Жедел медициналық көмек, Анестезиология және қарқынды терапия кафедрасы

Басшылық

Малтабарова Нурила Амангалиевна

кафедра меңгерушісі

кафедра меңгерушісі, медицина ғылымдарының кандидаты, профессор, жоғары санатты дәрігер.

Малтабарова Н.А. С.Д. Асфендияров атындағы Алматы мемлекеттік медицина институтының педиатрия факультетінің түлегі. Университетті бітіргеннен кейін 1992 жылы АММИ балалар хирургиясы кафедрасына, анестезиология және реанимация курсымен бірге, клиникалық ординатураға түсті. Клиникалық ординатураны 1994 жылы аяқтады, сол жылы Малтабарова Н.А. балалар хирургиясы және педиатрия ғылыми орталығына аспирантураның күндізгі бөліміне оқуға түсті. Аспирантураны бітіргеннен кейін медицина ғылымдарының кандидаты дәрежесіне төмендегі шифрлар 14.00.35 – балалар хирургиясы және 14.00.37 – анестезиология - реаниматология бойынша диссертация қорғады. Клиникалық ординатура мен аспирантурада оқыған кезде анестезиолог-реаниматолог ретінде тәжірибелік жұмыс атқарды. Аспирантураны бітірген соң, Алматы қаласының №1 қалалық балалар ауруханасы мен балалар хирургиясы және педиатрия ғылыми орталығының анестезиология, реаниматология және қарқынды терапия бөлімдерінде анестезиолог-реаниматолог дәрігер болып жұмыс істеді. 1998 жылы Малтабарова Н.А. анестезиология және реаниматология кафедрасының меңгерушісі Лисенков С.А. шақыруымен Ақмолаға ауысып, Қазақ мемлекеттік медицина академиясының анестезиология және реаниматология кафедрасына ассистент болып жұмысқа қабылданды. Кафедраның ассистенті болып жұмыс істеумен қатар, Ақмола қаласындағы №2 қалалық балалар ауруханасы базасында емдеу жұмыстарын жүргізді, кейін Ақмола атауы Астанаға ауыстырылды. Емдеу жұмысы анестезиология, реаниматология және қарқынды терапия бөлімінде жүргізілді. Н.А. Малтабарованың кәсібилігін және еңбексүйгіштігін мойындау 2000 жылы Астана қаласының денсаулық сақтау басқармасының бастығының бұйрығы Астана қаласының басты балалар анестезиолог-реаниматологы етіп тағайындауы болып табылады. Бұл әлеуметтік жүктеме 2005 жылға дейін жүзеге асырылды.

Малтабарова Н.А. кафедра ассистенті болып істеп жүріп, кафедраның оқу және оқу-әдістемелік жұмыстарына жауапты болды. Осы бағытта университеттің басшылығымен атап өтілген жетістіктер де болды, ал 2004 жылы Нұрила Аманғалиқызы университеттің оқу-әдістемелік бөлімін басқарды. Кейінірек оқу-әдістемелік бөлім оқу-әдістемелік басқарма болып қайта құрылды, кейіннен білім беру үрдісінің сапасын бақылау басқармасына өзгертілді. Әдістемелік жұмыстың барысында, басқарманы басқара отырып, Малтабарова Нурила Аманғалиқызы университет ұжымымен бірге 2003, 2005 және 2006 ж. мемлекеттік білім беру стандарттарына сәйкес енгізді. Оның басшылығымен сапа менеджменті бөлімінің жетекшісімен бірге университетте сапа менеджменті жүйесі енгізілді. Ғылыми жұмысты жалғастыру үшін Малтабарова Н.А. 2007-2008 оқу жылында «Анестезиология және реаниматология, жедел медициналық көмек курсымен бірге» кафедрасының доценті лауазымына ауыстырылды, ол кафедра 2014 жылы жедел медициналық көмек және анестезиология, реаниматология кафедрасы болып өзгертілді. 2013 және 2016 жылдан кафедра профессоры лауазымын атқарды. 2017 жылдан бастап Малтабарова Н.А. жедел медициналық көмек және анестезиология, реаниматология кафедрасын басқарды.

