Құттықтаймыз!

20.04.2020

Қазіргі әлемдегі, әсіресе дамыған елдердегі, заманауи ақпараттық қоғамдағы медицина ғылымы мен білімі медицинаның дамуына себеп болып, ұлттың, мемлекеттің дамуының негізін құрайды. Университеттегі басты потенциалды тұлға – ғылыми қызметі сапалы дамуға бағытталған студент.

Дарынды студенттердің бірі – Арайлым Қамзабек – Жалпы медицина факультетінің 4 курс студенті, Президент стипендиясының иегері, биохимия, гистология, физиология, биостатистика саласындағы олимпиадалардың жеңімпазы (1-2 орын), сонымен қатар MUISC 2018 MEDNS-тың жеңімпаз (1-орын), Maltepe University Congress, Стамбул, Түркия 2018, көрнекті жетістіктері үшін сертификаттың иегері, Қытайдың Цинхуа университетінде әлемге әйгілі және өте беделді Amgen стипендиаттары бағдарламасының стипендиаты, толық ғылыми зерттеу грантының иегері, 2019 жылғы 1 шілде – 23 тамыз, Цинхуа университеті, Пекин, Қытай.

Арайлым Қамзабекті ғылыми жұмыстарға арналған екі авторлық куәлігімен құттықтаймыз: «Мультицентті мезенхималық бағаналы жасушалардың жедел қан жоғалту жағдайындағы гемопоэз тініндегі гемопоэздің белсенділенуіне әсері», «WeDocs Future TM». Арайлымға оқу, ғылыми және клиникалық қызметте басқа да табыстар тілейміз.

Возврат к списку