медицина ғылымдарының докторы, жоғары санатты дәрігер клиникалық фармаколог, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің тәуелсіз сарапшысы.
2010 жылы медицина ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін 2 мамандық бойынша қорғады: анестезиология және реаниматология; фармакология, клиникалық фармакология.
10 жылдан астам уақыт бойы «Ұлттық медициналық холдинг» АҚ-та және оның клиникасында клиникалық аудитор аға дәрігер клиникалық фармаколог болып, дәрілік терапия бөлімінің басшысы болып қызмет атқарды. Сонымен қатар, Назарбаев университетінің «University Medical Center» корпоративті қоры медициналық көмекті сараптау департаментінде бас менеджер қызметін атқарды.
2012 жылы «Ана мен бала ұлттық орталығында» АҚ-та Дәрілерді қолдану менеджменті бөлімінің JCI халықаралық аккредитация стандартын алғаш рет Қазақстанда дайындау барысына, қабылдауға, алуға қатысты, сондай-ақ ауырсынуды бағалау, антибиотикапрофилактика, веналық тромбоздардың профилактикасы нусқаулықтарының, цитостатиктердің қолдану қауіпсіздігі жобасының авторы.
ҚР ДСМ-нің және НУ Медицина мектебінің клиникалық хаттамаларының, сондай ақ «Клиникалық фармакология» бағыты бойынша медициналық көмек көрсету стандартының әзірлеушісі.
2006 жылы Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің «құқықтану» мамандығы бойынша бітірді.
Израил,Ұлыбритания, Япония, Шотландия, Дания елдерінде білімін жетілдірген.
«Денсаулық сақтау үздігі» медалімен марапатталған.
61 жарияланымы бар, оның ішінде монография – 1; әдістемелік ұсыныс – 1; журнал мақала – 44; патент – 2; тезис – 13.
2019 жылғы қыркүйек айынан бастап, «Астана медицина университеті» КеАҚ клиникалық фармакология кафедрасының меңгерушісі.
Қоғамдық қызметі:
ҚР ДСМ (2017). - Формулярлық комиссияның басшысы
2018 жылдан бастап ҚР ДСМ Сапа жөніндегі біріккен комиссияның формулярлық комитеттің мүшесі және басшысы.
Ғылыми бағыты: анестезиология, антибиотикотерапия және антибиотикопрофилактика, веналық тромбоздар.