№2 ішкі аурулар кафедрасы

Басшылық

Айнабекова Баян Алькеновна

кафедра меңгерушісі
м.ғ.д. , профессор. 
Кәсіби біліктілігі – дәрігер-терапевт, оқытатын пәндері: пульмонология, нефрология, гематология, кардиология, гастроэнтерология. 
"АстМУ" КеАҚ-тағы жұмыс уақыты мен кезеңі 1979 жылдан осы уақытқа дейін. 
Академиялық тәжірибесі: 2004 ж. – ҰҒМО дипломнан кейінгі білім беру бөлімінің басшысы, 2007-2008 жж. – ТОҒЗИ ғылыми хатшысы, ҚР БҒМ Білім саласындағы бақылау комитетінің клиникалық пәндер бойынша сараптамалық кеңесінің төрайымы (2007-2012 жж.). 2015-2017 жж. - " АстМУ " КеАҚ "Медицина" мамандығы бойынша pHD докторлық диссертацияларды қорғау бойынша Диссертациялық кеңес төрағасының орынбасары. 2018 жылдан бастап-ҚР БҒМ Білім саласындағы бақылау комитетінің медицина жөніндегі сараптамалық кеңесінің төрайымы. 
Айнабекова Б.А. - «Клиническая геронтология» (Ресей, Мәскеу), «Проблемы стандартизации в здравоохранении» (Ресей, Мәскеу), «Астана медициналық журналы» (Қазақстан, Астана) журналдарының редалқа мүшесі. 
Марапаттары мен сыйлықтары – "АстМУ" КеАҚ "Үздік тәлімгер" белгісімен, "ҚР Денсаулық сақтау үздігі", "ҚР ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін", "ҚР Денсаулық сақтау саласын дамытуға сіңірген еңбегі үшін" төсбелгілерімен, ҚР Терапевтер асссоциациясы Президиумының шешімі бойынша 2014 жылы "Раушан" белгісімен марапатталған, бірнеше рет ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің және ҚР БҒМ Құрмет грамоталарымен және алғысхаттарымен марапатталды.

Кадрлық құрам

Рахимбекова Гульнар Аяпбеккызы

Профессор м.ғ.қ.

Бектаева Роза Рахимовна

кафедра меңгерушісі

Альмухамедова Алма Хабировна

м.ғ.к., доцент

Омралина Ельвира Толеумухаметовна

м.ғ.к., доцент

Имангазинова Сауле Сагитовна

м.ғ.к., доцент

Имамбаева Гульсара Газизовна

доцент

Карина Карлыгаш Кыдырмолдаевна

доцент

Айтуганова Алия Тлеутаевна

доцент

Абдахина Баглан Бисултановна

доцент

Садыкова Динара Зейнуловна

м.ғ.к., доцент

Айнабай Аягуль Маратовна

доцент

Аскарова Карашаш Майкеновна

доцент

Избасарова Ирина Анатольевна

ассистент

Шарипханова Гульжанат Хамитовна

ассистент

Тургумбаева Айгуль Бахытовна

ассистент

Адильбекова Бибигуль Болатовна

ассистент

Мейрамова Әсел Мерекеевна

ассистент

Риб Елена Александровна

ассистент

Бикташев Дамир Бралиевич

ассистент

Ешимханова Райхан Муталяповна

ассистент

Смагулов Жаскен Бактыбаевич

ассистент

Иманбаева Нуржамал Дулатовна

доцент

Цой Татьяна Трофимовна

ассистент

Абишева Эльмира Темирлановна

ассистент

Абуова Айгерим Сериковна

ассистент

Бокаева Аида Айдархановна

ассистент

Кусаинова Майра Есетовна

зертханашы

Дутбаева Гульжанат Ерекеевна

зертханашы

Құрылу тарихы

Интернатура және резидентура бойынша ішкі аурулар кафедрасы (қазіргі уақытта №2 ішкі аурулар кафедрасы) 2009 жылы (12.05 2009 ж., №253-н/қ/а бұйрық) құрылды. 2009 жылдан бері профессор, м.ғ.д. Б.А. Айнабекова кафедра меңгерушісі. Кафедра ұжымының құрылуына доцент Г. Т. Садыбекова, ассистент С.В. Трофимова қатысты.



Мақсаттар

 - Өз кәсіби міндеттерін орындай алатын, терапевт дәрігерінің кәсіби құзыретін қалыптастыратын базалық, іргелі медициналық білім көлемін қалыптастыру;

 - Бакалаврлардың, интерндердің және резиденттердің әмбебап және кәсіби құзыреттіліктерді меңгеруін бақылау;

Міндеттері:

–бакалаврдың, интерндер мен резиденттердің әмбебап және кәсіптік біліктілікті меңгеруін бақылау;

медициналық мекемелердің алдыңғы қатарлы білікті мамандарын білім беру процесіне: дәріс оқуға, экскурсия жүргізуге, сабақ өткізуге, клиникалық базаларда мамандықтармен таныстыруға тарту; оқытушыларға денсаулық сақтауды басқару жүйесінде қолданылатын жаңа технологияларға сәйкес оқыту мазмұнын реттеуге көмектесу;

мамандандырылған әртүрлі клиникалық базаларда интерн терапевттің жұмысын ұйымдастыру;

оқу-тәрбие іс-шараларын өткізу: шеберлік сайыстар, ғылыми-практикалық конференциялар және т.б.