Малтабарова Н.А. 2015-2016 оқу жылында студенттердің арасындағы  сауалнама қорытындысы бойынша «2015-2016 оқу жылындағы клиникалық кафедралар арасындағы Астана медицина университетінің үздік оқытушысы» атағы берілді.

Оның ғылыми қызығушылығының қатарын ауыр жағдайдағы науқастардағы нутритивті қолдаудың өзекті мәселелері қамтиды. Қазақстанда алғашқылардың бірі болып күйіктік ауруға шалдыққан балалардағы метаболикалық бұзылуларды түзету үшін мамандандырылған тағамдарды қолдануды енгізді.

 Малтабарова Н.А. өзінің біліктілігін үнемі жетілдіріп отырады. Кәсіби шеберлік деңгейін көтеру мақсатында Оңтүстік Флоридада (АҚШ, Оңтүстік Флорида, Тампа қаласы), Тель-Авив университетінде және Сораски медициналық орталығында (Израиль) оқыды. 2017 жылдың қыркүйегінде халықаралық стандарттарға сәйкес жүрек-өкпе реанимациясын (BLS, ACLS) қамтамасыз ету оқуынан  өтті.

Кафедра меңгерушісі Малтабарова Н.А басшылығымен 2018 жылы Жұмабаев М.Б. және Иримбетов С.Б. докторлық диссертацияларын қорғауы (PhD) табысты өтті. Ғылыми зерттеулер асқазан-ішек жолдарының қатерлі ісігі бар науқастарға операцияға дейінгі кезеңдегі нутритивті көмекке (С.Б. Иримбетов) және ишемиялық инсульттегі жүйелі қабыну реакциясын зерттеуге (Жұмабаев М.Б.) арналған.  

Кадрлық құрам

Кокошко Алексей Иванович

Доцент, м. ғ. к.
«Астана медицина университеті» АҚ жедел медициналық көмек және анестезиология, реаниматология кафедрасының доценті, м.ғ.к. 1993 жылы Ақмола мемлекеттік медицина институтының емдеу ісі мамандығын үздік бітірді. 1993-1995 жылдары Ақмола ММИ анестезиология және реаниматология кафедрасында клиникалық ординатурада оқыды. 1995 жылдан бастап «Ақмола ММИ» анестезиология және реаниматология кафедрасында ассистент болып жұмыс істеді. 2008 жылы «Ерте операциядан кейінгі кезеңде онкологиялық науқастардағы қанның иондық және көмірсулар құрамын түзету мақсатында гиперинсулярлы глюкоза-калий-инсулин қоспаларын қолдану» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады. 2009 жылдан бастап қазіргі кезге дейін жедел медициналық көмек және анестезиология, реаниматология кафедрасында доцент қызметін атқарады. Кокошко А.И. кәсіби қызығушылығының қатарында периоперациялық кезеңнің ерекшеліктері және қатерлі ісіктердің хирургиясындағы анестезиологиялық көмек, сондай-ақ эфферентті терапия бар. Өз қызметі барысында Кокошко А.И. біліктілігін арттыру курстарынан үнемі өтеді. Бұл циклдар Қазақстан Республикасында да, шетелдік және көрші елдерде де өтті. Кокошко А.И. «Болашақ» стипендиясының иегері, ол Израильде жедел медицналық көмек көрсету саласында оқыған.  Кокошко А.И. 75 ғылыми мақаланы, оның ішінде индекстелген басылымдарда, 1 оқулықты жарыққа әкелді. 2013 жылы Ресей жаратылыстану ғылымдары академиясының профессоры атағына ие болды. Кокошко Алесей Иванович кафедрада «МУА» АҚ студенттерімен бірге ғылыми-зерттеу жұмыстарына жауапты. Оның басшылығымен студенттер бірнеше рет жас ғалымдардың халықаралық конференцияларында жүлделі орындарға ие болды.

