Оқу-педагогикалық қызметі: Балалардың жұқпалы аурулары кафедрасында «Жалпы медицина» мамандығы бойынша 4 курста 1072 студент, «ЖДП» мамандығы бойынша (6 курс) -753 дәрігер-интерн, «ЖДП» мамандығы бойынша 7-курста - 697 интерн, резидентурада «Жұқпалы аурулар, соның ішінде балалардың жұқпалы ауруларыы» мамандығы бойынша – 27 резидент, «Медицина» мамандығы бойынша 2 PhD докторант білім алады. Кафедрада оқытудың инновациялық әдістерін қолдана отырып практикалық сабақтар жүргізіледі: «Жалпы медицина» факультетінің 4-курс студенттеріне арналған «іскерлік–рөлдік ойындар және дискуссиялар». «Жалпы практика дәрігері» мамандығы бойынша 6-7-курстың дәрігер-интерндеріне және «Жұқпалы аурулар, соның ішінде балалардың жұқпалы аурулары», «Педиатрия», «Гастроэнтерология, соның ішінде балалар гастроэнтерологиясы», «Отбасылық медицина» мамандықтары бойынша резиденттерге «Ауыр дәрежелі жіті бронхиолит» «Балалардағы нейротоксикоз» тақырыптары бойынша әртүрлі қиындық деңгейде «SimNewBABY» және «Pedia Sim» робот манекенді қолданып, «Стандартталған науқас» клиникалық сценарий түріндегі инновациялық технологиялар қолданылады.
Ғылыми-зерттеу қызметі: «Астана медицина университеті» КеАҚ Балалардың жұқпалы аурулары кафедрасы қызметкерлері 270-ден астам ғылыми еңбек, соның ішінде 7 оқу-әдістемелік құрал шығарды, 3 өнертабыс патентін, 9 авторлық куәлік, практикалық медицинаға 16 жаңалық енгізді, нолдік емес импакт факторы бар 9 мақала жарыққа шығарды. Кафедрада 2 кандидаттық диссертация, 3phD қорғалды, 25 резидент және 4 магистрант дайындалды.
С. Сейфуллин атындағы Аграрлық- техникалық университетпен бірлесіп 2009-2011 жылдары медицинада, ауыл шаруашылығында, қоршаған ортаны қорғауда, тағам және қайта өңдеу өнеркәсібінде генноинженерлік және жасушалық технологияларды дайындау және қолдану жүргізілді.
Қарағанды қаласындағы «Фитохимия» ХҒӨХ-пен бірлесіп, өсімдік шикізатынан жаңа тиімді дәрі-дәрмектер әзірленді және 2010-2012 жылғы GMP халықаралық стандартына сәйкес олардың өндірілуін ұйымдастырды. ҚММУ-мен бірлесіп, 2018-2019 жылдары «Sapiens невмококтық инфекциясының ерекшеліктерін көп орталықты халықаралық перспективалық зерттеу» жобасы бойынша зерттеу жұмыстары жүргізілді. Ерте жастағы балалардағы жіті бронхиолит ерекшеліктерін зерттеу үшін «Ерте жастағы балалардағы ауруханадан тыс пневмония мен бронхиолиттің саралау диагностикасы» жобасы бойынша зерттеу және Назарбаев университетімен бірлесіп 2018-2020 жылдары «Бактериялық менингитке шалдыққаннан кейін балалардың есту қабілетінің бұзылуын ерте диагностикалау және оның алдын алу шараларын әзірлеу» және
2017-2019 жж. описторхозбен ауырған науқастарды емдеу кезінде «Бильтрицидтпен» (Bayer, Германия) салыстыра отырып, «Саусалин» (Қазақстан Республикасы «Фитохимия» ХҒӨХ» АҚ) препаратының тиімділігі мен қауіпсіздігін рандомизаяцияланған салыстырмалы ашық клиникалық зерттеу» ҒТБ жүргізілді.
Балалардың жұкпалы аурулары кафедрасында 2020-2021 оқу жылында 2 phD докторант білім алып жатыр. Кафедраның ғылыми бағыттары: «Созылмалы описторхоз ауруын емдеудің жаңа тәсілдері», «Балалардағы ауруханадан тыс пневмония мен жіті бронхиолиттің саралау диагностикасы» «Антибиотикрезистенттілікті ұстану стратегиясы», «Қазіргі кездегі балалар нейроинфекциясы», «Цитомегаловирус инфекциясы», «Жіті ішек инфекциялары кезінде ішек микробиозына бактерияға қарсы терапияның әсері».
Балалардың жұқпалы аурулар кафедрасының докторанттары, магистранттары, резиденттері және ғылыми зерттеу үйірмесінің мүшелері жыл сайын АстМУ КеАҚ-та, жақын және алыс шетелдерде өткізілетін жас ғалымдар мен студенттерге арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларға белсенді қатысады. Ғылыми конференциялардағы баяндамалардың қорытындысы бойынша студенттердің және кафедраның ОПҚ марапаттаулары бар.
2021 жылы 24 ақпанда Нұр-Сұлтан қаласында резиденттер мен жас ғалымдарды зерттеу жұмысына тарту және олардың ғылыми-зерттеу әлеуетін арттыру үшін «АстМУ» КеАҚ Балалар жұқпалы аурулары кафедрасының базасында құрылған «№1 Club of young scientists and infectiologists» ғылыми клубы жұмысының аясында онлайн режимде «COVID-19. Клиникасы. Диагностикасы. Емі. Профилактикасы» тақырыбында жас ғалымдардың пәнаралық конференциясы өтті.
