Жұқпалы аурулар кафедрасы

Басшылық

Кулжанова Шолпан Адлгазыевна

кафедра меңгерушісі
медицина ғылымдарының докторы, профессор, жоғары санатты дәрігер-инфекционист. «Астана медицина университетінің» КеАҚ Сенат төрағасының орынбасары, Нұр-Сұлтан қаласы дәрігер инфекционистер қауымдастығының төрайымы, «Инфекционист дәрігерлер қоғамы» АҚБ мүшесі, Инфекционистер мен клиникалық микробиологтардың Еуразиялық қоғамының мүшесі, Инфекционистердің Еуро-Азиялық қоғамының мүшесі,  ҚМУ КеАҚ «6D110100- Медицина» мамандығы бойынша PhD докторлық диссертацияларды қорғау бойынша диссертациялық кеңестің мүшесі, ҚР IAAR Аккредиттеу орталығының сарапшысы, ҚР-да жұқпалы аурулар бойынша нормативтік-құқықтық құжаттарды әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының, сарапшылар тобының мүшесі. 150-ден астам жарияланымдардың авторы, олардың ішінде 7-уі халықаралық рецензияланатын ғылыми журналадарда жарияланған, қазақ тілінде және орыс тілінде жазылған «Справочник по инфекционным болезням» атты оқулықтың авторы, монографиялардың, 6 оқу құралының, студенттер мен дәрігер инфекционистерге арналған, ҚР БҒМ-де бекітілген 2 әдістемелік ұсыныстың авторы, өнертабысқа ҚР 2 предпатенті, авторлық құқық объектісіне бір куәлігі бар. 
«Денсаулық сақтау ісінінің үздігі» төс белгісімен, «Халық алғысы», «Құрметті түлек» медалымен, құрмет грамотасымен, алғысхаттармен марапатталған. 

Кадрлық құрам

Құрылу тарихы

Жұқпалы аурулар кафедрасы 1967 жылы ұйымдастырылды. Алғашқы кафедра меңгерушісі, 1974жылға дейін м.ғ.к. доцент В.П. Осипов болды. 1974 жылдан 1983 жылға дейін кафедраны доцент И.Н. Гнутов басқарған, 1983 жылы АММИ Ғылыми Кеңесі кафедраның басшылығын м.ғ.к. Котлярова И.Ф. тапсырды. 1988 жылдан бастап, 10 жыл бойы, шығармашылық ұжымды доцент Е.Н. Колос басқарды. 1999 жылдың қараша айынан 2013жылдың қаңтар айына дейін кафедраны м.ғ.д., профессорГульнара Укмановна Алшинбаева басқарды, 2013 жылдың қаңтар айынан 2014 жылдың ақпан айына дейін - доцент Имамбаева Гульсара Газизовна; 2014 жылдың ақпан айынан бастап қазіргі уақытқа дейін - м.ғ.д. Құлжанова Шолпан Адлгазыевна кафедрада басшылық жасайды.

«Астана медицина университеті» АҚ эпидемиология және жұқпалы аурулар кафедрасы қалалық жұқпалы аурухана(Астана қ., Манас көшесі 22/3) базасында орналасқан. Кафедра қарамағында меңгеруші кабинеті, 12 оқу бөлмелері бар (6 бөлме «Эпидемиология» пәніне Кабанбай батыр қиылысында, 29/1, блок Б, 1оқу бөлмесі – Астана қаласының Аумақтық ауруханасында, 1оқу бөлмесі – қорғаныс Министрлігі ауруханасында және 4 оқу бөлмесі ҚЖА).

