№2 отбасылық медицина кафедрасы

Басшылық

Латыпова Наталья Александровна

кафедра меңгерушісі
медицина ғылымының докторы
Ақмола мемлекеттік медицина академиясының Емдеу ісі факультетін «Емдеу ісі» мамандығы бойынша 1994 жылы бітірді. 1995-1997жж аралығында АкмолаММА «Ішкі аурулар» мамандығы бойынша клиникалық ординатурада оқыды. 2000 жылы аспирантураны аяқтағаннан кейін Жүктілік кезіндегі бронх демікпесі ағымының ерекшеліктері және бақылау ерекшеліктері» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады. мамандық шифрі 14.00.05- ішкі аурулар. 2010 жылы докторантурадан кейін «Жастарда өкпенің гипоплазиясы және бронхоэктазиясы» тақырыбында докторлық диссертация қорғады, мамандық шифрі 14.00.05- ішкі аурулар. 2000 ж. бастап ассистент содан кейін доцент,  №1 ішкі аурулар кафедрасында профессор.  2015 ж. қыркүйек айынан  отбасылық және дәлелдемелі медицина кафедрасы құрылғаннан бастап кафедра меңгерушісінің міндетін атқарады. «Медицина» мамандығы бойынша Диссертациялық Кенестің, терапевтік және онымен байланысты мамандықтар бойынша ғылыми семинардың, «АстМУ» АҚ этикалық комитеттің мүшесі. Еуропалық респираторлық қоғамының, Америка торакалдық қоғамының, Астана қ. терапевтік қоғамының, Астана қ. респираторлық медицина ассоциациясының мүшесі. 120-дан астам ғылыми басылымының авторы, 2 авторлық  шығарылымы бар, клиникалық нұсқаулықтар, ҚР кәсіптік стандарттары, жол карталары бойынша жұмыс тобының мүшесі Нұр-Сұлтан қаласының ҚДС бөлімінің бас штаттан тыс пульмонологі. Ғылыми қызығушылық бағыты: отбасы медицинасы, терапия, пульмонология.

Кадрлық құрам

Идрисов Алишер Саугабаевич

м.ғ.д., кафедра доценті, оқу ісінің меңгерушісі

Керимкулова Айман Сайлаубековна

м.ғ.к., кафедра профессоры, ғылыми жұмысқа жауапты

Джаксалыкова Куляш Каликановна

м.ғ.д., профессор, СҒҚ және кәсіптік бағдар беру және кәсіби қауіпсіздікке жауапты

Жакупбекова Меруерт Онгарбаевна

м.ғ.к, кафедра доценті, кафедралық жиынның хатшысы

Жусупбекова Ляззат Ибрашевна

м.ғ.к, кафедра доценті, тәрбие жұмысына және кафедра сайтына жауапты

Камалбекова Гульнара Маратовна

PhD, кафедра доценті, әдістемелік қамтамасыз ету нұсқауға және МСҚ жауапты

Нурпеисова Риза Гумаровна

м.ғ.к, кафедра доценті, инновациялық және электрондық ақпараттық ресурстарға жауапты

Маркабаева Акбаян Мейргазыевна

PhD, кафедра доценті, мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізуге жауапты.

Мухамеджанова Айнур Адилгалиевна

м.ғ.к., кафедра доценті

Байтенова Ляйля Нурашевна

ассистент, КІБ және емдеу жұмысына жауапты

Нуркина Динара Алматовна

ссистент, MOODLE бағдарламасына жауапты

Құрылу тарихы

Отбасылық және дәлелдемелі медицина кафедрасы - университеттің ең жас кафедраларының бірі, ҚР денсаулық сақтау жүйесін қайта құруға және медициналық тәжірибеде отбасылық дәрігердің рөлін арттыруына байланысты 2015 жылдың қыркүйегінде құрылды, кафедраны профессор, м.ғ.д., Н.А.Латыпова басқарады. 
2019 жылғы 9 қыркүйектегі «АстМУ» КеАҚ ұйымдық құрылымының өзгеруіне байланысты кафедра атауы № 2 отбасылық медицина кафедрасы болып өзгерді. 
Кафедрада білікті мамандарды даярлаумен байланысты өзекті мәселелерді шеше алатын қабілетті, және ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын жоғары білікті ғылыми-педагогикалық ұжым қалыптасты. Кафедра оқытушылары студенттердің кәсіби білімін, дағдылар мен құзыреттерін қалыптастыру, білім сапасын жақсарту үшін жүйелі түрде жұмыс істейді.

Тапсырмалар

1.    БМСК жүйесінде дəлелді медицина принциптеріне негізделген негізгі медициналық диагностикалық, профилактикалық жəне оңалту шараларын жүргізу, мониторинг жүргізу дағдыларын нығайту;

2.    Пациенттермен, олардың туыстарымен, әріптестерімен науқастың биоэтикалық принциптері мен құқықтарын сақтаумен жұмыс жасағанда интерндер арасындағы қарым-қатынас дағдыларын жақсарту;

3.    Интерндерді үздіксіз кәсіптік даярлыққа, олардың біліктілігін, кәсіби дағдыларын жетілдіруге ынталандыру, ғылыми және тәжірибелік дағдыларын дамытуды жалғастыру.

