Урология және андрология кафедрасы

Басшылық

Жанбырбекұлы Уланбек

кафедра меңгерушісі
м.ғ.к., доцент

Кадрлық құрам

Жиенбаев Ерсайын Рамазанович

Доцент м.ғ.к.
доцент, медицина ғылымдарының кандидаты. Жоғары санаттағы дәрігер-уролог. ҚР Денсаулық сақтау саласының үздік маманы. 1980 ж. Алматы мемлекеттік медицина институтын тәмамдаған. Клиникалық ординатураны АММИ урология кафедрасында 1981-1983 жж. өткен. 1983-1986 ж. аспирантураны АММИ урология кафедрасында оқыған. 1987 ж. профессор Б.У. Джарбусынов жетекшілігімен «Созылмалы инфекциялық простатиттің емі мен диагностикасы» тақырыбында ғылыми кандидаттық диссертация қорғаған. 120-дан астам ғылыми еңбектері халықаралық және республикалық баспада жарық көрді. 1 оқулық, 3 өнертабыс патенті, 5 рационализаторлық және 2 әдістемілік ұсынысы бар.

Хайрли Гафур Зинурович

м. ғ. д., профессор
урология және андрология кафедрасының бірінші меңгерушісі, медицина ғылымдарының докторы, профессор. Жоғары санаттағы дәрігер-уролог. 2002 жылдан бастап Еуропалық урологтар ассоциациасының мүшесі. 1977 ж. РФ Астрахань мемлекеттік медицина институтын тәмамдаған. 1980-1982 жылдар аралығында Алматы мемлекеттік медицина Институтының ( меңг-проф. Б.У. Джарбусынов) урология кафедрасында клиникалық ординатураны өткен. 1987-1990 жж. аспирантураны Мәскеулік медициналық институтында урология клиникасында академик бірінші Ю.А. Пытел меңгеруімен оқыған. 1990 ж Сеченов атындағы Бірінші ММИ «Әйелдердегі дизурия кезіндегі несеп-қуықтың нейрофизиологиялық өзгерістері» тақырыбында кандидаттық диссертацияны қорғаған. 2 монография, 5 өнертабыс патенті, 17 рацұсыныс, отандық және шетелдік баспада 150 ғылыми жұмысы жарық көрді.

Сущенко Алексей Федорович

ассистент
медицина магистры

Ахметов Данияр Эбенгаббасович

Доцент, м.ғ.к.

Бейсенов Куандык Турлыгулович

Доцент, м.ғ.к.

Кутателадзе Георгий Джонович

ассистент
м.ғ.к.

Нурбердиев Алуадин Мунайлович

ассистент

Шерханов Равиль Таирханович

ассистент
медицина магистры

Войчишин Владимир Владимирович

ассистент

Айнаев Ернур Исабекович

ассистент
медицина магистры

Жапаров Улан Сапиханович

ассистент
медицина магистры

Құрылу тарихы

Урология курсының бірінші меңгерушісі доцент Д.А. Агзамов болды (1972-1996 жж.). 1997-2005 жж. Урология курсының меңгерушісі м.ғ.д., профессор Е.Ж. Енсебаев болған. 2011 ж. «Астана медицина университет» АҚ-та урология курсы урология және андрология кафедрасы болып қайта құрылды. Кафедраның бірінші жетекшісі м.ғ.д., профессор Хайрли Ғафур Зинурович болды. Бүгінгі күні кафедраны м.ғ.к., доцент Жиенбаев Ерсайын Рамазанович басқарып отыр. 

Тапсырмалар

–кафедрада оқу процесін дидактикалық мәселелерді шешуге, сонымен қатар диагностикалық, емдік және клиникалық мақсаттарға арналған заманауи техникалық құралдарды қолданудың кең мүмкіндіктерін ескере отырып ұйымдастыру;

–студенттердің және кәсіби білімді игеруін бақылау;

–оқу процесіне медициналық ұйымдардың алдыңғы қатарлы білікті мамандарын тарту: дәрістер оқу, экскурсиялар, сабақтарды жүргізу, клиникалық базаларда мамандықтарды таныстыру;

–оқытушыларға медицинада денсаулық сақтау басқармасының жүйесінде жаңа технологияларға сай білім беру мазмұнын өзгертуде көмек көрсету;

–түрлі мамандандырылған клиникалық бөлімшелер негізінде студенттер және резиденттердің жұмысын ұйымдастыру;

–оқу-тәрбиелік шараларды өткізу: шеберлік жарыстары, ғылыми-практикалық конференциялар, т.б. 

Мақсаттар

Өзінің кәсіби міндеттерін шеше алатын уролог және андролог дәрігердің кәсіби құзіретін қалыптастыратын негізгі, фундаментальды медициналық білім көлемін қалыптастыру.

Жетістіктер

Урология және андрология кафедрасы мен курсының ұйымдасқанынан бастап әр түрлі уақытта 2 докторлық және 10 кандидаттық диссертация қорғалды. Ғылыми зерттеулер нәтижесінде 140-тан астам ғылым жарияланым жарық көрді, 3 патент рәсімделді, практикаға 15-тен астам жаналықтар енгізуілді. Ғылыми жұмыстың негізгі бағыттары: несеп тас ауруы, зәр шығару-жыныс ағзаларының қабынбалы аурулары, еркек бедеулігі, эректильды дисфункция (Пейрони ауруы) мәселелері.

Студенттердің анкета нәтижелері бойынша білім берудің сапасы мен нәтижелілігіне қанағаттануы 95%-ды құрайды.

Студенттер және резиденттерді, магистранттарды, PhD докторанттарды дайындау 6 клиникалық базада жүзеге асырылады: № 1 қалалық аурухана, Орталық теміржол ауруханасы, ҚР ІІМ емханасының орталық госпиталі, ҚРҚМ бас әскери клиникалық госпиталі, №2 қалалық аурухана, №2 Ақмола облыстық ауруханасы. Кафедра қызметкерлері барлық клиникалық базаларда емдік және консультациялық жұмысты жүзеге асырады.

Кафедра ай сайынғы урологтар және андрологтар қалалық қоғамының отырыстарын өткізуді жалғастыруда. Барлық оқытушылар білім берудің әдістерін және симуляциялық технологияларды қолдануда, белсенді шығармашылық қызметті жүзеге асырып жүр. 2014-2015 оқу жылында 34 ғылыми жарияланым жарық көрді, екі оқу-әдістемелік құрал, бір оқулық шығарылды.

Кафедрада «Урология және андрология, оның ішінде балалар урологиясы» мамандығы бойынша 7 резидент дайындалды, 3 магистрлік диссертация қорғалды. 2 доктарант және 1 магистрант кафедрада білімалуда. 

Байланыс деректері

Астана Қошқарбаев к. 66.

8-701-346-48-09

Yersain52@gmail.com