«Алты Алаштың айнасы – Хакім Абай» атты онлайн-байқауының нәтижесі

23.04.2020

2020 жылғы 10-22 сәуір аралығында «Астана медицина университеті» КеАҚ Жастар ісі орталығының және «Тұмар» шығармашылық ұйымы төрайымы, «Қоғамдық денсаулық және менеджмент» факультетінің 3 курс-студенті, факультеттің студенттік бірлестік президенті Қараманова Інжудің демеушілігімен ұлы ақын, философ Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған Абай мұраларын насихаттау мақсатында «Алты Алаштың айнасы – Хакім Абай» атты онлайн-байқау өтті. Байқауға 20-дан аса студент белсенділік таныта қатысты.

Байқау шарты бойынша қатысушылар І, ІІ, ІІІ орындар және «Көрермен көзайымы» номинациясы бойынша марапатталды. Нәтижиесінде, жүлделі І орын және демеуші сыйлығы 15 000тг мен университет жейдесі «Жалпы медицина» факультетінің 103-топ студенті Диляра Ергалиеваға, ІІ орын – 10 000 тг және университет жейдесі «Жалпы медицин» факультеті 131-топ студенті Нұртілеу Қосыбайға, ІІІ орын – 5000 тг және университет жейдесі «Жалпы медицина» факультеті 306-топ студенті Әділ Айтуғанға, ал «Көрермен көзайымы» номинациясы және университет жейдесі «Жалпы медицина» факультеті 118-топ студенті Ақнұр Сәрсенге берілді. Барлық қатысушыларға оқу-тәрбие жұмыс жөніндегі прректор Г.Ә. Жақсылықова және Жастар ісі орталығы басшысы Н.Н. Мүсрепов атынан «Алғыс хат» берілді.

Снимок 4.PNG  Снимок 3.PNG

Снимок 1.PNG  Снимок.PNG

Возврат к списку