Целиноград мемлекеттік медицина институтында «Педиатрия» мамандығы бойынша дәрігерлер дайындау емдік факультеттің балалар аурулары кафедрасында 1979 жылдан басталды. Педиатриялық факультет ашылғаннан бастап, балалар аурулары кафедрасының алғашқы меңгерушісі м.ғ.к., доцент Чучупалов Д.П. болды, 1979 жылы педиатриялық факультеттің балалар аурулары кафедрасы құрылды. Кафедраны м.ғ.к., доцент Руденко Н.А., кейіннен м.ғ.к., доцент Коршунов С.Ф. меңгерді.
1987 - 1999 жылдар аралығында педиатрия факультетінің деканы қызметін атқара жүріп, балалар аурулары кафедрасын м.ғ.к., доцент Скучалина Любовь Николаевна меңгерді. Кафедра құрылған уақыттан бері, аймақтың педиатрлық қызметінің дамуына, балаларға педиатрлық көмек көрсету үшін мамандандырылған дәрігер-педиатрлар дайындауға үлесін қосқандар: профессор Скучалина Л.Н., доценттер - Хайруллин Б.Е., Скударнов Е.В., Мусина Б.К., Сатыбаева Р.Т., Уразова С.Н., Моренко М.А., Галимгожина Н.И., Чехович Г.И., ассистенттер – Басурманова Т.В., Вагнер В.Р., Железняк Л.И., Аксенова Р.И., Торчикова Г.С., Быкова Н.Д., Иванова Н.Д., Митина М.С.
2000 жылдың қаңтар айында педиатрлық факультеттің балалар аурулары кафедрасының бөлінуінің нәтижесінде пропедевтика курсымен бірге №1 балалар аурулары кафедрасы құрылды. №1 балалар аурулары кафедрасының алғашқы меңгерушісі м.ғ.д., профессор Розенсон Рафаил Иосифович болып, кейіннен педиатрия факультетінің деканы, ғылым бойынша проректоры болып қызмет атқарды.
2005 жылдан бастап кафедраны медицина ғылымдарының докторы, АҚ «Астана Медицина Университетінің» профессоры Моренко Марина Алексеевна меңгерді.
· Кафедраның даму бағыттары мен мамандықтары бойынша стратегиясын әзірлеу,
· жұмыс берушілермен және білім беру ұйымдарымен сыртқы байланыстарды нығайту және дамыту;
· Кафедраның бейініне мемлекеттік жоғары кәсіби және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімінің білім беру бағдарламаларын МЖМБС бойынша жүзеге асыру;
· Мамандарды даярлаудың кафедраішілік сапалы жүйесін өңдну;
· Білім беру формасы бойынша барлық оқу сабақтарының түрлерін жүргізу;
· Педагогикалық жүктемеге негізделген кафедра қызметтерімен электронды үлгерім журналын жүргізу;
· Қызметкерлердің жоспарланған және ағымды оқу, методикалық, клиникалық, ғылыми жұмыстарын және студенттермен тәрбие жұмыстарының сұрақтарын талқылау бойынша кафедра мәжілісін жүргізу;
· Кафедра дисциплиналары бойынша білім бері бағдарламаларын өңдеу;
· Кафедра бейіні бойынша білім беру процесінің кешенді оқу-медотикалық және ұйымдастыру- методикалық жабдықтаумен қамтамасыз етуді, білім беру және өндірістік тәжірилерді жүргізуді орындау.
Кафедраның негізгі ғылыми бағыты болып балалардағы респираторлы аллергоздар диагностикасы және емінің тиімділігін оңтайландыру болып табылады.
Кафедраның құрылу кезеңінен бастап 600 астам ғылыми мақалалар, соның ішінде 3 монография, 8 методикалық оқу құралдары, 2 авторлық куәландыру, 2 предпатент, 4 өнертабысқа патент жарияланды. Ғылыми зерттеу жұмыстарының қорытындылары амбулаторлы жүйе және стационарлардағы аллергологтар қызметтеріне енгізілді : Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы, №1 қалалық балалар ауруханасы және «Үміт» емдеу-сауықтыру орталығы.
Кафедраның профессорлық-оқытушылар құрамы кәсіби деңгейі жеткілікті жоғары. Кафедраның барлық оқытушылары квалификациялық дәрігерлік санаттары және мамандар сертификаттары бар.
Қазургі уақытта «Жалпы медицина» мамандығы бойынша 4-5 курс стуленттері оқытылады. Келесі дисциплиналар бойынша оқыту үш тілде жүргізіледі:
«ЖТД қызметіндегі балалар аурулары»
«Амбулаторлы-емханалық педиатрия»;
«Балалар ауруларының негізі».
№1 балалар аурулары кафедра қызметкерлері білім бері процесін Астана қ. жетекші медициналық денсаллық сақтау мекелерінде жүргізеді:
ШЖҚ «№1 қалалық балалар ауруханасы» МКК;
ШЖҚ «№2 қалалық балалар ауруханасы» МКК;
АҚ «Апаттық медицинаның теміржол госпитальдары» филиалы «Орталық жол больницасы»;
ШЖҚ «№2 перинаталдық орталық» МКК;
ШЖҚ «Ниет» отбасылық денсаулық орталығы»;
ШЖҚ «№5қалалық емхана» МКК;
ШЖҚ «№9 қалалық емхана» МКК.
Кафедра оқытушылары тәжірибелі денсалулық сақтаумен ауқымды емдік-ұсыныстық жұмыстар атқарады. Кафедра қызметкердері қатысуымен ғылыми-тәжірибелік, патологоанатомиялық конференциялар, семинарлар, клиникалық қараулар және консилиумдар жүргізіледі.
Кафедра қызметкердері педогогика және медицина бойынша өздерінің кәсіби деңгейлерін санаттарын көтеру курстарында үнемі жоғарлатады.
Кафедра меңгерушісі Моренко М.А. АҚШ, Германия, Дания, Санкт-Петербург, Мәскеуде тағылымдама өтті. Кафедра профессоры Розенсон Р.И Лондондық Корольдық Колледжінде (Великобритания) отбасылық медицина
Астана қ-сы, Тәуелсіздік к-сі 11/1, 5 қабат.
ШЖҚ «Қалалық балалар ауруханасы» МКК.