Жұқпалы аурулар кафедрасы

Басшылық

Кулжанова Шолпан Адлгазыевна

кафедра меңгерушісі
медицина ғылымдарының докторы, профессор, жоғары санатты дәрігер-инфекционист. «Астана медицина университетінің» КеАҚ Сенат төрағасының орынбасары, Нұр-Сұлтан қаласы дәрігер инфекционистер қауымдастығының төрайымы, «Инфекционист дәрігерлер қоғамы» АҚБ мүшесі, Инфекционистер мен клиникалық микробиологтардың Еуразиялық қоғамының мүшесі, Инфекционистердің Еуро-Азиялық қоғамының мүшесі,  ҚМУ КеАҚ «6D110100- Медицина» мамандығы бойынша PhD докторлық диссертацияларды қорғау бойынша диссертациялық кеңестің мүшесі, ҚР IAAR Аккредиттеу орталығының сарапшысы, ҚР-да жұқпалы аурулар бойынша нормативтік-құқықтық құжаттарды әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының, сарапшылар тобының мүшесі. 150-ден астам жарияланымдардың авторы, олардың ішінде 7-уі халықаралық рецензияланатын ғылыми журналадарда жарияланған, қазақ тілінде және орыс тілінде жазылған «Справочник по инфекционным болезням» атты оқулықтың авторы, монографиялардың, 6 оқу құралының, студенттер мен дәрігер инфекционистерге арналған, ҚР БҒМ-де бекітілген 2 әдістемелік ұсыныстың авторы, өнертабысқа ҚР 2 предпатенті, авторлық құқық объектісіне бір куәлігі бар. 
«Денсаулық сақтау ісінінің үздігі» төс белгісімен, «Халық алғысы», «Құрметті түлек» медалымен, құрмет грамотасымен, алғысхаттармен марапатталған. 

Кадрлық құрам

Конкаева Майя Ергалиевна

К.м.н., доцент, завуч кафедры, ответственная за учебно-методическую работу по дисциплине «Инфекционные болезни».

Смагулова Зауреш Кадырбековна

М.ғ.к., доцент, кафедраның оқу ісінің меңгерушісі, «Жұқпалы аурулар» пәні бойынша бакалавриат пен резидентураның мемлекеттік тілде оқу-әдістемелік жұмысына жауапты.

Байбосынов Даулет Мухаметжанович

Аға оқытушы, «Клиникалық эпидемиология» пәніне жауапты оқытушы. Кафедра профоргы

Бейсенбиева Назира Есенбаевна

PhD доктор, кафедра ассистенті, кафедра қызметкерлерінің оқу-зерттеу жұмысына, ЖОТ, СП, ОСКЕ жауапты.

Байгулова Гульдана Биляловна

Аға оқытушы, «Клиникалық эпидемиология» пәні бойынша мемлекеттік тілде оқу-әдістемелік жұмысқа және клиникалық эпидемиология курсының оқу корпусындағы материалдық-техникалық жабдықтарға жауапты.

Ильясов Бауржан Болатович

Аға оқытушы, тәрбие жұмысына және кәсіптік бағдар беру жұмысына жауапты.

Байгенжеева Раушан Кужатовна

Аға оқытушы, «Клиникалық эпидемиология», пәні бойынша ЖОТ енгізуге, СҒЖ жауаты.

Туребаева Гульсимжан Орынбасаровна

Есенова Дана Кайрулаевна

«Клиникалық эпидемиология» пәндерінің аға оқытушысы, Эпидемиология курсы бойынша оқу ісінің меңгерушісі.

Нурахметова Гаухар Ануарбековна

Кафедра ассистенті, «Мейіргер ісі» мамандығына жауапты оқытушы. Кафедра отырыстарының хатшысы. Кафедра тестологы. Сайтта жарияланатын ақпаратқа жауапты

Досжанова Базаркул Пернебеккызы

Лаборант, кафедра қызметкерлерінің жұмыс уақытын есепке алу табелін жүргізуге, құжаттамаларды толтыруға, студенттердің сабаққа қатысуы жайлы ақпараты уақытында тапсыруға жауапты.

Омаргалиева Меруерт Болатовна

Лаборант, кафедраның істер номенклатурасына жауапты, экологиялық және энергетикалық менеджментке жауапты. Moodle платформасындағы жұмысқа, ҚО жауапты.

