Кафедраның 80% ғылыми дәрежесі бар қызметкерлер, 1 медицина ғылымдарының докторы, 6 медицина ғылымдарының кандидаты, 3 PhD докторы, 5 PhD докторанты, оқытудың 4-жылындағы 3 резидент, оқытудың 1-жылындағы 2 резидент.
Кафедраның негізгі ғылыми бағыттары балалар хирургиясының, травматологияның, урологияның және нейрохирургияның өзекті тақырыптары бойынша емдеу әдістерін әзірлеу және оларды жетілдіру. Кафедра құрылған күннен бері 500 астам ғылыми мақала жарық көрді, оның ішінде 5 монография, 17 оқу құралы, өнертабысқа 50-ден астам патент және зияткерлік меншік куәлігі алынды.
2008 жылдан бастап кафедрада резидентура ашылды. Кафедрада 25 резидент білім алып шықты. 2011 жылдан бастап магистратура, 2010 жылдан бастап PhD докторантурасы ашылды. Осы жылдары 6 медицина ғылымдарының магистры және 3 PhD докторы даярланып шықты.
Кафедра ОПҚ-сы кәсіби даярлықты (тұрақты тақырыптық және кәсіби жетілдірулерді) үнемі жетілдіріп отырады, 2019-2021 жылдары кафедра қызметкерлері педагогика және клиникалық бағыттағы білімін жетілдірудің 30 - дан астам циклінен өтті, олардың 3-еуі алыс шет елдерде.
Кафедра қызметкерлері практикалық буын дәрігерлеріне арналған оқыту бағдарламаларын – мастер-кластар ұйымдастыруға және өткізуге белсенді қатысады.
Оқытудың тиімділігін арттыру үшін оқытушылар жаңа білім беру технологияларын (НОТ) қолдана отырып сабақтар өткізеді. 2001 жылы "E-learning" білім беру технологиясы әзірленді және білім беру процесіне енгізілді (PhD докторы А.К. Досанова).
ОПҚ біліктілігін арттыру курстары:
- "Білім беру және ғылыми ұйымның оқытушысы" жас педагог мектебі аясында, 13.05.19-24.05.19 ж. ж.
- "Тест тапсырмаларын құрастыру әдістемесі", 19.10.19-31.10.19 ж. ж.
- "Клиникалық пәндердегі коммуникативтік дағдылар және медициналық этика", қазан-қараша 2019 ж.
- "Медициналық білім берудегі PBL инновациялық әдістемесі", 13.01.20 – 17.01.20 ж. ж.
- "Медициналық білім берудегі TBL инновациялық әдістемесі, 25.11.20-27.11.20 ж. ж.
- "Рецензияланатын журналда мақаланы қалай жазу және жариялау керек", 07.12.20-11.12.20 ж.
- "Педагогикада сана картасын қолдану", 19.11.20– 23.11.20 ж.
Кафедра қызметкерлері мастер-кластар мен семинарларға қатысты:
- Семинар "Медициналық этика және клиникалық пәндердегі коммуникациялық машықтар", 04.02.19-24.02.19 ж. ж.
- "Сәтті коммуникациядағы нейролингвистикалық бағдарламалау" семинары, 7.06.19 ж.
- «Балалардағы шеміршек және сүйек тіндерінің өсуі бұзылған қаңқаның туа біткен жүйелік ауруларын диагностикалау мен емдеудің заманауи тәсілдері» мастер-класы, 17.03.19-20.03.19 ж. ж.
- "Балалардағы несептік-жыныстық жүйесі ағзаларындағы реконструктивті-пластикалық операциялар" мастер-класы, 9.05.19-14.05.19 ж. ж.
- "Spina bifida мектептері" дәрістер курсы, 11-12. 04. 19 ж.
- Халықаралық қатысумен Ресейлік балалар хирургтарының VI білім беру форумы, 23.10.20-31.10.20 ж.
- Профессор Ю. А. Козловтың жаңа туған нәрестелерге, балалар мен жасөспірімдерге арналған эндохирургиясы, Иркутск, РФ, 05.02.21-11.02.2021 ж.
Балалар хирургиясы кафедрасында 2018-2023 жылдары м.ғ.к., доцент Б.А. Досанов бастамашыл қолданбалы ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізеді. Жұмыстың тақырыбы: "Балалардағы шеміршек және сүйек тіндерінің өсуі бұзылған туа біткен жүйелік қаңқа ауруларын қолданбалы зерттеу".
Шетелдік университеттермен ынтымақтастық туралы меморандум жасалды: Украина Ұлттық медицина академиясының Профессор М.И. Ситенко атындағы Омыртқа және буын патологиясы институты» ММ, Украина, Харьков. 2018-2022 жылдарға арналған 124-18-349 ғылыми-практикалық ынтымақтастық туралы № 23 шарт.