Тапсырмалар

–Жұқпалы ауруларды диагностикалауға, емдеуге, алдын алуға студенттерді, интерндерді, резиденттерді оқыту;

–Жұқпалы аурулардың диагностикасы мен емі бойынша әдістемелік нұсқауларды, студенттер мен резиденттерді оқытуға арналған оқу құралдарын құрастыру;

–Қазақстан Республикасы мен Астана қаласының емдеу мекемелеріне кеңестік-әдістік көмек;

–Кафедра жұмысына қызығушылық танытқан тараптардың қанағаттанушылық көрсеткіштерін жақсарту;

–ЕАМ білікті және бәсекеге қабілетті мамандарға деген сұраныстарын қанағаттандыру;

–Кафедраны кадрлармен қамтамассыз ету;

–Кафедраның ПОҚ біліктілігін, ғылыми әлеуетін арттыру;

–Кафедрадағы оқу процессінің сапасы мен тиімділігін арттыру;

–Кафедра пәндері бойынша оқытудың инновациялық әдістерін енгізу;

–Қазіргі кездегі жұқпалы аурулардың диагностикасы мен емін жетілдіру, эпидемиологиясы мен иммунопатогенезін оқыту бойынша ғылыми зерттеулерді жүргізу, халықаралық ғылыми жобаларға қатысу;

–Инфекционистердің Еуро-Азиялық қоғамының халықаралық жыл сайынғы конференцияларын, республикалық және халықаралық конференциялар мен конгресстерді өткізуге қатысу;

Мақсаттар


Жетістіктер

Реценцияланатын ғылыми басылымдардағы жарияланымдар саны (көрсету ISSN) – 10 :

ҚР және алыс, жақын шетелдер журналдарындағы жарияланымдар саны (көрсету ISSN) – 10

Алыс, жақын шетелдердің халықаралық конференцияларына қатысу - Семинар «Postgraduate Education Course New Perspectives in Infection Control»,ESCMID, Kayseri, Turkey, 12-14 March 2015.

Республикалық маңызы бар конференцияларға қатысу:

1.м.ғ.д. Құлжанова Ш.А -баяндама: «Қазіргі кезеңдегі ересектердегі қызылшаның клиникалық-эпидемиологиялық ерекшеліктері», «Инфектологияның, эпидемиология мен медициналық паразитологияның өзекті мәселелері: эпидбақылау, диагностикалау, емдеу мен алдын алу жүйелерінің қазіргі кездегі технологиялары» атты жұқпалы аурулар бойынша Еуро-Азиялық қоғаммен өткізілген халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда (Алматық., сәуір 16-17, 2015ж.).

2.м.ғ.д. Құлжанова Ш.А. –баяндама: «Қазақстандағы описторхоз», «Орталық-Азиялық гастроэнтерологиялық апта 2015» атты халықаралық конгрессте (Алматы қ., 30қыркүйек-3 қазан 2015ж.);

3.м.ғ.д. Құлжанова Ш.А. –дәріс-баяндама «Инфекциялық-токсикалық шок, себептері және жедел көмек», «Жедел ішек жұқпалары (балалар мен ересектердегі),диагностикалау мен емдеудегі қазіргі кездегі тәсілдер» атты Республикалық оқу семинарында (Қарағанды қ., 10-11маусым 2015ж.).

Доцент Конкаева М.Е. оқу құралы, тақырыбы: «ЕММ қан арқылы жұғатын жұқпаларға жұқпалық бақылау».

Доцент Смагулова З.К.оқу құралы, тақырыбы:«Бөртпелердің ажыратпалық диагностикасы».

Жобалар бойынша берілген өтінімдер саны: гранттық қаржыландыру шеңберінде (отандық грант берушілер тарапынан): «Жүкті әйелдердегі жатырішілік жұқпалардың (цитомегаловирустық, герпестік жұқпалардың) қолайсыз нәтижелерін болжаудағы молекулярлық-генетикалық негіздер».

Гранттық қаржыландыру шеңберінде: (шетелдік грант берушілер тарапынан): «Қызылшаға қарсы екпені қабылдағандардың арасында егуден кейінгі иммунитет деңгейін анықтау».

Ғылыми-зерттеу жұмысы бойынша сараптамалық ұйымдарға қатысу.

Байланыс деректері

Астана қаласы,

ҚЖА – Манас к, 22/3,

тел 577896 (498)., kaf.inf@amu.kz