№ 2 Балалар аурулары кафедрасы

Басшылық

кафедра меңгерушісі
интернатура бойынша балалар аурулары кафедра меңгерушісі, медицина ғылымдарының докторы, профессор, жоғары біліктілік дәрежелі педиатр, «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау үздігі», «Қазақстанның денсаулық сақтап дамытуға қосқан үлесі үшін» белгілерінің иегері, ҚР Денсаулық сақтау министрлiгiмен берiлген «тәуелсiз сарапшы» куәлiгінің иегері, валидатор және Сапа Бойынша Менеджментiнiң Еуропалық Федерациясының (EFQM)уәкiлі. АҚШ, Ресей, Украина, Өзбекістанда ұйымның сұрақтарына арналған және бiлiм беру процессіндегі сапаны бақылау бойынша білім алған, инновациялық оқыту әдiстердi енгiзуге, медициналық жоғарғы оқу орындарын аккредитациялау, дәлелді медицина негізімен, Халықаралық нефрологтар ассоциациясының мүшесі.  

Қызмет

Интернатура бойынша балалар аурулары кафедрасы түлектерді шығарушы кафедра болып табылады және білім беру қызметін іске асыратын, теориялық және тәжірибелік дайындықтарға ие, кәсіптік біліммен, дағдылармен ерекшеленетін және сапалы білім бере біетін, «Жалпы медицина» мамандығы бойынша «Педиатрия» саласының МББС талаптарына сай мамандарды дайындауға бағытталған.

Кафедра «Жалпы медицина» мамандығының 6 және 7 курс интерндеріне «балалар аурулары» және «амбулаторлы-емханалық педиатрия» пәндерінің негізгі бөлімдері бойынша оқу, методикалық, ғылыми-зерттеу және емдеу-консультативтік жұмыстарды атқарады.

Сонымен қатар, кафедрада «Педиатрия» және «Нефрология, соның ішінде балалар» мамандығы бойынша резиденттерді дайындау және магистратурада «Медицина» 6M110100 мамандығы бойынша оқытады.

Жетістіктер

Оқу үдерісінде кафедра қызметкерлерімен қатар әртүрлі инновациялық дәріс беру әдісі және интерндердің білім және дағдыларын бағалау әдістері енгізілді:

–көптеген тест нұсқаларын таңдау (MSQ);

–объективті құрылымдық клиникалық емтихан (OSCE);

–бағыттап оқыту жағдайында (Case Based Learning - CBL),

–қысқа форматты клиникалық емтихан (miniСEX);

–ұзартылған форматты клиникалық емтихан – науқасты курациялау.

Кафедрада инновациялық оқыту әдісін белсенді енгізуде:

–симуляция тренажер SIM NEW BABY,

–симуляция тренажер және PEDIA SIM,

–модульді клиникалық сценарилер әзірленді.

Халықаралық TEMPUS бағдарламасы аясында кафедра қызметкерлері мәселе –бағдарлық оқыту (PBL) енгізіп және өңдеуде белсене атсалысуда.

Астана қаласында балаларды емдеуге арналған 10 профилактикалық және емдеу ұйымдарында кафедраның оқу-клиникалық базалары бар, атап айтсақ: « Ана мен бала ғылыми орталығы» АҚ, №1 және №2 қалалық балалар ауруханасы, және №2, №4, №8, №9 және «Медикер» МО.

Кафедра меңгерушісінің, медицина ғылымдарының докторы, профессор Мулдахметов М.С жоғары біліктілік дәрежесі бар, ол «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау үздігі», «Қазақстанның денсаулық сақтап дамытуға қосқан үлесі үшін» белгілерінің иегері, ҚР Денсаулық сақтау министрлiгiмен берiлген «тәуелсiз сарапшы» куәлiгінің иегері, валидатор және сапа бойынша менеджментiнiң Еуропалық федерациясы- ның (EFQM) уәкiлі, АҚШ, Ресей, Украина, Өзбекістанда ұйымның сұрақтарына арналған және бiлiм беру процессіндегі сапаны бақылау бойынша білім алған, инновациялық оқыту әдiстердi енгiзуге, медициналық жоғарғы оқу орындарын аккредитациялау, дәлелді медицина негізімен, Халықаралық нефрологтар ассоциациясының мүшесі, 80-нен астам ғылыми жұмыс авторы, жаңалық ойлап табу бойынша 3 авторлық куәлiктері, 4 оқу-әдiстемелiк және ұсынымдары бар.

