Жалпы хирургия кафедрасы

Басшылық

Фурсов Александр Борисович

кафедра меңгерушісі

Кадрлық құрам

Куспаев Ержан Нұрғалиұлы

Доцент, м.ғ.к.

Дәленов Нұрлан Ерболатұлы

Доцент, м.ғ.к.

Исмагамбетова Бақыт Аубакирқызы

Профессор м.ғ.қ.

Волчкова Ирина Сергеевна

м.ғ.д., қауымдастырылған профессор

Исмаилов Алышан Самандароглы

Доцент, м.ғ.д.

Коваленко Тимофей Федорович

Доцент, м.ғ.к.

Алатаев Бағдат Бейсембийұлы

ассистент

Абишев Данияр Ерсинжанұлы

ассистент

Құрылу тарихы

1965 жылы бірінші рет облыстық аурухана базасында Целиноград мемлекеттік медицина институтының хирургиялық клиникалық кафедрасы – жалпы хирургия кафедрасы ұйымдастырылды. Медицина ғылымдарының кандидаттары, доценттер Н.Т. Елисеев, Н.В. Мун, С.Г. Шабаш, П.К. Андрунь кафедраның қалыптасуына үлес қосты.

1965 жылдан бастап кафедраның бірінші меңгерушісі медицина ғылымдарының докторы, профессор Владимир Максимович Удод (1919 жылы туған) болды. Ол жылға Украинаның ауданаралық эндокриндік диспансерінің бас дәрігері болды. (1965 жылға Украинада бас жұмыс жасады. 1963 жылы қалқаншабез патологиясын зерттеуге арналған кандидаттық диссертация, ал 1965 жылы докторлық диссертациясын қорғады).

Кафедраның алғашқы қызметкерлерінің бірі м.ғ.к., доцент Н.Т. Елисеев (1930 жылы туған) болды. Ол 1965 жылға дейін Қарағанды медицина институты госпитальдық хирургия кафедрасында ассистент болып жұмыс істеді. (1973 жылы жуан ішек ауруларының проблемалары бойынша докторлық диссертация қорғады).

1965 жылдан бастап өзінің еңбек жолын кафедра ассистенті болып бастаған, ал 1968 жылдан бастап кафедра доценті болды. М.ғ.к. Н.В. Мун (бұған дейін ол Жезқазған қаласында хирургия бөлімшесінің меңгерушісі, бас дәрігері қызметтерін атқарды. Оның ғылыми және практикалық қызметі проктологиялық ауруларды емдеуге бағытталды).

Алғашқы жылдары кафедрадағы оқу жоспарларын, әдістемелік нусқауларды қалыптастыру, оқу бөлмелерін жабдықтау, көрнекілік құралдарды іріктеу бойынша жұмыстар көп еңбекті талап етті. Оқытушылардың емдеу-диагностикалық тәжірибесі орасан болғанмен, педагогикалық дағдылары жоқ еді, сондықтан да оқытушыларды педагогикалық шеберлікке оқытудың қосымша әдістері қажет болды. Олар Алматы, Мәскеу, Киев және т.б. қалалардың жоғары оқу орындарының оқытушылар білімін жетілдіру курстарына жіберілді. Кафедрадағы оқытушылардың семинарлары да осы мақсатта жұмыс істеді. Кафедра Солтүстік Қазақстанның облыстық, аудандық ауруханалары үшін консультациялық орталық болды. Кафедра оқытушылары облыстың барлық аудандық ауруханаларындағы нақастарға консультация берді, жергілікті жерлерде операциялар жасады, ауданаралық және облыстық конференциялар ұйымдастырып, аудандық хирургтердің біліктілігін арттыруға ықпал етті.

Мәселен кафедраның бірінші бағыттарының бірі Қазақстандағы жемсау ауруының таралу проблемасын зерттеу болды, бұл тақырыпты кафедра құрылған сәттен 1965 жылдан бастап табысты еңбек еткен м.ғ.к., доцент Е.Г. Шабаш (1930 жылы туған) әзірледі (бұрын Целиноград пен Целинный өлкесінің денсаулық сақтау органдарында әртүрлі басқарма қызметінде жұмыс істеді).

Кафедра қызметкерлерінің қатысуымен халықты эндемиялық жемсау ауруына тексеру жүргізілді, халықтың басым бөлігінде қалқаншабез эндемиясының зақымдалуы айқындалып, осыған байланысты бұл аурумен күресуді жаппай насихаттау жүргізілді, алдын алу шаралары енгізілді (тұзды йодтау, салауатты өмір салты). Профессор В.М. Удодтың жетекшілігімен, Е.Г. Шабаш, С.С. Лиходей, В.А. Четверкин, И.Т. Лаврухин әзірлеген 4 кандидаттық диссертацияда бұл мәселеге қатысты ұсынытар жинақталды. Бұл тақырып бойынша 4 әдістемелік әзерлеме шығарылды.