Мақсаттар

жалпы практика дәрігері (отбасылық дәрігер) маманын дайындау - қажетті білімді меңгеру, БМСК жүйесінде табысты жұмыс істеу үшін практикалық және коммуникативтік дағдыларды меңгеру.

Қызмет

Кафедра оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу және медициналық-кеңес беру жұмыстарын жүргізеді. 
2017 жылдың 1 қыркүйегінен бастап МЖМБС-ның жаңаруына байланысты кафедрада ЖM факультетінің интерндері тағылымдамадан өтуде: 6 курс «Отбасылық медицина» модулі және 7 курс «Жалпы дәрігерлік практика-2» модулі бойынша. 
2016 жылдан бастап кафедра резиденттерді пульмонология бойынша, ал 2019 жылдан бастап отбасылық медицина мамандығы бойынша дайындайды.
1. Кафедра қызметкерлері дәрігер-интерндердің клиникалық дайындығыме қатар емдеу жұмыстарын клиникалық базаларда жүргізеді:
- «Шипагер» отбасылық денсаулық орталығы». Мекенжайы: Рыскулов көшесі, 6/1
- № 2 көпбейінді қалалық аурухана ШЖҚ МКК, Рысқұлов к., 6 
- «№ 10 қалалық емхана» ШЖҚ МКК, Ш.Қосшығұлұлы қ., 8
Сонымен қатар, резиденттерді № 5, № 11, № 8, № 13 қалалық емханалардың базаларында оқытады.
2. Кафедраның емдеу қызметінің негізгі бағыттары:
- науқастарды амбулаторияда қабылдау;
- емханадағы күндізгі стационарда науқастарды қарау;
- емдік диагностикалық мәселелер бойынша дәрігерлерге кеңес беру;
- профессордың  ауруларды қарап өтуі және стационардағы консилиумға қатысуы;
- стационарда КИЛИ терапевтік бейінінің жұмысына қатысу, сондай-ақ өлімге әкелетін клиникалық жағдайларды қарастыру;
- дәрігерлерге арналған семинарлар, дәрістер мен мастер-кластар өткізу;
- амбулаториялық медициналық карточкалар бойынша медициналық қызмет көрсету сапасына, клиникалық зерттеулердің тиімділігіне, есеп-тіркеу жұмысының дұрыс жүргізілуіне тәуелсіз сараптама жүргізу.
Кафедра қала тұрғындарына клиникалық базаларда практикалық емдеу-консультациялық көмек көрсетеді.
3. Кафедраның ғылыми-зерттеу қызметінің негізгі бағыттары:
1) Жүкті әйелдердің экстрагениталдық патологиясы;
2) Жүрек-қантамыр ауруларын диагностикалау және емдеу;
3) Бронх-өкпелік патологиясы бар науқастарды емдеу;
4) БМСК деңгейінде балаларға көмек көрсету.