Иванова Марина Петровна

Доцент, м. ғ. к.
жоғарғы санатты дәрігер

Жұмабаев Мұрат Болатұлы

ассистент PhD
екінші біліктілік санаттағы дәрігер

Иримбетов Серік Берікұлы

ассистент PhD
бірінші біліктілік санаттағы дәрігер

Торопеев Александр Владимирович

ассистент
екінші санаттағы дәрігер

Құрылу тарихы

Анестезиология және реаниматология курсы 1975 жылы №1 аурухананың хирургия кафедрасында ұйымдастырылып, кафедраны м.ғ.д. профессор Цой Гилен Васильевич басқарды.

Анестезиология және реаниматология курсын м.ғ.к. Витенбек И.А. басқарды, Целиноград қаласындағы ЖМКА да тәжірибелік дәрігер болып жұмыс істеді, 1975 жылы кандидаттық диссертацияны қорғады.

1987 жылы аспирантураның күндізгі бөлімін бітіріп және медицина ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін кандидаттық диссертациясын қорғағаннан кейін, анестезиология-реаниматология курсының ассистенті лауазымына Жакупов Р.К. қабылданды.

1995 жылы анестезиология және реаниматология курсы анестезиология және реаниматология кафедрасы болып құрылды, Лысенков С.П. кафедраны басқарды. Оның диссертациялық жұмысының тақырыбы постреанимациялық аурудың мәселелерін эксперименттік зерттеуге арналды. Кафедра меңгерушісі м.ғ.д. Лысенков С.П. тұрғылықты жерін өзгерткеннен кейін, 1998 жылдан бастап кафедра меңгерушісі болып доцент, м.ғ.к. Жақупов Р.К. сайланды. 2004 жылы докторлық диссертацияны қорғады, кейінірек профессор ғылыми атағы берілді.

Кафедраның базалары Целиноград облыстық ауруханасының және қалалық балалар ауруханасының анестезиология-реаниматология және қарқынды терапия бөлімшелері болды. Кафедраның қызметкерлері басқа қалалардан келген ғылыми қызметкерлермен толтырылды. Сонымен, кафедра Алматыдан келген қызметкерлерді қабылдады, м.ғ.к Мальтабарова Н.А., м.ғ.д. Исраилова В. Кафедраның ғылыми әлеуетін кафедраның жаңадан м.ғ.к. дәрежесіне диссертация қорғаған - ассистенттер Разумов С.А. және Кокошко А.И. толықтырды. Кафедра қызметкерлерінің негізгі ғылыми бағыты осы кезеңде орталық және аймақтық нейроаксиялық блокадаларды оңтайландыру мәселесін зерттеу болды. 2007 жылы кафедра ассистенті, м.ғ.к. Конкаев А.К. 14.00.37 мамандығы бойынша медицина ғылымдарының докторы дәрежесін алу үшін диссертация қорғады.

2005 жылы кафедраға жедел медициналық көмек курсы қосылды. 2014 жылы кафедра «жедел кезек күттірмейтін көмек және анестезиология, реаниматология» кафедрасы болып өзгертілді. 2017 жылы кафедра жедел медициналық көмек және анестезиология, реаниматология кафедрасы болып өзгертілді. Соңғы 6 жылда кафедра «жалпы медицина» мамандығы бойынша бакалаврлар шығаратын кафедра болды.

Мақсаттар

Оқу, әдістемелік, клиникалық, ғылыми және ағартушылық жұмыстарды жоспарлау, ұйымдастыру және енгізу;

Жоғары білікті ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау, олардың магистратура, докторантура, резидентурадағы біліктілігін арттыру;
    Тәжірибелік денсаулық сақтаудың іргелі және басым бағыттары бойынша зерттеулерді жоспарлау және жүргізу, ғылыми-зерттеу жұмысының нәтижелерін және инновациялық технологияларды енгізу.