Конференцияның дайындығына Балалардың жұқпалы аурулары кафедрасының оқытушы-профессорлар құрамы, «№1 Club of young scientists and infectiologists» ғылыми клубының мүшелері, «Астана медицина университеті» КеАҚ Ғылым департаментінің қызметкерлері, «Инфекционист дәрігерлер қоғамы» аймақтық қоғамдық бірлестігінің мүшелері қатысты.
Кафедра ОПҚ Мәскеу, Санкт-Петербург, Калифорния, Швеция, Германия, Нидерланд, Израиль сынды жақын және алыс шетелдердегі әріптестерімен балалар инфектологиясы саласында белсенді ынтымақтастық орнатқан.
Клиникалық қызметі: Кафедра қызметкерлері практикалық денсаулық сақтау саласы бойынша, Нұр-Сұлтан қаласы мен ҚР аймақтарына емдік-консультациялық үлкен көмек көрсетеді. Жыл сайын кафедраның ОПҚ балалардың жұқпалы аурулары кафедрасының базасына кіретін Нұр-Сұлтан қ. №3 көпбейінді қалалық балалар ауруханасының науқастарын емдейді және оларға консультация береді, сондай-ақ Қазақстанның барлық аймақтарындағы науқастарға да белсенді түрде консультациялар жүргізеді. Кафедра қызметкерлерінің күшімен жыл сайын қалалық, республикалық және халықаралық деңгейде семинарлар, мастер кластар және ғылыми практикалық конференциялар өткізіледі. Кафедра мамандары республикалық клиникалық хаттамаларды әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының жұмысына қатысады, одан кейін ДСДРО-ның сараптау комиссиясында және ҚР ДСМ қоғамдық кеңесінде оларды қорғайды, сондай-ақ ҚР-да жұқпалы аурулар кезінде Медициналық көмек көрсету стандарттарын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобына қатысады. Кафедра профилактикалық бағытта денсаулық сақтау саласына практикалық үлкен көмек көрсетеді. Вакцинапрофилактика, ЖІИ, ЖРВИ профилактикасы және саламатты өмір сүру салтымен жүру мәселелері бойынша радио және телекөрсетілімдерге белсене қатысады.
Тәрбие жұмысы: Кафедрада «Жалпы медицина» факультеті жетекшілік ететін топтарға келесі тақырыптар бойынша тәрбие жұмысы жүргізіледі: “Есірткісіз саламатты өмір салты” , «Саламатты өмір салты, B жəне C вирустық гепатитінің алдын алу”, “АИТВ инфекциясының алдын алу”, “ Темекісіз саламатты өмір салты”. Жастарға патриоттық тәрбие беруге көп көңіл бөлінеді, жыл сайын “Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне”, “Президент күніне” жəне “Жеңіс күніне” арналған салтанатты іс-шаралар өткізіледі.
- Кафедрада өз қызметінің саласы бойынша мамандандырылған көмек көрсетете алатын жоғары санатты тәжірибелі қызметкерлер жұмыс істейді. Кафедра ұжымы балалардың жұқпалы ауруларының клиникасы бойынша практикалық машықтарды меңгеру үшін білім алушыларды сапалы біліммен қамтамасыз етуге дайын.
- Кафедра қызметкерлері келесі тақырыптар бойынша ғылыми-зерттеу жобаларын орындап жатыр: «2018-2019 жылдары пневмококтық инфекцияның ерекшеліктерін көп орталықты халықаралық перспективалық зерттеу, 2017-2019 жж. описторхозбен ауырған науқастарды емдеу кезінде «Бильтрицидтпен» (Bayer, Германия) салыстыра отырып, «Саусалин» (Қазақстан Республикасы «Фитохимия» ХҒӨХ» АҚ) препаратының тиімділігі мен қауіпсіздігін рандомизаяцияланған салыстырмалы ашық клиникалық зерттеу, 2018-2020 жж. «Бактериялық менингитке шалдыққаннан кейін балалардың есту қабілетінің бұзылуын ерте диагностикалау және оның алдын алу шараларын әзірлеу».
- Кафедраның жоғары білікті қызметкерлері: профессор, доценттер, жоғары санатты дәрігер ассистенттер, магистранттар, докторанттар.
- Стейкхолдерлердің қажеттіліктеріне сәйкес білім беру бағдарламаларын, пәндердің оқу-әдістемелік кешендерін мониторингілеу және дамыту.
- Антибиотикке резистенттілік мәселесі бойынша алыс шетелдермен (Швеция,Үндістан, Израиль) халықаралық байланыс орнатылған. ТМД елдерімен ( Мәскеу, Санк-Петербург, Минск, Гродно) педиатриялық инфектология саласы бойынша білім беру, клиникалық және ғылыми қызметпен алмасу үшін халықаралық байланыс орнатылған.
- Кафедраның жоғары білікті мамандарының практикалық денсаулық сақтау саласымен белсенді ынтымақтастығы. Кафедра қызметкерлерінің ҚР-да балалардың жұқпалы аурулары бойынша ұйымдастырушылық-әдістемелік және емдік-диагностикалық жұмыстары жүргізіліп жатыр.
- Магистранттар жəне докторанттардың Израиль жəне Литва елдерінде академиялық мобильділік бойынша білім алуы.