Мерейтойыңызбен!

21.04.2020

 «Астана медицина университеті» КеАҚ Ішкі аудит қызметінің академиялық жұмыс бойынша аудиторы Ақмарал Қалмаханбетқызы Мұсаханованы шын жүректен мерейтойымен құттықтаймыз!

Университеттің білім беру жүйесінің жағдайы мен нәтижелері қолданыстағы ұлттық және халықаралық нормалар мен стандарттарға сәйкес келуін қамтамасыз ету мақсатында оның білім беру жұмысын тұрақты түрде диагностикалау және бақылау аудиторлар үшін оңай емес міндет болып табылады. Сондықтан, Ақмарал Қалмаханбетқызы, осы шаттық мереке күні қажырлы еңбегіңіз үшін алғыс айта отырып, Сізге мықты денсаулық, шексіз қуат, ұзақ ғұмыр және жұмыста сәттілік тілейміз!



Возврат к списку