«№1 Анестезиология және қарқынды терапия» кафедрасы

Басшылық

Конкаев Айдос Қабибулатұлы

кафедра меңгерушісі

медицина ғылымдарының докторы, профессор, жоғары санатты дәрігер. Астана қаласы медицина  университеті жанындағы докторлық диссертацияларды қорғау жөніндегі диссертациялық кеңестің ғылыми хатшысы. ҚР ДСМ Анестезиология және реанимация жөніндегі сарапшысы, "Қазақстанның анестезиологиясы  және реаниматологиясы", "Травматология және ортопедия"ғылыми-практикалық журналдардың редалқасының мүшесі. Еуропалық анестезиологтар қоғамының (ESA), Аймақтық анестезия еуропалық қоғамының (ESRA) толық мүшесі, Қазақ анестезиологтар және реаниматологтар қоғамының (КОАР) вице-президенті.  2013 жылдан бастап Астанада Анестезиология (СЕЕА) бойынша қосымша білім беру жөніндегі еуропалық мектеп филиалының директоры.

Thomson Reuters мәліметтер базасында индекстелген 11 ғылыми мақала мен тезистердің авторы, 130-дан астам ғылыми жарияланым, 4 монография, 3 оқу құралы, 18 инновациялық патент шығарды.  2008 жылы ҚР ДСМ "Жылдың үздік оқытушысы" грантының иегері, 2009 жылы ESA "Young teacher" (Милан) грантының иегері, 2017 жылы "ҚР Денсаулық сақтау үздігі"медалімен марапатталды. ҚР ДСМ бұйрығымен 2008-2009 жылдары Астана қаласы Денсаулық сақтау департаментінің бас анестезиолог-реаниматологі болып тағайындалды. La Sapienza (Рим, Италия), AKH (Вена, Австрия), Зальцбург (Австрия), Санкт-Петербург қ. (Ресей) университеттік клиникасында анестезиология және реаниматология бойынша тағылымдамадан өтті, Нью-Йорк қ. (АҚШ) Колумбия университетінде ғылыми зерттеулер менеджементінің мәселелері бойынша оқудан өтті.

Кадрлық құрам

Қабдуалиев Асқар Қасенбайұлы

профессор
медицина ғылымдарының кандидаты, профессор, Жоғары санатты дәрігер.

Разумов Сергей Андреевич

профессор
медицина ғылымдарының кандидаты, профессор, Жоғары санатты дәрігер.

Елтаева Айгерим Асқарбекқызы

ассистент
PhD

Құрылу тарихы

Қайтадан құрылған кафедра құрамына профессор Мустафин А. Х., доценттер мүшелердегі Кабдуалиев А. К., Разумов С. А., ассистенттер Гурбанова Э. И., Бапанов Ж. А. қабылданды.. Кафедраның клиникалық базалары "Травматология және ортопедия ҒЗИ" РМК, 2-ші қалалық аурухана, "2-ші қалалық балалар ауруханасы"РМК болды.

Профессор Конкаев А. К., ассистент Гурбанова Э. И. "көптеген және жанамаласқан жарақаттары, олардың салдары және ортопедиялық аурулары бар науқастарды диагностикалау, емдеу және оңалтудың инновациялық технологияларын әзірлеу және енгізу" тақырыбы бойынша ТОҰҒЗИ ҒЗТКЖ ғылыми-техникалық бағдарламасының үзіндісін орындады. Ғылыми-техникалық бағдарлама шеңберінде олар Picco әдісімен волюметриялық мониторингілеу, артериялық қысымды инвазивті бақылау, көлемді  қан кетудің инфузиялық терапиясының алгоритмін әзірлеу жұмыстарын жүргізді. Профессор А. К. Конкаев магистрант Н. В. Бекмагамбетовамен бірге тірек-қимыл аппаратының жарақаттары бар геронтологиялық науқастардың операциядан кейінгі делирий проблемасы зерттелді, MMSE және CAM-ICU шкаласы бойынша когнитивті статусқа кешенді баға берді, ментальдық бұзылыстарды түзетудің инновациялық әдістемелері енгізілді.

Доцент Кабдуалиев А. К. торакальдық  және кеудеден тыс жерге  операциялар жасағанда тыныс алу және қанайналым функцияларын зерттеумен айналысады. Осы мақсаттар үшін оңжақ жүрек бөліктерін Сван-ганец әдісімен катетеризациялау жүзеге асырылады, жүрек шығарымын және айналымдағы қан көлемі радиоизотоптық әдістемелердің көмегімен бағаланды, сондай-ақ сурфактанттың беткейлік-белсенді қасиеттері зерделенеді. Доцент Разумов С. А. балалар перитонитінің  қарқынды терапиясы мәселелерін тереңдете зерттейді.

