Назарбаев Университетінің Әлеуметтік даму қорына көрсетілген қаржылық көмек үшін алғыс айтамыз

17.04.2020

Астана медицина университетінің басшылығы мен студенттері Назарбаев Университетінің Әлеуметтік даму қорының басшылығына Астана медицина университетінің коронавирустың алдын-алуға қатысып жатқан 52 ерікті білім алушыларына көрсеткен қаржылай көмегі үшін үлкен алғыс білдіреді.

Бүгінгі жаһандық төтенше жағдай бізге медициналық қызметкерлердің нағыз батырлар екенін көрсетті. Біздің студенттер де ерекшелік емес, олар дәрігерлермен қатар тәулік бойы COVID-19 күдікті науқастарды қабылдайды және бақылайды, сондай-ақ астананың карантиндік орталықтарында профилактикалық шаралар туралы ақпаратты пациенттерге кеңінен таратады.

Болашақ дәрігерлер ешқандай қаржылай көмекті күтпей, өз міндеттерін орындап келді.

Бүгін медициналық университет қызметкерлерінің бастамасы бойынша: Гүлнар Досхожина, Нұрбек Мүсірепов және Ғылым департаментінің өкілдері, сонымен қатар Назарбаев Университетінің Әлеуметтік даму қоры басшылығының жауаптылығы арқасында біздің студенттеріміз бен интерндеріміз денсаулығына қауіп төндіргені үшін ақшалай сыйақы алды.

Қолдау жастар үшін керемет ынталандыру және университеттер арасындағы ынтымақтастықтың үлгісі болады.


Возврат к списку