Қазақстан Республикасында бекітілген алғашқы көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартына сәйкес 2021 жылдың ақпан айынан бастап «Астана медицина университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – КеАҚ «АМУ») базасында «Алғашқы медициналық көмек көрсету» бойынша семинар-тренингтер өткізілетін болады.
Семинар-тренингтің негізгі мақсаты – алғашқы көмек көрсету бойынша төмендегі тақырыптарға сәйкес практикалық дайындық және базалық іс-шаралар жүргізу:
1) алғашқы көмек көрсетудің тәртібі мен базалық іс-шаралары;
2) базалық реанимация;
3) тыныс жолдарына бөгде дененің түсуі кезіндегі алғашқы көмек;
4) сыртқы қан кету кезіндегі алғашқы көмек;
5) жарақаттар кезіндегі алғашқы көмек;
6) зардап шегушіні тасымалдау;
7) термиялық күйік кезіндегі алғашқы көмек;
8) үсік шалу кезіндегі алғашқы көмек;
9) удың түсу жолына байланысты уланулар кезіндегі алғашқы көмек;
10) талып қалу кезіндегі алғашқы көмек;
11) кеуде тұсының ауырсынуы кезіндегі алғашқы көмек;
12) құрысу кезіндегі алғашқы көмек;
13) шағу кезіндегі алғашқы көмек.
Семинар-тренингті КеАҚ «АМУ» симуляциялық орталығының мүмкіндіктерін қолдана отырып сертификатталған профессорлық-оқытушылар құрамы жүргізеді.
Оқу мерзімі – 36 сағат.
Бір білім алушыға оқу құны – 43200 тенге (1 сағаты – 1200 тенге). Семинар-тренингті сәтті аяқтағаннан кейін белгіленген үлгідегі сертификат беріледі.
Семинар-тренингті ұйымдастыру бойынша сұрақтар болған жағдайда мына мекен-жайға хабарласуларыңызды сұраймыз:
Нұр-Сұлтан қаласы, Бейбітшілік көшесі 49А, 51-корпус, «Астана медицина университеті» КеАҚ, 4-қабат, 407-кабинет.
Байланыс телефоны: 8(7172)539612
Эл. пошта: Bolat_baikadamov@mail.ru
Сот. тлф.: +7 701 400 30 48 – Аскаров Б.С.