Фармация деканатының қашықтықтан практикалық сабақтарды, жазбаша емтихандарды ұйымдастыру және өткізу бойынша онлайн консультациялар өткізуде

22.04.2020

Бірнеше күн бойы фармация деканаты барлық курстардың студенттерімен онлайн-консультациялар өткізуде, онда бітіруші фармацевтикалық пәндер кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы және 5В110300 фармацевтикалық білім беру бағдарламасын жүзеге асыруға қатысатын басқа да кафедралар белсенді қатысады.

Күн тәртібінде практиканың, жазбаша емтихандардың қашықтықтан өту режимінде ұйымдастыру және өткізу мәселелері қарастырылады.

Вебинарларға қатысқан барлық студенттер мен оқытушылардың жоғары белсенділігін атап өту керек. Әр модуль/пән бойынша жауапты емтихан алушы оқытушы презентация дайындайды, онда ол практика немесе емтихан тапсыру кезінде студент үшін нақты әрекеттер алгоритмін ұсынады. Вебинар барысында оқытушылар студенттердің барлық сұрақтарына жауап береді. Студенттерге өз мәселелерін, тілектерін айту мүмкіндігі беріледі. Студенттер қашықтықтан білім алу режимінде оқу процесін ұйымдастыруға түсіністікпен қарайтындығын атап өткен жөн. Олар оқытушыларға вебинар ұйымдастырғаны, кеңестер бергені және академиялық адалдықтың барлық ережелері мен қағидаларын сақтауға дайын екендіктері үшін алғыс білдіреді.

Сіздердің назарларыңызға екінші және үшінші курстар мысалында 2019-2020 оқу жылының көктемгі емтихан сессиясын қашықтық режимінде өткізу тәртібі туралы презентациялар:

- 2 курс


Возврат к списку