Сот медицина кафедрасы

Басшылық

Осипов Всеволод Дмитриевич

кафедра меңгерушісі

Кадрлық құрам

Галицкий Франц Антонович

Профессор м.ғ.қ.

Жакенова Гульжан Айдархановна

Доцент, м.ғ.к.

Колосов Юрий Васильевич

Доцент, м.ғ.к.

Макашев Келден Каримович

Доцент, м.ғ.к.

Оспанова Кульжами Есимхановна

Доцент, м.ғ.к.

Мешелева-Бех Радда Валерьевна

ассистент

Садвакасов Турехан Дайкенович

ассистент

Полякова Татьяна Игоревна

ассистент

Дюсенова Алтыншаш Каировна

кафедраның аға зертханашы

Айгозина Гульжан Боранкуловна

кафедраның аға зертханашы

Құрылу тарихы

Сот медицинасы кафедрасы Целиноград мемлекеттік медицина институтында 1967 жылы күзде ұйымдастырылған. Кафедраны қысқа уақыт ішінде сот-медицина зиялыларының алдыңғы өкілдерінің бірі, ірі ғалым, сот дәрігері, медицина ғылымдарының докторы, профессор Сергей Владимирович Шершавкин басқарды.
1969 жылдан бастап 1980 жылға дейін кафедраны Елена Ивановна Зайцева басқарған.
1980 жылдан бастап 1986 жылдың қазан айына дейін кафедраны доцент Юрий Сергеевич Исаев басқарған. Кафедраға Ю.С.Исаевтың келуіне байланысты үлкен педагогикалық қызметтермен қатар ғылыми жұмыстар қарқынды түрде жүзеге асырыла бастады. Нәтижесінде бірнеше кандидаттық диссертация жазылып, бірқатар зерттеулерге авторлық куәліктер алынды.



Кафедра ассистенті
(1971-1981 жж.)
В.В.Васильчиков
1989 жылы ЦММИ-дің кафедралары қайта ұйымдастырыла бастады. Нәтижесінде сот медицинасы мен патанатомия кафедралары біріктіріліп, «Сот медицинасы және патанатомия кафедрасы» деп аталды. А.С.Жакенов сот медицинасы курсының меңгерушісі болып тағайындалды.
1995 жылы доцент Ф.А.Галицкий Мәскеу қаласының Сот-медициналық сараптама орталығында докторлық диссертация қорғаған. 1996 жылы Ф.А.Галицкий кафедра меңгерушісі болып тағайындалды. Сол кезде кафедра сот медицинасы және патанатомия кафедрасы деп аталған.
2005 жылдың қыркүйек айында м.ғ.д., профессор К.Б.Манекенованың жетекшілігімен біріккен сот медицинасы мен патологиялық анатомия кафедрасының құрамынан патологиялық анатомия кафедрасы қайта бөлініп шықты. Ал, сот медицинасы кафедрасы (меңгерушісі − Ф.А.Галицкий) медицина академиясының дербес құрылымдық бөлімшесі болды. 1971 жылдан бастап кафедра сот-медициналық сарапшы дәрігерлерін интернатура бойынша дайындайды. Осы уақыт аралығында 55-тен астам сот-медициналық сарапшы дәрігерлер дайындалған. 1998 жылы кафедра жанында сот медицинасы бойынша аспирантура ашылған және кафедрада біраз жылдан бері клиникалық ординатура қызмет атқарады. 2002 жылдан бастап 14.00.24 – сот медицинасы мамандығы бойынша кандидаттық диссертация қорғауға арналған диссертациялық кеңес ашылған. Ал, 2005 жылдан бастап докторлық диссертация қорғауға арналған диссертациялық кеңес ашылды. Осы уақыт ішінде кафедра аспиранттары мен ізденушілері 10 кандидаттық диссертацияны қорғап шыққан.
Қазіргі уақытта құқық негіздері курсымен сот медицинасы кафедрасының ұжымында кафедра меңгерушісі, м.ғ.д., профессор Франц Антонович Галицкий, доцент міндетін атқарушы, м.ғ.к. Всеволод Дмитриевич Осипов, аға оқытушылар Алтыншаш Каировна Дюсенова, Жазира Касымбековна Молдашева, ассистенттер Келден Каримович Макашев, Юрий Васильевич Колосов, оқытушылар Лаззат Сагинбековна Усипбаева, Айгуль Ахатовна Кусаинова, лаборанттар Бибигуль Утепбергеновна, Нургуль Серикбаевна Жамалова, Ж.С.Джукенова, Г.Б.Айгозина қызмет атқарады.
Кафедра құрылғаннан бері қызметкерлер 260-тан астам ғылыми мақалалар жарияланған, 3 монография мен бірқатар оқу құралдары жарық көрген. 20-дан астам авторлық куәліктер, патенттер мен зерттеулерге алдын ала берілетін патенттер алынған. Сондай-ақ, кафедраның барлық қызметкерлері ғылыми-педагогикалық қызметпен қатар ҚР ДСМ Сот медицинасы орталығының Астана филиалында сараптамалық қызметпен айналысады.
Жоғарыда айтылған мағлұматтардың бәрі кафедраның қазіргі қызметкерлерінің айрықша педагогикалық және ғылыми мүмкіндіктерін айғақтайды. 

Байланыс деректері

Z10A0E9, г. Астана, пр. Сарыарка 33, 4 этаж (правое крыло) тел./факс: 8 (7172) 444 661, 577 896, вн. 383