Кафедраның доцентi м.ғ.к. Исабеков М. Ш. ғылыми зерттеу менеджментінің маманы болып табылады. Ол балалар онкогематологиясына байланысты АҚШ-та ұйым және ғылыми зерттеулердің сапасын бағалау сұрақтары аясында тәжірибе алмасып келген.

Кафедра доценті м.ғ.к. Чехович Г.И. Астана қаласындағы сауықтыруға қабылданбаған балаларға арналған интерндер арасындағы «Қайырымды қолдар» атты волонтерлік қозғалыстың жетекшісі. Сондай-ақ ҚР ДСМ-нің тәуелсіз эксперт ретінде бақылаудың сапасы Комитетінің жұмыстарына белсене атсалысады.

Кафедра ассистенті Митина М.С «Нутриция» фирмасымен бірігіп ерте жастағы балаларды тамақтандыру сұрақтары бойынша Астана қаласының денсаулық сақтау Департаменті бағдарламасының координаторы. Қазақстан Республикасындағы ана мен балаларды қорғау аясындағы ҚР ДСМ-нің нормативті актілерін қайта қарау, ЮНИСЕФ комиссия жұмыстарының мүшесі.

Кафедраның ғылыми қызметі университеттiң ғылыми-зерттеу жұмыстарының орындалуына сәйкес жүзеге асады. 10 диссертациялық жұмыс бойынша ғылыми зерттеулер соның ішінде 2 докторлық және 8 кандидаттық диссертация профессор Мулдахметов М.С. басшылығымен кафедраның қызметкерлері және ізденушілері орындап қорғады.

2015-2016 оқу жылында балалар аурулары интернатура кафедрасы «Балалардағы нутриентті статусын бағалау және коррекциялау» жөнінде студенттік ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді. Конференцияда кафедраның оқытушылары, «Жалпы тәжірибелік дәрігер» мамандығының 6 курс интерндері, 6-7 курстың интердері, «Педиатрия» мамандығының резиденттері, сонымен қатар,бала тағамын өндіруші және медициналық тамақтану өнімдерінің халықаралық компаниялардың өкілдері Humana (Humana), Heinz (Хайнц) және Abbott (Abbott) қатысты.

«Астана Медициналық Университет» АҚ-ң 2016жылдың сәуір айында өткізілген 58 халықаралық студенттік ғылыми-тәжірибелік конференциясында кафедраның оқытушылары, интерндері, резиденттері қатысып, 10 баяндамалар дайындады. Кафедраның интерндері Аубакирова Б., Байдуллаева Д. және резиденттері Таурбекова Б., Хабаева А., Козыбаева Ж. жүлделі орындар алды.

Кафедраның 7 курс интерні Аубакирова Б. «Астана Медициналық Университет» АҚ-ң «Ең үздік түлегі» жылдық байқауна қатысып 1 орын иеленді және Алматы қаласында өткізілген Республикалық интерндер байқауына қатысып, «Ең үздік педиатр» атағына ие болды.

«АМУ» АҚ аккредитациясы барысында EFQMжүйесінің «4 star» және «5 star» номинациясымен халықаралық дәрежеде кафедра өзінің жетістіктерін нақтылап қорғай білді. Кафедра қызметкерлері инновациялық енгізілген әдісті ойлап табу күнделікті қолдануда белсенділік көрсетіп келеді. 

Байланыс деректері

Астана қаласы, №1 қалалық балалар ауруханасы,

Тел. +77012331740.

e-mail: meiram.m@mail.ru