Көз ауруларының кафедрасы

Басшылық

Кадрлық құрам

Айсенова Елена Меңдібайқызы

ЛОР және көз аурулары кафедрасының ассистенті

Блок Наталья Евгеньевна

ЛОР және көз аурулары кафедрасының ассистенті

Ескендирова Шолпан Амангельдиқызы

ЛОР және көз аурулары кафедрасының доцент м.а.

Вишневская Татьяна Ивановна

ЛОР және көз аурулары кафедрасының ассистенті

Қадырәлиева Эльвира Ибрагимқызы

ЛОР және көз аурулары кафедрасының доцент м.а.

Ермекова Кульчат Тукенқызы

ЛОР және көз аурулары кафедрасының ассистенті

Ермекова Карлыгаш Толегенқызы

ЛОР және көз аурулары кафедрасының ассистенті

Жақыпбеков Руслан Әділұлы

ЛОР және көз аурулары кафедрасының доцент м.а.

Құрылу тарихы

1965 жылы қыркүйек айында Целиноград мемлекеттік медициналық институтында көз аурулары кафедрасы ашылды. Кафедра меңгерушісі Кудряшова А.А. жуктеліп, 1968 жылға дейін жетекшілік етті. Кафедра негізі 30 төсектік облыстық ауруханасының көз аурулары бөлімшесінде болды.

1969-1984 жылдары кафедра меңгерушісі медицина ғылымдарының кандидаты Голенков Артур Константинович жетекшілік етті. Оның негізгі ғылыми зерттеулері нейроофтальмологияға арналған. Белгілі монографиясы еміздік іркілісіндегі венозды пульсациясы болған. Сол кездегі кафедра ассистенттері: м.ғ.к. Родионов Ю.М., м.ғ.к. Соколова З.Я., м.ғ.к.Ахмедьянова З.У.

1985-1987 жылдары кафедра меңгерушісі – медицина ғылымдарының кандидаты, доцент Соколова Зельма Яковлевна.

1987-2008 жылдары кафедра меңгерушісі - м.ғ.к., профессор Зейнет Угубаевна Ахмедьянова. 1972 жылы Целиноград мемлекеттік медицина институтын бітірді. Сеченов атындағы 1 Мәскеу медицина институтында көз аурулары кафедрасымен біріккен Бүкілодақтық Ғылыми Зерттеу Институтының көз микрохирургиясында аспирантураны оқыды. 1982 жылы Мәскеуде «Аргонлазерлі коагуляция кезіндегі ретинохориодальді байланыстарды зерттеу»атты кандидаттық диссертациясын қорғады.

2009-2011 жылдары офтальмология хирургия тәртібі кафедрасы құрамында, 2012 жылдан лор және көз аурулары кірді. Қазіргі уақытта және көз ауруларының курсын профессор Ахмедьянова З.У. жетекшілік етеді.

Профессор Ахмедьянова З.У. марапаттары: – «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» (2011г.), Университет корпоративтік сыйы «Құрметті ұстаз» (2012г), ҚР Денсаулық сақтау Министрлігінен грамота.

Бүгінгі таңда кафедрада үлкен педагогикалық тәжірибелері бар, жоғарғы санаттағы дәрігерлер, профессор Ахмедьянова З.У., Ермекова К.Т., доценттер Ескендирова Ш.А., Кадралиева Э.И., жоғарғы санаттағы дәрігерлер Айсенова Е.М, Ермекова К.Т, Хамзина А.А жұмыс жасайды.

«Офтальмология» курсы бойынша жүргізілген мамандықтар:

051101 –емдеу ісі;

051102 – педиатрия;

051301 – жалпы медицина;

051302 – стоматология;

Қазіргі уақытта:

5В130200 – стоматология

5В130100 – жалпы медицина

Интернатура – хирургтар, ЖТД.

Кафедра оқытушыларына дипломнан кейінгі офтальмолог-дәрігерлердің біліктілігін арттыру бойынша офтальмология өзекті мәселесі туралы курстар оқытылады. 5жыл бойы «Офтальмалогия, сонымен қатар балалар» мамандығы бойынша алғашқы дәрігерлік дайындық өткізіледі.

Көз аурулар кафедрасында интернатурада 43дәрігер, резидентурада 12 резидент дайындалынды. Қазіргі уақытта 41резидент, оқып жатыр.

Кафедрада оқып жатқан дәрігерлер астананың бүкіл жетекшілік клиникаларында тәжірибеленуде.

Көз аурулар курсында шетелде және республика ғылыми басып шығаруында 1020-дай мақала мен тезистер, 230-дай дәрігерлерге арналған әдістемелік ұсыныстар, 389 денсаулық сақтау тәжірибесіндегі медициналық ғылыми жетістіктер жарияланды. Қызметкерлер барлық республикалық және халықаралық конференцияларға қатысады.

Кафедра мұғалімдері 4 оқу-әдістемелік құрал шығарды:

«Офтальмологияда шұғыл жағдайла» қазақша және орысша;

«Аметропия түрлері, түзетулер» қазақша және орысша;

«Офтальмология» кітабы мемлекеттік тілге аударылды.

Жыл сайын силлабус, басқа оқу-әдістемелік құжаттар, мемлекеттік жалпы үлгі бойыншақаралып істелуде. Қазақстан мен жақын және алыс шетелдік ғылыми-зерттеу мекемелерімен кафедрада жұмыс жасалынуда.

Мақсаттар

оқу-әдістемелік, клиникалық, тәрбие жұмыстарын жоспарлау, жүзеге асыру. Жұмыс жоспарларына сәйкес.

Функциялар

оқу сабақтарының барлық түрлерін өткізу, электронды журнал жүргізу, оқу жоспарларын жасау, кафедра профиліне сәйкес жоғары кәсіби және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік білім беру стандарттарының білім беру бағдарламаларын іске асыру.

Қызмет

Кафедраның ғылыми жұмысының негізгі бағыты эпидемиология және уран өндіретін кәсіпорындардың жұмысшылары арасында офтальмологиялық патологияның қаупін азайту әдістерін әзірлеу болып табылады.

 

Жетістіктер

45% дәреже

кафедра клиникалық ординатурада оқыды. 2008 жылдан бастап кафедрада резидентура, 2010 жылдан бастап докторантура, 2011 жылдан бастап магистратура ашылды. Мамандар жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру, алғашқы қайта даярлау және дәрігерлердің біліктілігін арттыру циклдары бойынша оқытылады.

Байланыс деректері

город Нур-Султан, улица Алии Малдыгуловой 38