Қызмет

Бакалавр, дәрігер интерндерді және резиденттерді дайындау 9 клиникалық базада жүзеге асырылады: Орталық жол ауруханасы, ҚР ІІМ-нің емханасы бар орталық госпиталі, ТО ҒЗИ, №1 қалалық аурухана,№2 қалалық аурухана, №4 қалалық емхана, №7 қалалық емхана, қалалық онкологиялық диспансер, ОжТ ҒО, ҚР Қорғаныс госпиталі.Кафедра қызметкерлері барлық клиникалық базаларда емдеу және кеңес беру қызметін атқарады.

2016-2017 жж .ғылыми қызмет шеңберінде "Әрекет етудің халықаралық жіктемесін, тіршілік-тынысының және денсаулықтың шектелуін ескере отырып, мүгедектікті белгілеудің балдық жүйесін жетілдіру және еңгізу" ғылыми-зерттеу жобасы жүзеге асырылды. МӘҰ және ҚР ДСМ.

Қазіргі уақытта "Өңірдің климат метеорологиялық және экологиялық факторларын ескере отырып, алғашқы медициналық-санитариялық көмек жағдайында негізгі жүрек-қан тамырлары ауруларынан болатын өлім-жітімді төмендету және кешенді алдын алу" жобасы бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. ҚР ДСМ. Ғылыми-зерттеу жобасының мерзімі 2018-2020 ж.ж..

Жетістіктер

Соңғы үш жыл ішінде кафедрада білім алушылар контингенті 2015-2016 ж. 497-ден 2019ж. 1134-ке дейін өсті. Білім алушыларға сауалнама жүргізу мәліметтері бойынша оқытудың сапасы мен тиімділігіне қанағаттанушылық жоғары, 97% - ды құрайды.

Бакалаврларды, дәрігер интерндерді және резиденттерді дайындау 9 клиникалық базада жүзеге асырылады: Орталық жол ауруханасы, ҚР ІІМ-нің емханасы бар орталық госпиталі, ТО ҒЗИ, №1 қалалық аурухана,№2 қалалық аурухана, №4 қалалық емхана, №7 қалалық емхана, қалалық онкологиялық диспансер, ОжТ ҒО, ҚР Қорғаныс госпиталі. Кафедра қызметкерлері барлық клиникалық базаларда емдеу және кеңес беру қызметін атқарады.

Варшава медицина университетімен ынтымақтастық жалғасуда. Адам микробиомасы және ұзақ өмір сүру зертханасымен, Өмір туралы ғылым орталығымен,"National Laboratory Astana" ЖМ, Назарбаев университетімен бірге жұмыс басталды.

Барлық оқытушылар оқытудың белсенді әдістерін және симуляциялық технологияларды пайдаланады,белсенді баспа қызметін жүргізеді.

2019 жылы барлық интерндер терапевтер ҚМА-ның барлық кезеніңде- ИКТ және ОҚКЕ бойынша меңгерген практикалық машықтардан жақсы білімдерін көрсетіп,100% сапалы көрсеткішпен қорытынды мемлекеттік аттестацияны тапсырды. 100 балдық және 5 балдық шкала бойынша орташа балл және ИКТ тапсыру кезіндегі сапалық көрсеткіш -78,95; 3,94; 82,2%-дан 87,15; 4,35; 98,9% - ға дейін айтарлықтай өсті. Сонымен қатар, ОҚКЕ бойынша практикалық машықтар кезеңінде көрсеткіш 95,8% - дан 100% - ға дейін белгіленді.

Соңғы 5 жылда 154 баспа жұмыстары жарық көрді, оның 10 – ы импакт фактормен, 8 оқу құралы, 2 оқулық басып шығарылды. 2 авторлық куәлік, 2 патент алынды. 4 инновациялық технология енгізілді.

Штаттық оқытушылардың ғылыми дәрежелілігі 74,07% құрайды. Кафедраның категориялылығы 82,8% құрайды.

Кафедра "ішкі аурулар" мамандығы бойынша 8 резидент, "Кардиология, соның ішінде балалар кардиологиясы" мамандығы бойынша 14 резидент, "Пульмонология, соның ішінде балалар пульмонологиясы" мамандығы бойынша 7 резидент дайындап шығарды, 9 магистрлік диссертация және 2 РhD диссертациясы қорғалды, "Гастроэнтерология, соның ішінде балалар гастроэнтерологиясы" мамандығы бойынша 12 резидент, "Пульмонология, соның ішінде балалар пульмонологиясы" мамандығы бойынша 6 резидент, "Кардиология, соның ішінде балалар кардиологиясы" мамандығы бойынша 11 резидент, "Жұқпалы аурулар, соның ішінде балалар», "Терапия" мамандығы бойынша 4 резидент білім алып жатыр, 2 магистрлік диссертация және 3 РhD диссертация бойынша жұмыс атқарылуда.


Байланыс деректері

Нұр-Сұлтан қаласы, тел.: +7 701 537 87 79 
e-mail: ainabekova.b@amu.kz