Қызмет

  • зерттеудің барлық түрлерін енгізу, ғылыми-зерттеу жұмыстар  және магистранттар мен докторанттардың PhD диссертациясын басқару;
  • педагогикалық жүктеме бойынша кафедра ұжымының үлгерімінің электрондық журналын енгізу;
  • тәжірибелік денсаулық сақтауға зерттеу нәтижелерін енгізу (тәжірибелік денсаулық сақтауға, патенттерде іске асыру актілерін алу);
  • университет қызметкерлері мен студенттерінің ғылыми зерттеулерінің нәтижелері бойынша әдістемелерді, оқу-әдістемелік құралдарды жариялау;
  • оқулықтарды, оқу құралдарын және басқа да ғылыми-оқу, оқу-әдістемелік әдебиеттерді басып шығару;
  • профильді мамандардың республикалық, халықаралық жиналыстарында жариялау мүмкіндігін және мамандық бойынша теңдесі жоқ басылымдарда қол жеткізілген ғылыми нәтижелерді жариялауды қамтамасыз ету;
  • ғылыми-зерттеу жұмыстарының тиімділігін қамтамасыз ету: республикалық маңызы бар монографияны шығару (ISBN индексімен); импакт-факторы бар журналдарда мақалаларды жариялау; Қазақстан Республикасында, ТМД, шет елдерде, халықаралық басылымдарда жарияланымдар (мақалалар);
  • кафедраның бейініне оқу үрдісін кешенді оқу-әдістемелік, ұйымдастыру-әдістемелік қамтамасыз етуді енгізу;
  • кафедра оқытушыларының жеке жоспарларын және қызметкерлердің басқа да жұмыс түрлерін сапалы бақылауды жүзеге асыру және орындау;
  • медициналық қызметтің профильіне қатысты жүзеге асыру;
  • студенттерді ғылыми-зерттеу жұмыстарына жіберу (СҒҚ, СМУ, ғылыми жобалар); студенттердің ғылыми мақалаларын, оның ішінде халықаралық рецензияланған журналдарда жариялауды қамтамасыз ету; студенттердің қатысуымен қауіпсіздік құжаттарын алу; студенттердің конкурстарға, ғылыми конференцияларға және ғылыми жұмыстар конкурстарына қатысуын қамтамасыз ету;
  • білім берудің барлық түрлерін оқу формасы бойынша жүргізу;
  • кафедраның оқу-әдістемелік, клиникалық, ғылыми жұмысының жоспарлы және өзекті мәселелерін талқылау бойынша кездесуін және студенттермен тәрбие жұмысын өткізу;
  • кафедрада ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу және инновациялық технологияларды апробациялау;
  • кафедраның жұмыс жоспарын және кафедра оқытушыларының жеке жұмыс жоспарларын әзірлеу;
  • бағыт және мамандық дайындау бойынша кафедраның дамыту стратегияларын және жұмыс берушілермен және білім беру органдарымен сыртқы байланыстарын нығайтумен және дамыту стратегиясын әзірлеу;
  • кафедраның пәндері бойынша оқу жоспарларын әзірлеу;
  • кафедра профиліне қарай жоғары кәсіби және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруде МБМС оқу бағдардамаларын іске асыру;
  • деканаттар мен университеттің басшылығымен ұйымдастырылған әлеуметтік және мәдени іс-шараларға қатысу.
  • Кафедраның ғылыми қызметінің негізгі бағыты - жүйелі қабыну реакциясын зерттеу және түзету және ауыр жағдайдағы науқастардың нутритивті күйін зерттеу.

