№1 ішкі аурулар кафедрасы (бұрынғы атауы –1966 жылы №1 қалалық аурухана базасында құрылған факультеттік терапия кафедрасы). Кафедраның негізін қалаушы және алғашқы меңгерушісі профессор И.А.Мельник (1966-1968) болса, одан кейін ұйымды доцент Н.П.Кукин (1968-1978), доцент М.А.Пак (1979-1999), профессорлар Т.З.Сейсембеков (2000-2002) және С.А.Байдурин басқарды. Ішкі аурулар кафедрасы жанынан медицина ғылымдарының кандидаты А.Я.Беспалюк басқарған емхана курсы және медицина ғылымдарының кандидаты А.Ш.Галустянның басқаруымен гематология курсы ұйымдастырылды.
1979-1999 жылдар аралығында кафедраны Пак Михаил Алексеевич басқарған.
2000-2002 жылдар аралығында медицина ғылымдарының докторы, профессор Сейсенбеков Тельман Зейнолұлы басшылық етті. Тельман Зейнолұлы Америка биография институтының «Жыл адамы-2002» номинациясы бойынша жеңімпаз атанып, дипломмен және «Amerikan Medal of Honor» медалімен марапатталды. 2004 жылы Халықаралық биография орталығының (Кембридж, Америка) «21stCentury Award for Achievement» номинациясына ұсынылды және дипломмен, ІВС күміс медалімен марапатталды. 2006 жылы емдеу мен диагноз қоюдың жаңашыл әдістерін жасағаны үшін және енгізгені үшін «Алтын стетоскоп» номинациясы бойынша марапатталды. 2008 жылы ҚР Үкіметінің 24.08.2005 жылғы №872 Қаулысымен «Жоғары оқу орнының 2008 жылғы ең үздік оқытушысы» атты мемлекеттік гранттың иегері атанды және де Қазақстан Республикасының медицина саласындағы «Санофи-авентис медициналық гранты-2008» атты Республикалық конкурста «Диабетология» номинациясын ұтып алды. Кафедраның құрылуы мен дамуына, дәрігер мамандарды даярлауда кафедрада әр жылдары қызмет атқарған доценттер – Преображенская Людмила Александровна, Сон Ен-Ай (Екатерина Георгиевна), Комаровер Наум Абрамович, Журавлев Владимир Иванович, Ибраева Макош Тержановна, Ким Людмила Александровна, Зозуля Ольга Вениаминовна, Гаркалов Константин Анатольевич, Козлова Ирина Юрьевна және ассистенттер – Карягине Людмила Габбасовна, Дорошенко Людмила Давыдовна, Мазур Любовь Ивановна, Глуховцев Евгений Викторович, Олгиева Мариетта Николаевна т.б. үлкен үлес қосты.
Эндокринологиялық қызметтің ұйымдастырылуы мен нығаюына доценттер –Н.П.Кукина мен М.Т.Ибраева, сондай-ақ кардиологиялық қызметке доцент М.А.Пак, Целиноград пен Ақмола облысына пульмонологиялық көмек қызметіне доцент Сон Ен-Ай үлес қосты.
Профессор Омарова Венера Әміржановна Астана қаласының жетекші гастроэнтерологтарының бірі, кафедра ардагері, тәжірибелі әдіскер, педагог, тәлімгер, ұзақ уақыт ЖОО партиялық комитетінің хатшысы, 10 жыл көлемінде ЦММИ проректорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, ҚР медициналық ЖОО-лардың оқу-әдістемелік бірлестігінің проректоры қызметтерін атқарған. Доцент Преображенская Людмила Александровна ЦММИ-да ауқымды қоғамдық жұмыстар атқарған: өндірістік тәжірибе бөлімін басқарды, «жас дәріскерлер мектебін» ұйымдастырды. Доцент Ибраева Макош Тержановна біраз жылдар қазақ бөлімінің деканы қызметін атқарды.
Кафедра құрамына әр жылдары келесі курстар кірді: эндокринология және емдік тағам (курс меңгерушілері: доценттер – Н.П.Кукина, М.Т.Ибраева), кәсіби аурулар курсы (меңгерушілері – м.ғ.к. В.И. Журавлев және доцент М.А.Пак), емхана және физиотерапия курсы (меңгерушісі – доцент Л.А. Приображенская), клиникалық фармакология курсы (меңгерушісі – доцент Сон Ей-Ай), әскери-далалық терапия курсы (меңгерушісі – доцент Н.А. Комаровер және профессор В.А. Омарова, м.ғ.к. Т.Р. Омаров.), аллергология курсы және иммунология курсы (меңгерушісі – ассистент М.Н. Долгиева), емдік дене шынықтыру мен дәрігерлік бақылау курсы (меңгерушісі – доцент Л.А. Ким).