Практикалық дәрігер болып жұмыс жасап жүрген кезде-ақ аппендицит проблемалары бойынша кандидаттық диссертация дайындаған м.ғ.к., доцент П.К. Андрунь 1968 жылдан бастап өзінің ғылыми және емдеу жұмысын бастады (бұрын жол ауруханасының хирургия бөлімін, одан соң туберкулез диспансерінің торакалдық бөлімшесін басқарды, эндартериит пен холециститэктомиядан кейінгі синдромды облитерациялайтын, жабыспалы ауруларды емдеудің ультрадыбыстық терапиясының әдісін әзірлеген және практикаға енгізген).

Кафедрада Целиноград медицина институтының алғашқы түлектері ойдағыдай жұмыс жасады. Мәселен, 1978 жылы профессор В.М. Удодтың жетекшілігімен холецистит проблемалары бойынша кандидаттық диссертация қорғалған, оның алдында ауылдық жерлерде денсаулық сақтау саласында жұмыс істеген В.Т. Сторожук (1947 жылы туған) кафедрада ассистент болып еңбек жолын бастады.

Алғашқы он жыл ішінде кафедраның ғылыми және шығармашылық қызметін мынадай факт растайды: 1965 жылдан бастап 1975 жыл аралығында кафедрада профессор В.М. Удодтың жетекшілігімен 11 кандидаттық және 2 докторлық диссертация қорғалған. 250-дей ғылыми мақала жарық көрген, 6 өнертапқыштық ұсыныс алынған.

Кейіннен 70 жылдардың ортасынан 80 жылдардың аяғы кезеңінде жұмсақ тіндердің іріңді ауруларын диагностикалау мен емдеу әдістері әзірленді, өсімдіктен алынған (папаин, карипазим) протеаліттік ферменттерін қолдана отырып, жарақаттарды емдеу жөнінде зерттеулер жүргізілді, КСРО-ның (Мәскеу, Ленинград, Тбилиси және т.б.) алдыңғы қатарлы ғылыми орталықтарымен ғылыми байланыстар кеңейді. Бұдан өзге, кафедрада құрсақ қуысындағы операциядан кейінгі қабыну процесінің алдын алу және оны емдеу бойынша зерттеулер белсенді жүргізілді.

1978 жылдан бастап бұрын Целиноград ауданында практикалық хирург болып жұмыс істеген С.И. Маркелов (1949 жылы туған) кафедраның ассистенті болып сайланды. Оның бұдан кейінгі қызметі аяқ-қолдың буын ауруларын диагностикалау және емдеу әдістерін әзірлеуге байланысты болды, кейіннен ол осы тақырыпқа кандидатық диссертаци қорғады.

1979 жылы кафедраға м.ғ.к. Э.Г. Карстен (1948 жылы туған) ассистент болып жұмысқа тұрды. Ол зақымдалған тіндерге ультрадыбыстық әсер ету, обтураторлар көмегімен әртүрлі жыланкөздерді емдеу әдістерін зерттеп, практикаға енгізді.

1978 жылы жалпы хирургия кафедрасында кафедраның қазіргі меңгерушісі м.ғ.д., профессор Н.В. Миронюк (1971 жылы Целиноград медицина институтын бітірген, жол ауруханасында хирург, онколог болып қызмет еткен) өзінің ғылыми-практикалық қызметін бастады.

Осы кезеңде гастроэнтерология саласы бойынша ғылыми зерттеулер жүргізіле бастады. 70-80 жылдары Есіл жағалауында таралған асқазан-ішек жолының жоғарғы бөлігінің аурулары зерттеле бастады, бұған көптеген кандидаттық зерттеу жұмыстары арналды (Н.В. Миронюк, П.К. Андрунь, Н.В. Капралов, Л.А. Плескачева, В.И. Черномашинцев, С.Б. Гринберг, М.Н. Грибанов, В.Т. Сторожук, А.Б. Фурсов, Е.А. Ямщикова). Гастроэнтерология бойынша терең зерттеулер Н.В. Миронюк пен Н.И. Кузьмактың докторлық диссертациялары мен монографияларында көрініс тапты. Кафедра асқазан-ішек жолының жоғарғы бөлігінің ауруларын айқындаудың қазіргі заманғы әдістерін колданған жұмыс ұжымдарының жаппай жүргізген зерттеулеріне зор маңыз берді. Жұмыс ұжымдарында кейіннен асқазан мен ұлтабарға эндоскопиялық зерттеу жүргізілді. Алынған деректер кафедраға бұдан әрі ойықжара ауруларын өндірістен қол үзбей эндоскопиялық емдеу жүргізуге, жұмысшыларға мамандырылған зерттеулер жасауға мүмкіндік берді (м.ғ.д. Н.В. Миронюк, м.ғ.д. А.Б. Фурсов). Пофессор В.М. Удодтың жетекшілігімен жүргізілген ғылыми зерттеулер қолданбалы сипатта болды.

