Офис-тіркеуші орталығы

Басшылық

Тілешова Нұргүл Серікқызы

орталық басшысы

Кадрлық құрам

Өтельбаева Айнагүл Төлеуханқызы

бас маман

Зуева Татьяна Александровна

Бас маман

Шайкенова Салтанат Кенжебаевна

Бас маман

Усенова Жанар Алқуатқызы

жетекші маман

Нугушева Дина Альбековна

жетекші маман

Ералиева Гульдана Сабитовна

жетекші маман

Накупова Гульназ Төлеуханқызы

маман

Ауғалиева Сандуғаш Рамазанқызы

маман

Жолдыбаева Гульмира

Маман

Шарафиденова Айман Нурлановна

маман

Құрылу тарихы

Офис-тіркеуші бөлімі білім алушылардың бүкіл оқу барысындағы оқу жетістіктерін есепке алу және тіркеу, білімді бағалаудың барлық түрлерін ұйымдастыруды қамтамасыз ету және білім алушылардың академиялық рейтингтерін есептеу, оқытудың кредиттік технология бойынша білім беру үдерісін ұйымдастыру үшін сектор (бұдан кейін - бөлім) ретінде 2009 жылы ректордың бұйрығымен құрылды. 2018 жылдың қыркүйек айынан бастап оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі проректор жетекшілік ететін Академиялық мәселелер және сапа департаменті құрамындағы университеттің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

Мақсаттар

Кредиттік технология бойынша оқыту жағдайында білім алушылардың академиялық рейтингісін есептеу және олардың оқу кезеңдеріндегі оқу жетістіктерін тіркеуді сапалы түрде жүргізу, білім алушылардың білімдерін ашық түрде бақылау.

Қызмет

- білім алушыларға ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау нәтижелерін тіркеу және бақылау;
- білім алушылардың академиялық рейтингтерін есептеу;
- элективті пәндер каталогін құрастыру үдерісін ұйымдастыру және бақылау;
- білім алушылардың элективті пәндерге жазылуды ұйымдастыру және өткізу;
- академиялық топтар мен білім алушылардың жеке оқу жоспарларын қалыптастыруға көмек көрсету;
- белгіленген нысандағы бірінші курстан бастап оқуды аяқтағанға дейін білім алушыларға оқу пәндері бойынша берілген кредиттер/сағаттарды есепке алу;
- электрондық педагогикалық журналды жүргізу және уақтылы толтыруды, ведомостерді қалыптастыруды бақылау;
- ағымдағы, аралық және қорытынды аттестаттауға қажетті ведомостерді дайындау;
- аралық және қорытынды аттестаттау нәтижелері бойынша жиынтық ведомостарын қалыптастыру және дайындау;
- ағымдағы транскриптті жүргізу және дипломдар қосымшаларын дайындау және рәсімдеу;
- дипломдар қосымшалардың көшірмелерін дайындау және рәсімдеу;
- дипломдар қосымшаларын растайтын анықтамаларын рәсімдеу;
- білім алушылардың үлгерімдері бойынша есептерді қалыптастыру және жіберу;
- бос білім беру мемлекеттік гранттарын беру туралы конкурстық комиссияға ақпарат дайындау;
- жазғы емтихан сессиясы аяқталғаннан кейін студенттерді, академиялық топтарды және факультеттерді GPA бойынша саралау.

Жетістіктер

- электрондық журнал арқылы білім алушылардың үлгерімдерін автоматты түрде бақылауды жүргізу;
- элективті пәндерге онлайн жазылу;
- білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың ашықтығы;
- білім алушылардың «Сириус» порталындағы жеке парақша арқылы өз оқу жетістіктерін болжай алу мүмкіндігі.

Байланыс деректері

Нұр-Сұлтан қ.
Бейбітшілік көш. 49А, 4-қабат, 402, 414
тел.:8(7172)53-95-73, 27-31-90