1999-2001 жылдар аралығында Ақмола ММА жанынан академияның ішкі аурулары бойынша мамандандырылған диссертациялық Кеңес қызмет атқарды. Оның мүшелері профессор Т.З.Сейсенбеков, профессор В.А.Омарова және доцент М.А.Пак болды. Осы уақыт ішінде кафедра қызметкерлері 4 кандидаттық диссертация қорғады (асс. Н.А.Рутенко, Г.Т.Садыбекова, Г.Т.Смаилова, В.Н.Зеленская).
2002 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін гематолог маман, м.ғ.д., профессор Байдурин Серік Амангелдіұлы кафедра меңгерушісі болып қызмет атқарады. Ол «Шығыс медицинасы» факультетінің деканы қызметін атқарған.Қазақстан Президенті Іс Басқармасы ауруханасының консультанты, дәрігерлерге жоғары, 1-ші және 2-ші санат тағайындау жөніндегі аттестациялық комиссияның мүшесі. Қарағанды медициналық университетінің құрметті профессоры.
2002 жылдан бастап кафедрада 2010 жылы докторлық диссертациясын қорғаған Бекенова Фарида Кабешқызы жұмыс істейді, ол Қарағанды медициналық институтының түлегі, тәжірибелі педагог.
2013 жылы кафедраға медицина ғылымының докторы, профессор, жоғарғы санаттағы дәрігер-кардиолог С.М. Саркулова келді, ұзақ жылдар бойы ОҚММА–ның отбасы медицинасы мен поликлиникалық терапия кафедрасының меңгерушісі, кейіннен ОҚММА–ның интернатура кафедрасын басқарған.
2014 жылдан бастап м.ғ.к., профессор орынбасары З. Х. Қыстаубаева кафедра оқу ісінің меңгерушісі болып жұмыс атқарады.
№1 ішкі аурулар кафедрасының қызметкерлері көптеген республикалық және халықаралық конференциялар, конгрестер, соның ішінде Орталық-Азиялық Респираторлық қоғамның IV конгресін (2004 ж.), Евро-Азиялық Респираторлық қоғамның III Конгресін (2007 ж.), Фармакоэкономика жөніндегі I Евразиялық Конгресті ұйымдастыру және өткізуде атсалысты. Қазақстан Республикасы Солтүстік аумақтарында халықтың денсаулық жағдайын тексеруге арналған Халықаралық Ресейлік-Қазақстандық ғылыми «Инфрокос-Экос» бағдарламаларына қатысты, Республикалық НТП «Өңештің обыралды ауруларын ерте диагностикалау, емдеу және алдын алу әдістерін қалыптастыру», Қазақстан Республикасының солтүстік аумақтарында уран өндіруші кәсіпорындардағы халықтың денсаулық жағдайын тексеруге қатысты.
Кафедра клиникалық ординатура мен білімді жетілдіру циклінде 50-ден астам ғылыми-педагогикалық бағыттағы және дәрігер мамандарды дайындады. Олардың ішінде В.Г. Лукьянец – Дәстүрлі және халықтық медицина орталығының бас дәрігері, Б.Г. Бейсенова – облыстық аурухананың гастроэнтерология бөлімшесінің меңгерушісі, И.И. Дубовой – денсаулық сақтау ұйымдастырушысы (МСБ Степногорск, Брянск) және 2001 жылы диссертация қорғаған, А.А. Нурмышев – Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің бас терапевті.
Жыл сайын кафедра жаңа қызметкерлермен толығады. Атап өтсек: Д.Б. Блялова (2016 жылы магистратураға түсті), Э.Б.Калмагамбетова, Ш.К. Ахметжанова, 2016 жылдың қыркүйек айынан бастап – м.ғ.к., кардиолог-дәрігер, терапевт М.К. Жакупов; пульмонолог, терапевт Г.Ж. Сагындыкова; кардиолог Б.А. Назарбаева; терапевт А.Э Кабибулатова; педиатр, эндокринолог А. Е. Есенгельдиева.
Кафедраның оқытушы-профессорлар құрамы:
Медицина ғылымының докторлары, профессорлар – 3;
Медицина ғылымының кандидаттары, доценттер – 2;
Ассистенттер – 8
Кафедра жүргізетін дәрістер:
–5В130100 «Жалпы медицина», «Ішкі аурулар» (4-курс) мамандықтары бойынша; «Ішкі аурулар» пәні;
–1-2 жылғы резиденттер үшін «Ішкі аурулар» бойынша бейіндік шектік пәндер;
–6М010100 «Кардиология» мамандығы бойынша магистратура;
–«Жалпы медицина» мамандығы бойынша доктарантура;
Оқу барысында мынадай оқыту әдістері қолданылады:
–Топпен жұмыс (проблемаларды анықтап қоя білу, топпен талқыға салу, деректерді жинау және талдау).
–Проблемалық-бағдарлық оқыту (PBL).
–Өздігінен ақпарат жинау арқылы оқыту.
–Теория мен практиканы бірге ұштастыру, клиникада студенттерге науқастардан мәлімет жинап сұрауға, клиникалық тексерістер өткізуге мүмкіндік жасау.
