Халықаралық қызмет

Университеттің халықаралық қызметі туралы


«Астана медицина университеті» АҚ (бұдан әрі - Университет) әлемдік біліми кеңістікке жалпы еліміздің және денсаулық сақтау саласының халықаралық белсенділігін дамытумен тығыз байланысты, халықаралық қызметті дамыту университеттің алдында жаңа міндеттер қояды.

Халықаралық ынтымақтастық және академиялық ұтқырлық бөлімінің басты стратегиялық мақсаттары (бұдан әрі - Бөлім):

•Халықаралық талаптарға сәйкес білім беру және ғылыми қызметін дамыта отырыпуниверситеттің имиджін Қазақстан Республикасында, сондай-ақ халықаралық деңгейде жоғарылату;

•Университеттің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында, халықаралық қатынастар және іскерлік серіктестіктермен байланысты бекіту, сондай-ақ халықаралық рейтингілерге қатысу.Бұл мақсаттарға жету үшін Қазақстан Республикасындағы шетел елшіліктерімен серіктестікті дамыту үшін белсенді жұмыс жүргізіліп жатыр. Осылайша, Жапония, Италия, Австрия, Германия, Финляндия, Испания, Литва, Латвия, Словения, Польша, Болгария, Түркия, Израиль, Ресей, Украина, Қырғызстан, Өзбекстан, Армения, Оңтүстік Корея, Қытай және Үндістан университеттерімен ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылып, келісім жасалды.

Меморандум жасасу шеңберінде мынадай іс-шаралар өткізіледі:

•Оқыту үшін студенттер мен оқытушылардың барып оқуы, жазғы практиканы және тағылымдаманы өту;

•Университетте дәріс оқу үшін шетелдік оқытушыларды шақыру

•Бірлескен білім беру бағдарламаларын дамыту;

•Өткізіліп жатқан жобалар шеңберінде бірлескен ғылыми зерттеулерді және жобаларды өткізу, ғылыми әдебиетпен алмасу;

•Халықаралық қатысушылармен семинарлар мен мастер-кластарды ұйымдастыру;

•Конференцияларға қатысу, тезистер мен баяндамаларды жариялау, және т.б.


Бөлім Erasmus+ бағдарлама бойынша халықаралық серіктестермен белсенді байланыс орнату үшін жұмыс істейді:

http://www.erasmusplus.kz/index.php/ru/erasmus-ru/about-er