Құрылу тарихы

Жұқпалы аурулар кафедрасы 1967 жылы құрылған. 1974 жылға дейін медицина ғылымдарының кандидаты, доцент В.П.Осипов кафедраның алғашқы меңгерушісі болды. 1974-1983 жылдары кафедраны доцент И.Н. Гнутов басқарды, 1983 жылы ЦММИ Ғылыми кеңесі кафедраны басқаруды м.ғ.д. И.Ф.Котляроваға жүктеді. 1988 жылдан бастап 10 жыл бойы ұжымды  доцент Е.Н. Колос басқарды. 1999 жылғы қарашадан 2013 жылғы қаңтарға дейін кафедраны м.ғ.д., профессор Алшынбаева Гульнара Укмановна, 2013 жылғы қаңтардан бастап 2014 жылғы ақпанға дейін доцент Имамбаева Гульсара Газизовна басқарды; 2014 жылдың ақпан айынан бастап қазіргі уақытқа дейін кафедраны м.ғ.к., Кульжанова Шолпан Адлгазиевна басқарып келеді. «Астана медицина университеті» КеАҚ Жұқпалы аурулар және клиникалық эпидемиология кафедрасы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ШЖҚ «Көпсалалы медицина орталығы» МКК базасында  (Нұр-Сұлтан қ., Манас көшесі 22/3) және Қабанбай батыр даңғылы, 29/1, Б блогы мекенжайындағы оқу корпусында орналасқан. 

Мақсаттар

- Студенттерді, интерндер мен резиденттерді  жұқпалы ауруларды диагностикалау, емдеу және олардың алдын-алуға үйрету;
- кафедрадағы білім беру процесінің сапасы мен тиімділігін арттыру; 
- кафедра пәндері бойынша оқытудың инновациялық әдістерін енгізу;
- эпидемиологияны, иммунопатогенезді зерттеу, қазіргі кезеңдегі жұқпалы ауруларды диагностикалау мен емдеу бойынша зерттеулер жүргізу, халықаралық ғылыми жобаларға қатысу; 
 - ОПҚ біліктілігін, кафедраның ғылыми әлеуетін арттыру;
- Нұр-Сұлтан қаласының және Қазақстан Республикасының медициналық мекемелеріне консультациялық-әдістемелік көмек көрсету;
- білікті және бәсекеге қабілетті мамандар арқылы емдік-профилактикалық мекемелердің қажеттіліктерін қанағаттандыру;
 - мүдделі тұлғалардың кафедра жұмысына қанағаттану көрсеткіштерін жақсарту;
- инфекционистердің Еуро-Азиялық қоғамының жыл сайынғы халықаралық конференциясына, республикалық және халықаралық конференцияларға, конгрестерге қатысу.

Қызмет

Ғылыми-зерттеу жұмысы иммунопатогенезді зерделеуге және денсаулық сақтау практикасына енгізілген инфекциялық патологиясы бар науқастарды емдеу мен оңалтудың неғұрлым тиімді әдістерін әзірлеуге арналған.
Кафедра қызметкерлері келесі ғылыми жұмыстарды жүргізді: «ҚР аумағындағы шигеллездің клиникалық-эпидемиологиялық сипаттамасы», Созылмалы описторхоздың клиникалық-эпидемиологиялық сипаттамасы және этиотроптық терапияның жаңа тәсілдері», «Ересектердегі паротиттік инфекция мен қызылшаның қазіргі ағымы», «Қазақстанда бруцеллезбен сырқаттанушылықтың эпидемиологиялық ерекшеліктері».
Қазіргі уақытта қызметкерлер келесі ғылыми жобаларға қатысып жатыр: «Описторхозбен ауыратын науқастарды емдеудегі бильтрицидпен салыстырғанда Саусалин препаратының тиімділігі мен қауіпсіздігін рандоминизацияланған зерттеу», «Covid-19 ауыратын науқастарға тән акустикалық жөтел үлгісін анықтау әдістемесі және бағдарламалық қамтамасыз ету», SOLIDARITY ауруханаға жатқызылған COVID-19 ауыратын науқастарды емдеуге арналған препараттардың халықаралық рандомизацияланған клиникалық сынағы, ДДСҰ жобасы: «Қазақстан Республикасында расталған және ықтимал SARS-CoV-2 ауру жағдайлары мен байланыста болғандарды зерттеу хаттамасы». Кафедраның ОПҚ мен резиденттері Нұр-Сұлтан қаласының  КЖО мен ҚФО  «қызыл аймағында» белсенді жұмыс істейді. Кафедрада оқытудың 1 жылындағы 28 резидент, оқытудың 2 жылындағы 8 резидент оқиды.

Жетістіктер

Кафедра қызметкерлерінің ғылыми дәрежелігі – 50% -  медицина ғылымдарының 1 докторы, медицина ғылымдарының 2 кандидаты. 1 – PhD доктор. 2 – медицина магистрі. 
Кафедрада 5 кандидаттық, 2 магистрлік диссертация, 1 PhD диссертация қорғалған.

Байланыс деректері

Нұр-Сұлтан қ., Манас көшесі 22/3 (ШЖҚ КМО МКК)
тел: 57-78-96