Неврология кафедрасы

Басшылық

Джаксыбаева Алтыншаш Хайруллаевна

Кафедра меңгерушісі

Кадрлық құрам

Құрылу тарихы

1967 жылы Целиноград мемлекеттік медицина институтында алғаш рет нейрохирургия курсымен жүйке аурулары кафедрасы құрылған. Кафедраны басқаруға Тарту қаласынан нейрохирург, медицина ғылымдарының кандидаты Анатолий Викторович Шевалье шақырылған.

1974 жылдан 1994 жылға дейін кафедраны невропатолог, медицина ғылымдарының докторы, профессор Михаил Аронович Фарбер басқарған.
1994 жылдан 1998 жылға дейін кафедраны медицина ғылымдарының кандидаты, доцент Александр Степанович Удовиченко басқарған. Кафедрада доценттер Л.Ф.Ваулина (1999 жылға дейін), Ю.П.Краснов (2001 жылға дейін), м.ғ.к. Г.Т.Корабаева (1999 жылдан бастап 2009 жылға дейін) және ассистенттер Д.А. Ахметова, Х.Б. Кульманов, Х.М. Махмутов, Т.Ж. Ермеков қызмет атқарған.
1998 жылдан бастап кафедраны нейрохирург, медицина ғылымдарының докторы, профессор Жомарт Муканович Ермеков басқарған. Кафедраның «психиатрия курсымен нейрохирургия және неврология кафедрасы» болып аты өзгертілген. 2009 жылы Ұлттық медициналық холдинг – Астана Медициналық Университеті шеңберінде қайта құрылып неврология, жалпы және медициналық психология кафедрасы деп аталды. Кафедраны медицина ғылымдарының докторы, профессор, невролог, ҚР академигі Смагул Кайшибаевич Кайшибаевтың шәкірті Тілепқали Темирович Бөкебаев басқарған (2003 жылдан бастап қызмет атқарады).
Қазіргі уақытта кафедра ассистенттері болып М.С.Наширова (1994 жылдан бастап), Л.Е.Есжанова (2009 жылдан бастап), Ж.Б.Ахметова (2009 жылдан бастап) жұмыс істейді. Психология және коммуникативті дағдыдан м.ғ.д., профессор Э.Г.Заркешев, м.ғ.к. К.К.Кулмуканова, оқытушы Г.А.Махаевалар сабақ береді. Аға лаборант А.М.Мырзабаева және А.Игманова лаборант болып жұмыс істейді. 

Тапсырмалар

Емдеу ісі, педиатрия, медициналық-биологиялық, медициналық-профилактикалық, стоматология факультеттерінде, шығыс медицинасы факультеті мен жалпы медицина факультетінде неврология және психология пәндері қазақ және орыс тілдерінде оқытылады. 2003 жылдан бастап кафедрада клиникалық ординаторлар тәлім алады, 2009 жылдан бастап – резидент дәрігерлер-интерндер-неврологтар оқытылады. Неврологияның өзекті мәселелері бойынша м.ғ.д. Т.Т.Бөкебаеваның жетекшілігімен тақырыптық жетілдіру циклі өткізіледі.
Кафедра қызметкерлері ангионеврология, соматоневрология, нейротравматология, нейрофизиология, ұйқы медицинасы, шашыраңкы склероз т.б. салалары бойынша ғылыми ізденістерге белсенді қатысады. Зерттеулердің нәтижелері бойынша ғылыми жұмыстар жарияланып, халықаралық, республикалық және қалалық ғылыми форумдарда ғылыми баяндамалар жасалады, дәрігерлер мен студенттерге арналған оқу құралдары шығарылады. Кафедра аспиранттарымен (Ж.Т. Кабышева) және кафедра ізденушілерімен (Х.Б. Кульманов, Н.К. Ибраимханов, М.С. Наширова, К.М. Бабенко, М.М. Шукумова) кандидаттық және докторлық диссертациялар бекітіліп орындалып жатады (К.К. Кульмуканова). Кейінгі 2 жылда профессор Т.Т.Бөкебаевтың жетекшілігімен Х.М.Махмутовтың және А.А.Дубицкийдың кандидаттық диссертациялары қорғалған, Н.К.Ибраимханованың жұмысы қорғауға дайындалуда.
Қазіргі таңда студенттер №1 қалалық клиникалық аурухана, «Орталық теміржол ауруханасы» АҚ, Республикалық балаларды оңалту ауруханасы, ҒЗИ-дің шұғыл медициналық көмек көрсету клиникалық базаларында білім алуда. Кафедра қызметкерлері емдеу жұмыстарын клиникалық базаларда іске асырады және елорданың, астаналық облыстардың және басқа аймақтардың емдік-профилактикалық мекемелеріне үнемі консультациялық көмек көрсетеді.
Профессор, м.ғ.д. Т.Т.Бөкебаев пен ассистент Л.Е.Есжанова науқастарды аралап тексеру жүргізеді және клиникалық талдау жасап, ординатор-дәрігерлермен практикалық конференциялар өткізіп отырады. Профессор Т.Т.Бөкебаев – Ұлттық ғылыми медицина орталығы жанындағы диссертациялық кеңестің мүшесі, «Қазақстан нейрохирургиясы мен неврологиясы» журналының редакция алқасының мүшесі. 

Қызмет

Оқу-материалдық базасы
Студенттерге білім беру №1 қалалық аурухананың неврологиялық бөлім базасында, Теміржол ауруханасында, ҒЗИ-дің шұғыл көмек көрсету базасында, Республикалық балалар орталығында жүзеге асырылады.
Оқу-әдістемелік жұмыс
Неврология, жалпы және медициналық психологияны қазақ және орыс тілдерінде оқыту 1,2,3,4,5 курстардың емдеу ісі, педиатрия, стоматология, медициналық-профилактикалық факультеттерде, шығыс медицинасымен мейірбике ісі факультетінде және медицина колледжінде жүргізіледі.
Ғылыми-зерттеу жұмысы
Ангионеврология, нейротравматология, нейродиабетология, соманеврология саласында жүргізіледі.
Клиникалық қызмет
М.ғ.д., профессор Т.Т.Бөкебаев №1 ҚКА неврология бөлімінің науқастарын аралап тексереді және клиникалық талдау жасайды, ассистенттер М.С.Наширова, Ж.Б.Ахметова, Л.Е.Есжанова клиникалық базада емдеу жұмыстарын жүргізеді.



Тәрбие жұмыстары
Кафедра қызметкерлері жетекшілік ететін топтарда және студенттерге білім беру барысында үнемі тәрбие жұмыстарын жүргізіп отырады. 

Жетістіктер

Профессор Т.Т.Бөкебаев «Денсаулық сақтау саласының үздігі» (2009ж.) белгісімен марапатталған және Қазақстан Республикасы Президентінің іс басқармасының «Үздік еңбегі үшін» медалімен марапатталған (2007ж.).
Қазіргі уақытта ЖОО-ның Ұлттық медициналық холдингтің құрамына кіруіне байланысты білім беру сапасын жақсарту үшін үлкен болашақ перспективалар ашылуда, жүйке жүйесі ауруларында диагностикалық мүмкіншілікті оңтайландыру, алыс және жақын шетелдегі әріптестермен ғылыми байланыстарды кеңейту қолға алынды. 

Байланыс деректері

Байланыс телефондары:
№ 1 ҚКА,
неврологиялық бөлім, 31-77-68