиологиялық диагностикалық қызметті жетілдіруде ынтымақтастық пен серіктестік қажет екеніне тілек білдірді.

Возврат к списку