Жетістіктер

Штат қызметкерлері арасында ғылыми дәрежесі бар оқытушылар 80% - ды құрайды: 3 медицина ғылымдарының докторы, 4 медицина ғылымдарының кандидаты, 3 PhD докторы. Кафедраның барлық қызметкерлері әртүрлі медициналық мамандықтар бойынша санатқа ие: жоғарғы санатты қызметкерлер - 10 адам.
Кәсіби бірлестіктерге мүшелік: 1) Н.А.Латыпова – Gold Member of the European Respiratory Society (ERS),  Member of the American Thoracic Society (ATS), Еуразиялық респираторлық қоғамы, Астана қ. терапевтер қауымдастығының  мүшесі 2) А.С.Идрисов - дәрігер эндокринологтер қауымдастығының мүшесі, тәуелсіз сарапшылар қауымдастығының мүшесі, Астана қ. терапевтер қауымдастығының  мүшесі; 3) А.С. Керимкулова – A Professional Member of the European Society of Cardiology, ID 511995; Member of the ESC Council on Hypertension, ID 511995; A Regular Member of the European Association of Preventive Cardiology (EAPC) , ID 511995; WONCA - World Organization of Family Doctors және Қазақстанның отбасылық дәрігерлер қауымдастығының мүшесі; Ресей кардиологиялық қоғамының мүшесі; 4) Джаксалыкова К.К. – Ресей педиатрлар қауымдастығының  мүшесі, 5) Жүсіпбекова Л.И. - Ресейде терапевтердің ғылыми медициналық қоғамының мүшесі (РНМОТ), Нур-Султан қалалық терапевттер ассоциациясының мүшесі.
Кафедраның екі қызметкері республикалық конкурсқа қатысып, «Университеттің үздік оқытушысы» атағына ие болды (Идрисов А.С., Керимкулова А.С.), бес адам денсаулық сақтау саласының үздігі белгісімен марапатталды (Латыпова Н.А., Джаксалыкова К.К., Керимкулова А. С., Байтенова Л.Н., Жүсіпбекова Л.И.).
Кафедра қызметкерлері халықаралық және ұлттық ғылыми бағдарламаларға қатысады: Эразмус + жобасының аясында «TAME», 2015-2018 жж., БҰҰ ДБ жобасының «Мүгедектікті анықтау үшін балл жүйесін жетілдіру және енгізу, денсаулыққа шектеулерді  ескере отырып, халықаралық жіктемені жетілдіру» 2016-2017 жж., Қазақстан Республикасы ҚР БҒМ жобасы «Коммуникативтік дағдыларды дамыту» 2016 жылдан бастап ж.б., «Корпоративтік басқару, менеджмент және көшбасшылық саласындағы бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау жүйесін жетілдіруге әдістемелік көмек» гранттық жобасы 2019-2021 жж. Қазақстан Республикасында жеке және алдын алу медицинасын енгізу бойынша Ұлттық бағдарлама ғылыми техникалық жобасы.
Кафедра қызмет атқарған жылдары 250-ге жуық жұмыстар жарияланды, олардың 20-дан астамы импакт-фактормен.
Кафедраның ғылыми қызметінің нәтижелері келесі алыс және жақын шетел журналдарында көрсетілген: «Diabetic Medicine» (2013, ИФ – 2,9. Идрисов А.С.); «FASEB Journal» (2014, Камалбекова Г.М.); «Diabetic Medicine» (2014, ИФ - 3.115. Идрисов А.С.); «Human Ecology» (2015, Scopus. Керимкулова А.С., Маркабаева А.М.); «Journal of Hypertension» (3 жазба. 2015, ИФ – 4,5. Керимкулова А.С.); «Nutrition Journal» (2016, ИФ – 2,6. Идрисов А.С.);  «Nutrition & metabolism» (2017, ИФ – 3,28. Идрисов А.С.); «GEORGIAN MEDICAL NEWS» (2017,  Scopus. Керимкулова А.С.); «European journal of public health» (2018, ИФ – 2,782. Маркабаева А.М., Керимкулова А.С.); «Environmental Research» (2018, ИФ – 4,732. Маркабаева А.М., Керимкулова А.С.); «Кардиоваскулярная терапия және  профилактика» 2018, ИФ – 2,982. Керимкулова А.С., Маркабаева А.М.); «Journal of Hypertension» (2018, ИФ – 4, 209. Керимкулова А.С., Латыпова Н.А., Камалбекова Г.М., Маркабаева А.М.); «MINERVA MEDICA» A Journal on Internal Medicine (2019, ИФ – 2,475. Нурпеисова Р.Г., Джаксалыкова Р.Г.);  «Journal of public health» (2018, ИФ – 2,782. Керимкулова А.С., Маркабаева А.М.); «European Heart Journal» (2019, ИФ – 23,425. Керимкулова А.С., Нурпеисова Р.Г., Камалбекова Г.М.) және басқалар.
Кафедра қызметкерлері баяндамаларымен және жарияланымдарымен Ресейде (Мәскеу, Санкт-Петербург, Екатеринбург, Ұлы Новгород), Италияда (Милан), Нидерландыда (Маастрихт), Чехияда (Прага), Испанияда (Барселона), Сингапур халықаралық конференцияларға белсенді қатысады. Республикалық маңызы бар форумдарға, соның ішінде оларды өткізуді ұйымдастыруға да белсене қатысады.
Соңғы 5 жылда кафедра ұжымы 5 оқу-әдістемелік құрал жазып шығарды. Кафедра қызметкерлері - Қазақстан Республикасының клиникалық хаттамаларын, оның ішінде Коронавирусты инффекция хаттамасын  жасауға белсене қатысады.
Кафедра қызметкерлері магистрант, докторант, ЖМ 6-7 курс интерндерімен ҒЗЖ жүргізеді.
Кафедрада студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары кафедра құрылғаннан бері жүргізіліп келеді. Кафедраның СҒҚ студенттердің ғылыми бағыттағы мүмкіндіктерін дамыта отырып жұмыс істейді және жетілдірілуде. Кафедра оқытушылары, интерндер, магистранттар мен докторанттар өздерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін белсенді түрде жариялайды және тек университетішілік, республикалық конференцияларда ғана емес, сонымен қатар ТМД және алыс шетелдердің медициналық университеттерінің конференцияларына (Мәскеу, Санкт-Петербург, Душанбе, Вена және т.б.) қатысады.

Байланыс деректері

Нұр-Сұлтан қ, «Шипагер» отбасылық денсаулық орталығы, 
Мекенжайы: Рыскулов көшесі, 6/1
sdmkafedra@mail.ru