Жетістіктер

Қазіргі уақытта жедел медициналық көмек және анестезиология, реаниматология кафедрасының базалары Астана қаласының 10 медициналық мекемесініңде орналасқан. Соңғы жылдары кафедра қызметкерлерінің күшімен резиденттер дайындалды және шығарылды. Олар жинақтаған білімдері мен игерген дағдыларын тәжірибелік денсаулық сақтауда табысты жүзеге асырып жүр. Кафедра оқу үрдісіне жаңа білім беру технологияларын енгізудің ұйымдастырушылық-әдістемелік орталығы болып табылады. Осылайша, кафедра қызметкерлері жедел медициналық көмек модулінде материалдарды меңгеру үшін анықтамалық таңбалар мен белгілер әдістерін әзірлеп енгізді. Іске асыру туралы сертификат алынды. Кафедра меңгерушісі Малтабарова Н.А. университеттің кафедраларында аталған технологияны қолдану үйрету туралы университет оқытушылары үшін мастер-класс өткізді. Бүгінгі күні 10-нан астам университеттік кафедралар біз әзірлеген әдісті сәтті енгізді. Білім берудің инновациялық әдістерінің бірі - бұл біздің кафедраға тиесілі және осы технологияны іске асыру актісі алынған ВЭБ квесттарының шешімі. «Модератор институты» жұмыс атауымен инновациялық технология  даму процесінде. Биохимия кафедрасымен бірге «Қабынудың биохимиялық аспектілері» тақырыбы бойынша резиденттерге «Анестезиология, реаниматология, оның ішінде балаларды қоса алғанда» мамандықтары бойынша модульдік бағдарлама жүргізілуде.

Бөлім қызметкерлері практикалық денсаулық сақтауға да инновациялық технологияларды енгізуде. Осылайша, кафедра ұжымы анестезиология және реанимация бөлімшелерінде қазіргі заманғы ингаляциялық анестезиялармен төмен ағымды анестезия, механикалық желдетудің интеллектуалдық режимдері, қан құю технологиялары және өмірлік маңызды функциялардың аппараттық мониторингі секілді әлемдік анестезиология мен реанимацияның заманауи жетістіктерін сәтті енгізуде. Кафедра қызметкерлері бірнеше рет Прага, Братислава, Амстердам, Берлин, Зальцбург, Вена, Мәскеу қалаларында халықаралық конференцияларда баяндамалар жасады. Кафедраның алты қызметкері Израильде, Америка Құрама Штаттарында және Австрияда машықтанудан өтті.

Кафедра меңгерушісі Малтабарова Н.А. және кафедра доценті Кокошко А.И. халықаралық ғылыми қызметкерлер, мұғалімдер мен мамандар қауымдастығының мүшелері. 2013 жылы оларға Ресей жаратылыстану ғылымдары академиясының профессоры атағы берілді. Кафедра меңгерушісі Малтабарова Н.А. Вернадскийдің күміс медалінің иегері. Кафедра қызметкерлері «Қазақстан Республикасының анестезиология және реаниматология федерациясы» республикалық қоғамдық бірлестігінің мүшелері болып табылады.

2015-2016 оқу жылында студенттер арасындағы сауалнама нәтижесі бойынша кафедра меңгерушісі Н.А. Малтабарова. «ЖОО үздік оқытушысы» атағына ие болды.

