2000 жылы Рахимжанова Раушан Ибжановна Қазақ мемлекеттік медицина академиясында сәулелік диагностика және сәулелік терапия кафедра меңгерушісі болды, Астана қаласы.
Рахимжанова Раушан Ибжанқызы-ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Профилактикалық медицина академиясының академигі, медицина ғылымдарының докторы, профессор,Қазақстан радиологиялық қоғамының, маммологтар және «Нет раку груди!» президенті.
2002 жылы профессор Ж. Х. Хамзабаев Денсаулық сақтау министрі Ж. А. Досқалиевтің қолдауымен сәулелік диагностика және сәулелік терапия кафедрасының базасында дәрігерлерді дипломнан кейінгі оқыту үшін сәулелік диагностика курсын ашты, содан кейін №2 дербес радиология кафедрасы болып қайта құрылды, ал кафедра №1 радиология кафедрасы болып өзгертілді.№ 1 радиология кафедрасында профессор Р. И. Рахимжановабасқарды.12 жыл бойы 1-5 курс студенттері, 6-7 курс интерндері және клиникалық ординаторлар оқудан өтті. Сонымен қатар профессор Р. И. Рахимжанова өз оқушылары-магистранттарының, докторанттарының және практикалық медицинадан ізденушілердің ғылыми жұмыстарына жетекшілік етеуде.
2014 ж. профессор Р.И.Рахимжанова №2 радиология кафедрасын басқарып, академик Ж.Х.Хамзабаевтың атын берді, ал № 1 радиология кафедрасын (радиология кафедрасының жаңа атауы) Р.И. Рахимжанованың оқушысы м.ғ.д., ассоцирленген профессор Ж.С.Абрахманова кафедра меңгерушісі болып тағайындалды.Радиология кафедрасындабакалавриат, интернатура және резидентура студенттеріоқытылады.
- жоғары деңгейде оқу және ғылыми-әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру және жүзеге асыру, ғылыми зерттеулер жүргізу, оқытушылардың біліктілігін арттыру;
- кафедраның жоғары моральдық-этикалық мәртебесін қолдау;
- Орындалатын жұмыстардың сапасына әр қызметкердің жауапкершілігін анықтау, кафедра мақсаттарына қол жеткізуге қызметкерлерді барынша толықтарту;
- жоғары кәсіби деңгейде оқу-әдістемелік қызмет көрсету, әлемдік тәжірибеде осы бағытта қол жеткізілген үздік нәтижелерге қолжеткізуге ұмтылу;
- әзірленген МЖБС сәйкес оқу сабақтарын дайындау және өткізу;
- оқу-әдістемелік құжаттарды, құралдарды әзірлеу және шығару;
- аудиториялық оқу сабақтарын өткізу (дәрістер, практикалық сабақтар, семинарлар, зертханалық жұмыстар оқу жүктемесіне сәйкес және ректор немесе оқу ісі жөніндегі проректор бекіткен кестеге сәйкес);
- кафедра қызметкерлерінің біліктілігін арттырудың жыл сайынғы және перспективалық жоспарларын әзірлеу, оларды оқу ісі жөніндегі проректорға бекітуге ұсыну, олардың орындалуын ұйымдастыру және бақылау;
- көрмелер мен конференцияларға қатысу;
- университеттің басқару органдарында және басқа да ұйымдарда кафедра ұжымының мүддесін білдіру;
- аудит (тексеру) процесінде анықталған сәйкессіздіктердің жойылуын бақылауды жүзеге асыру;
- атқарылған жұмыс туралы әр түрлі есептерді құру;
- кафедра қызметінің ерекшелігінен туындайтын басқа да функцияларды жүзеге асыру.
Нур-Султан қаласы
Манаса 17 көшесі
zhanna-ayan74@mail.ru