Дипломнан кейінгі білім беру факультетінің анестезиология және реаниматология кафедрасымен әртүрлі мамандық дәрігерлерін алғашқы қайта даярлау жүргізіледі, біліктілікті арттыру циклдерінде анестезиологтар, реаниматологтар, токсикологтар, неонатологтар, жедел жәрдем дәрігерлері оқытылады. Кафедраның барлық қызметкерлері Италия, Австрия, Норвегия, Ресей, АҚШ жетекші клиникаларында тәжірибеден өтті.

Мақсаттар

Анестезиология,  реанимация және қарқынды  терапия мәселелері бойынша теориялық негіздері мен практикалық машықтарды меңгеру. Науқасты операциялық жарақаттан қорғау тәсілдері, организмнің резевтік  мүмкіндіктерін  мақсатты түрде арттыру,  жүйелер мен ағзаларда операция салдарынан туындайтын физиологиялық және патофизиологиялық өзгерістерді  түзету, сондай- ақ науқасты өмірге қауіп төндіретін жағдайдан барынша  жылдам шығару әдістері мен тәсілдері, жіті және созылмалы ауырсыну синдромының  алдын алу және емдеу оқытылады.

Қызмет

Кафедраның ғылыми- зерттеу қызметінің негізгі бағыттары жүйрек функциясының жіті жеткіліксіздігінің қарқынды терапиясы, науқастарды анестезияға және операциядан кейінгі аналгезияға дайындау, полигағзалық  жеткіліксіздік синдромын емдеу, анестезиология және реаниматология қызметін ұйымдастыруды жетілдіру.

Жетістіктер

Кафедра қызметкерлері аймақтық анестезия-аналгезияның өзекті мәселелеріне, кардиохирургиялық операция кезінде респираторлық демеу мәселелеріне арналған 1 докторлық және 2 кандидаттық диссертацияны қорғады. Кафедра  қызметкерлерінің диссертациялық жұмыстарын қорытындылау орталық нейроаксиалдық блокадаларының өзекті мәселелері бойынша 5 монография шығарумен аяқталды, 24 инновациялық патент, 4 ғылыми-әдістемелік құрал және 250 - ден астам ғылыми мақала-таяу және алыс шетелдерде шығарылды.

"АСТМУ" АҚ дипломнан кейінгі білім беру факультетінің анестезиология және реаниматология кафедрасы клиникалық практикаға жаңа технологияларды енгізу бойынша әдістемелік-ұйымдастыру орталығы болып табылады. Кафедраның  ғылыми және клиникалық жұмысының негізгі бағыты ауыр жарақаттық зақымданулар алғанда көлемдіқан кетудің интенсивті терапиясын оңтайландыру, ЖӨР кейін неврологиялық бұзылыстарды дәрі-дәрмекпен түзету, ҚТБ науқастардың делирий кезінде анестезиологиялық және реанимациялық көмекті жетілдіру.

2012 жылы кафедра қызметкерлері Анестезиология бойынша еуропалық мектептің (СЕЕА) Астана қаласындағы филиалын ашуға өтінім берді. Еуропалық анестезиологиялық білім беру комитетінің отырысында (Барселона, Испания) 2013 жылғы 3 маусымда Қазақстандағы алғашқы CEEA филиалы ашылды, оның директоры болып "АСТМУ" КЕАҚ дипломнан кейінгі білім беру факультетінің анестезиология-реаниматология кафедрасының меңгерушісі, профессор А. К. Конкаев тағайындалды. Еуропалық анестезиологиялық білім беру қоры-халықаралық коммерциялық емес ұйым 1986 жылы Голландияда Johan Spierdijk (Лейден), Philippe Scherpereel (Лилль)құрылды. Одан кейін ол Еуропалық анестезиологтар қоғамы (ESA) жанындағы Еуропалық анестезиологиялық білім беру комитеті (CEEA) болып қайта құрылды. Бүкіл әлем бойынша анестезиологиялық білім беру бойынша Еуропалық комитеттің 120-дан астам филиалы ашылды, 8000-нан астам анестезиолог-реаниматолог дәрігер оқудан өтті. Барлық 6 цикл бағдарламасы Еуропалық Анестезиология қоғамымен (ESA) және Дүниежүзілік анестезиологтар қоғамының федерациясымен (WFSA) келісілді. СЕЕА оқу курсын аяқтаған үміткерлердің анестезиология бойынша еуропалық диплом алу үшін емтиханнан өтуге құқығы бар.

Кафедраның даму жоспарында емдеу базаларын кеңейту, анестезиолог реаниматолог дәрігерлерді резидентурада, магистратурада және докторантурада оқуын жалғастыру үшін кафедраға қабылдау қарастырылған.

Кафедраның ресми сайты: www.oar.kz

 

Байланыс деректері

«Травматология және ортопедия ҒЗИ» ШЖҚ РМК,

Нұр-Сұлтан қ., Абылайхан данғ., 15а,

Анестезиология және реанимация бөлімі;

Электрондық пошта: 8602817@mail.ru