Кафедра қызметкерлерімен оқу-әдістемелік әдебиеттер дайындалуда және шығарылуда. Мәселен, кафедра меңгерушісі Малтабарова Н.А. Саржанова А.Н. мен бірге 2010 жылы «ішкі органдардың ауруларына шұғыл көмек көрсету» оқулығы жарық көрді. Бакалавр бітірушілерге арналған 2006 жылғы мемлекеттік білім беру стандарттарына сәйкес әзірленген Малтабарова Н.А. 2014 жылы «Шұғыл медициналық көмек» атты оқулығы жарық көрді. Кафедра қызметкерлері Н.А. Малтабарова, А.И. Кокошко, М.П. Иванова, А.А. Елтаева, Г.Е. Ахметова, А.Т. Торопеевпен «Оқу-клиникалық орталықтарының жағдайларында жедел көмек көрсетудің тәжірибелік дағдыларын игеру» оқу-әдістемелік оқулығы шығарылды, мұғалімдер үшін де, оқушылар үшін де арналған. Кафедра доценті Кокошко А.К. «Қазақстан Республикасының анестезиология-реаниматология қызметін ұйымдастыру және құқықтық аспектілері» атты оқулығы жасалды және шығарылды. Анестезиологиялық және реаниматологиялық көмектің маңызды мәселелеріне арналған. Оқушылар мен тәжірибелік денсаулық сақтауға арналған. Кафедра қызметкерлері анестезиология және реанимация қызметтерін ұйымдастыру стандарттарын, шұғыл медициналық көмек көрсетудің клиникалық хаттамаларын әзірлеуге белсене қатысады. Кафедраның ғылыми-клиникалық жұмысының негізгі бағыты - қиын жағдайлар туындаған кезде жедел көмек көрсетуді жақсарту жолдарын, анестезиология мен реанимацияны оңтайландыру болып табылады. Кафедраның ғылыми қызметінің бағыттарын жүзеге асыру мақсатында кафедра доценті Иванова М.П. медицина ғылымының кандидаты ғылыми дәрежесіне кандидаттық диссертацияны «Аралас жарақаттың өткір кезеңіндегі пациенттерге аймақтық анестезияның тиімділігін бағалау» тақырыбында сәтті қорғап шықты. Диссертацияны қорғау Санкт-Петербург мемлекеттік педиатриялық медицина университетінің диссертациялық кеңесінде өтті. 2016 жылы медицина ғылымдарының кандидаты дәрежесі берілді. 2017 жылы біздің қызметкерлеріміз: Малтабарова Н.А., Иванова М.П., ​​Кокошко А.И., Смаилов Ж.Т. Израиль мемлекетінде оқудан өтіп, American Hearth Association қауымдастығының сертификатталған оқытушылары болды, BLS, ACLS бойынша оқыта алады. Кафедрада «Медицина» мамандығы бойынша 2 PhD докторанты - Ли Т.А., Болатова Е.Ю. «Медицина» мамандығы бойынша 1 магистрант Набиев Д.Е. оқып жатыр. 2018 жылы Жұмабаев М.Б. және Иримбетов С.Б. докторлық диссертациясын сәтті қорғалды. 2018 жылдың 11-12 сәуірінде «Астана медицина университеті» АҚ-да студенттер мен жас ғалымдардың 60-жылдық мерейтойлық халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. «Миокард инфарктісінен кейінгі Дреслер синдромының клиникалық-диагностикалық ерекшеліктері» атты баяндамамен 1 орынға ие болды. Сондай-ақ конференцияға кафедраның ғылыми үйірмесінің студенттері қатысты, конференцияға қатысу туралы сертификаттар алынды, тезистер жарияланды. Кафедра қызметкерлері кафедраның ғылыми қызмет бағыттары бойынша 200-ден астам басылымдарды шығарды. Кафедра қызметкерлерінің ғылыми дәрежесін арттыру мақсатында кафедра магистратура білім беру бағдарламасын жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Кафедра «Анестезиология, реаниматология, оның ішінде балалардікі» мамандығы бойынша резидентура бағдарламасының аккредитациясынан сәтті өтті. Сыртқы мүдделі тараптармен резиденттік оқу бағдарламасын бағалау жыл сайын жүргізіледі. Кафедра меңгерушісінің атына жұмыс берушілерден резидентура бойынша оқу кезінде жоғары мамандандырылған қызметкерлер дайындағаны үшін алғыс хаттар бар. «Анестезиология, реаниматология, соның ішінде балалардікі» мамандығы бойынша кафедра әзірлеген жұмыс оқу бағдардамасына оң пікірлер мен рецензиялар алынды. Кафедра қызметкерлері Қазақстан Республикасының барлық аймақтарында консультациялық көмек көрсетеді. Жедел жәрдем және анестезиология, реаниматология кафедрасының даму жоспарында клиникалық базаны кеңейту, бітірушілерді резидентура, магистратура және PhD докторантурада оқуларын  жалғастыруға қабылдау көзделген.

Байланыс деректері

Астана қаласы, Қошқарбаев көшесі, 64

№ 2 ҚБА, емхана, 4 этаж, В блогы.