–Клиникалық жағдайларды талқылау.
–Зертханалық-аспатық тексерістер нәтижесін талқылау.
–Интерактивті оқыту әдістерін қолдану.
Кафедраның ғылыми бағыттары:
–«Ішкі аурулар клиникасындағы метаболизмдік синдром».
Метоболизмдік АГ ерекшеліктері.
–«Гепатобилиарлық жүйе аурулары мен метаболизмдік синдром».
–«СБЖ-ның соңғы кезеңінде өкпенің зақымдануы».
–Доктаранттар мен магистранттардың кафедра мен поликлиникаларда ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізеуі.
Инновациялық оқыту әдістемелерін енгізу:
–4 инновациялық патент:
–Практикалық сабақтарға PBL енгізу.
–Объектіге авторлық құқық алғаны жөніндегі мемлекеттік тіркеуден өткені туралы куәлік: «Инфаркт миокарда: электрокардиографическая диагностика». Авторы: Байдурин С.А., Саркулова С.М., Бекенова Ф.К., Накыш А.Т.
–Интернет обучение студентов по ЭКГ расшифровке ИМ. Байдурин С.А., Бекенова Ф.К., Саркулова С.М. (Студенттерге ЭКГ талдауды интернет арқылы үйрету).
Инновациялық оқыту әдістемелерін енгізу:
–Профессор С.М Саркулованың өнертабысқа патенттері:
–«Способ донозологической диагностики и профилактики профессионального заболевания». 29.06.2012.
–Инновациялық оқыту әдістеріне грант бойынша жоба жасалды «Электрокардиографическая диагностика инфаркта миокарда» бейнеаудиофильм түсірілді. Авторлық куәлік 2015 жылы алынды.
–Профессор С.М Саркулова жетекшілігімен Н.А Айтымбетова магистрлік диссертация қорғады. Диссертация тақырыбы: «Оценка эффективности радиочастотной абляции тахикардий: атриовентрикулярной узловой реципрокной тахикардии и WPW».
ОПҚ жарияланымдары:
1.С.А. Байдурин, Ф.К. Бекенова, А.С. Идрисов. «Симуляция как междисциплинарная интеграция клинических кафедр». // Медицина и экология - 2015-Специальный выпуск-С.101-102.
2.С.А. Байдурин, А.С. Идрисов, З.К. Кыстаубаева, Ш.Ш.Казиева, Д.Б. Блялова, Г.А. Абай. «Эффективность использования многофункционального манекена Харви (Harvey) в ходе учебного процесса на кафедре внутренних болезней». // Медицина және экология – 2015 - Арнайы басылым-С.103-106.
3.С.М Саркулова, С.А. Байдурин, Ф.К. Бекенова, А.Т. Накыш, М. О. Жакупбекова. «Электрокардиографическая диагностика инфаркта миокарда». // Медицина және экология – 2015 -Арнайы басылым - С.99-100.
4.S.A.Baidurin, F.K.Bekenova, A.S. Idrisov. “Simulation as interdisciplinary integration of clinical departmens”.
5.S. A. Baidurin, A.S. Idrisov, S. K. Kystaubaeva, Sh. Sh. Kasieva, D.B, Blyalova, G.A.Abay. “Efficiency of use multi- dummy Harvey in the educational progress in the department of internal medicine”.
6.S.M. Sarkulova, S. A. Baidurin,F.K. Bekenova, A. T. Nakysh, M. O. Shakupbekova. Using of interactive program. “Electrocardiographic diagnosis of miocardialinfarction.”
7.Nakysh A. T. “Age characteristics of the individual factors of the metabolic sindrome in Kazakhs”. Supervisor: Baidurin S.A, D.Med.Sci, professor, Chief of the Department of Internal Medicine №1, JSC. | Материалы научно- практической конференции студентов и молодых ученых. 2016г.
8.Nakysh A. T, Baidurin S.A. «metabolic syndrome: prevalence, issues in pathogenesis and diaagnostic criteria.”
9.Бекенова Ф.К, Латыпова Н.А. «Особенности окислительного метаболизма у больных ХОБЛ в условиях длительного низкодозового радиационного воздействия»
10.Накыш А.Т, Байдурин С.А. «Метаболический синдром: распространённость, вопросы патогенеза и критерии диагностики». //Астана медициналык журналы. №2. 2015 ж.
11.Карибаева М.К, Сабыков Д.К. «Особенности течения ИБС среди жителей Астаны. Научный руководитель: к.м.н, и.о профессора Кыстаубаева З.Х.» Материалы научно-практической конференции студентов и молодых ученых - Астана, 2016.Студенттер мен жас ғалымдардың ғылыми- практикалық конференциясы материалдары.
12.Накыш А.Т., Байдурин С.А. «Эффективность и безопасность применения Милдроната НЕО у пациентов с ишемической болезнью сердца(ИБС) с дополнительными факторами риска». «Человек и лекарство- Казахстан.» 2015, №1