Жұмсақ тіндердің іріңді-қабынбалы ауруларын алдын алу және оларды емдеу кафедраның ғылыми-практикалық қызметінде бүгінгі күніге дейін айрықша орын алады. Іріңді-қабынбалы хирургия В.Т. Сторожуктың докторлық диссертацияның тақырыбы болды, ал Б.А. Исмагамбетова іріңді-қабынбалы ауруларын емдеу жөнінде кандидаттық диссертация қорғады. Медицина ғылымдарының кандидаты Б.А. Исмагамбетова 1987 жылдан бастап кафедраның ассистенті ретінде өзінің педагогикалық және емдеу қызметін бастады (бұрын практикалық денсаулық сақтау саласында қызмет етті, содан соң жалпы хирургия кафедрасында клиникалық ординатура мен аспирантура бітірді).

Кафедраның көпжылдық зерттеу жұмысының нәтижесі «Сүттену маститін хирургиялық емдеу» атты монография (В.М. Удодтың жетекшілік етуімен) Қазақстанның солтүстік өңірлеріндегі сүт бездері ауруларын зерттеуге арналған.

Ультрадыбыстың әсер ету комбинациясында фонофорез, энзимдер және антибиотиктер әдісі маститтің инфильпугаттық сатыдан деструктивтік сатыға көшу жиілігін төмендетті, сүт безінің сепсистік құбылысы, тыртық деформация, сондай-ақ лактация функциясын жойылуын алдын алуға мүмкіндік берді. Кафедрада жүргізілген ірінді перитонит кезінде құрсақ қуысын гидрофонофорездік жолмен тазарту әдісі құрсақ қуысындағы жабыспалы процестерді және өлім қаупін алдын алуға мүмкіндік берді.

80 жылдардың аяғы 90 жылдардың басында м.ғ.к. Э.Я.Геринг, С.Г. Астапкевич, доцент Л.Б. Те, К.К. Баталов, А.Х. Сайбель және тағы басқалар ассистент болып жұмыс істеді.

Қазіргі кезде кафедрада хирургиядағы жұмсақ тіндердің іріңді – некроздық аурулардың іріңдеуін алдын алу және оны емдеу мәселелеріне жататын тақырып бойынша ғылыми зерттеулер жүргізілді.

Барлық зерттеулер клиникаға енгізілді, әдетте олар айрықша жағдайлар мен үлкен шығындарды қажет етпейді және қатардағы емдеу мекемелерінде қолданыла алады. Біздің кафедраның бұрынғы қызметкерлері, ғылым кандидаттары мен докторлары қазіргі кезде алыс және жақын шетелдерде жұмыс істейді.

Кафедрада 26 дәрігер практикалық денсаулық сақтау саласында маманданған, кафедраның барлық қызметкерлерінің ғылыми дәрежесі бар. 1989 жылы қазақ ССР-інің Жоғарғы кеңесі профессор В.М. Удодқа «Қазақ ССР-інің ғылымға еңбегі сіңген қайраткері» атығын берді.1987 жылы оған «КСРО жоғары мектебінің үздігі» атағы берілді. 1991 жылдан бастап кафедраға хирургия мектебінің ізбасары, КСРО-ның денсаулық сақтау ісінің үздегі, Қазақстанның денсаулық сақтау ісінің үздігі, ағарту үздігі (2001 ж.) профессор Н.В. Миронюк басшылық етеді.

Жетістіктер

Кафедра қызметкерлері 90 өнертапқыштық ұсыныс және 60 куәлік пен өнертабыс патентін алды, 37-ге таяу диссертация, оның ішінде 7 докторлық диссертация қорғалды. Кафедра хирургия саласында да, білім саласында да белсенді халықаралық байланыстарды орнатып келеді. Түмен медуниверситетімен білім алмасу өткізіледі, кафедра студенттері әртүрлі халықаралық студенттік олимпиадаларға қатысып, жүлделі орындарға ие болып жүр(Түмен-2012ж., 2013ж., Мәскеу – 2014ж., 2015ж., 2016ж.).

Кафедраобщейхирургии.jpg

Байланыс деректері

г. Астана, ул. А. Молдагулова 26

АО «ЦДБ»

тел: 48-20-55