Фтизиатрия кафедрасы

Басшылық

кафедра меңгерушісі

Кадрлық құрам

Құрылу тарихы

Фтизиатрия кафедрасы (1998 – 2002 жылдары фтизиатрия және торакальды хирургия кафедрасы, 2003-2008 жылдары фтизиатрия курсы, 01.10.2008 жылдан фтизиатрия кафедрасы) 1967 жылдан жұмыс істеп келеді. Алғашында кафедра облыстық туберкулезге қарсы диспансер базасында , ал 1978 жылдың тамызынан Целина теміржол туберкулезге қарсы диспансер базасында орналасты. 1996 жылдан кафедра базасы – облыстық туберкулезге қарсы диспансер, қазіргі уақытта қалалық туберкулезге қарсы диспансер.
Кафедраны ұйымдастырушы және бірінші меңгеруші - (1967 – 1971 ж.ж.) м.ғ.д., профессор Станислав Дмитриевич Полетаев.1971 жылдан 1998 жылға дейін кафедраны м.ғ.д. , еңбек сіңірген халыққа білім беру қызметкері, профессор Геннадий Александрович Вядро басқарды.
1998 жылдан 2000 жылға дейін кафедраны м.ғ.д. , профессор Галимжан Боранкулович Ракишев басқарды.

Медицина ғылымдарының докторы,
профессор Г.А.Вядро 2000 - 2001 жылдары кафедра меңгерушісі – м.ғ.д., профессор Владимир Петрович Григоревский.
2001 жылдан 2004 жылдың қаңтарына курсты м.ғ.д. Анатолий Иванович Колос басқарды.
2004 жылдың сәуір айынан осы уақытқа дейін кафедраны Анатолий Алексеевич Бугаков басқарып келеді.
Ұйымдастырылған уақыттан бері кафедрада қызмет етіп келе жатқан ұстаздар: 1978 жылға дейін м.ғ.к. Д.Н.Калачева; 1969 жылдан 1976 жылға дейін м.ғ.д., профессор Г.А.Калиничев; 1970 жылдан 1993 жылға дейін м.ғ.к. Б.А.Плевакин; 1970 жылдан 1998 жылға дейін м.ғ.к. Л.М.Гудым; 1972 жылдан 1980 жылға дейін З.Н.Грицуляк; 1973 жылдан 1999 жылға дейін В.И.Шафеева; 1984 - 1993 ж.ж. доцент В.В.Булгаков; 1995 - 2002 ж.ж. О.Г.Иванова; 1995 - 2004 ж.ж. К.М.Сатинова; 1996 - 2002 ж.ж. А.Д.Панченко; 1999 - 2003 ж.ж. А.Г.Такабаев. Медицина ғылымдарының докторы,
профессор Г.Б.Ракишев Қазіргі күні кафедрада: 1992 жылдан – ассистент, 1995 жылдан доцент, м.ғ.к. А.А.Бугаков, 1993 жылдан бері м.ғ.к. С.Л.Бугакова, 2001 жылдан бері Г.Н.Досхожина және А.А.Жандаркулов, 2004 жылдың сәуір айынан ассистент Рахимжанова Р.С., 2007 жылдың сәуір айынан профессор Р.А.Агзамова, 2008 жылдың қазан айынан ассистент Искакова С.Ф.қызмет етеді.
40 жылдай уақыт ішінде фтизиатрия кафедрасында емдеу ісі, педиатрия, медициналық-биологиялық іс факультеттерінің 13 000 студенті білім алды, клиникалық ординатураны 12 дәрігер, аспирантураны 2 адам бітіріп шықты. 2003 жылдан фтизиатрия бойынша дәрігерлердің білімін жетілдіру факультеті жұмыс істейді.
Кафедра қызметкерлерінің ғылыми жұмыстары: 4 докторлық диссертация қорғалды - С.Д. Полетаев (1968 ж.), Г.А. Вядро (1974 ж.), Г.А. Калиничев (1974 ж.), А.И. Колос (1999 ж.); кандидаттық диссертациялар: Д.Н. Калачева (1971 ж.), З.Н. Грицуляк (1972 ж.), А.А. Бугаков (1992 ж.), С.Л. Бугакова (1999 ж.). 

Байланыс деректері

Телефоны: 358962