Патологиялық анатомия кафедрасы

Басшылық

Кадрлық құрам

Құрылу тарихы

«Астана медицина университеті» АҚ-тың патологиялық анатомия кафедрасы 1965 жылдың тамызында ұйымдастырылған. Патологиялық анатомия кафедрасының қызметкерлері кафедра құрылғаннан бері м.ғ.к., доцент Б.М.Шапироның жетекшілігімен Целиноград қаласы және Целиноград обылысының орталықтандырылған бірлескен прозектура кафедрасының негізінде патологоанатом-дәрігерлердің қызметтерін ұйымдастыру мәселесімен айналысқан. Сонымен қатар, клиникалық кафедралармен және практикалық денсаулық сақтау өкілдерімен бірлесіп ғылыми зерттеулер өткізілген.
Әр жылдары патологиялық анатомия кафедрасын басқарғандар: м.ғ.к., доцент Б.М.Шапиро; м.ғ.к., доцент А.В.Браун; м.ғ.д., профессор М.А.Корницкий; м.ғ.к., доцент А.М. Рамазанов; м.ғ.д., профессор С.Н.Кадырова.
2003 жылдан бастап кафедраны м.ғ.д., профессор К.Б. Манекенова басқарады. 

Қызмет

Патологиялық анатомия кафедрасы құрылған жылдардағы еңбек қызметінің қалыптасқан дәстүрлері қазіргі уақытқа дейін сақталып келеді. Патологиялық анатомия кафедрасының қызметі оқу процесін жетілдіруге, практикалық денсаулық сақтаумен ынтымақтасуға, эксперименттік және клиникалық ғылыми зерттеулер өткізуге, университеттің клиникалық және теориялық профильді кафедраларымен тығыз ынтымақтастықта болуға бағытталған.

Пат. анатомия каф. доц.,
м.ғ.к. Т.М. Омаровтың емдеу факультетінің 2 курс студенттерімен кафедра мұражайында практикалық сабақ өткізуде













Оқу процесінде макропрепараттар (800-ден астам түрлері) және микропрепараттар (700-ден астам түрлері) мұражайлары пайдаланылады.
Кафедра негізінде осы жылдар бойы меншікті прозектура және патогистологиялық лаборатория бар, онда клиникалық, экперименттік және ғылыми-клиникалық материалдардың патоморфологиялық зерттеулері жүргізіледі.
2003 жылдан бастап патологиялық анатомия кафедрасында кафедра меңгерушісі, м.ғ.д., профессор К.Б.Манекенованың жетекшілігімен патологоанатом-дәрігерлердің және сот сараптаушыларының тақырыптық жетілдірулері жүзеге асырылады. 2008 жылдан бастап кафедрада орта медициналық білімі бар мамандар үшін «лаборант-гистолог» мамандығы бойынша қайта даярлау жүргізілді. Кафедра алғашқы мамандандық циклінде қайта даярлау жолымен резидентура арқылы, сондай-ақ магистратурада ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау арқылы дәрігер-патологоанатомдарды дайындау мүмкіндігін қарастырады.
Экологиялық патология, канцерогенез, ішкі органдардың функционалдық жеткіліксіздігін фетальды-жасушалық түзету мәселелерін шешу және сот медицинасындағы морфологиялық зерттеулерді жетілдіру мақсатында ғылыми зерттеулер жүргізіледі. Кафедра базасында практикалық денсаулық сақтау саласында табысты еңбек еткен 2 медицина ғылымдарының докторы және 10-нан астам медицина ғылымдарының кандидаты қызмет атқарады. Кафедрада студенттердің ғылыми үйірмесі жүйелі түрде жұмыс істеп тұр.
Патологиялық анатомия кафедрасының ассистенті М.Р.Попова, м.ғ.к. ғылыми дәрежесін алу үшін ізденуші, гистологиялық кесінді дайындауда