Академик Ж.Х. Хамзабаев атындағы радиология кафедрасы

Басшылық

Рахимжанова Раушан Ибжановна

кафедра меңгерушісі
Қарағанды мемлекеттік медициналық институтының емдеу факультетін бітірді. Екі жыл практикалық жұмыстан соң клиникалық ординатурада оқып жүріп кәсіби дайындық мектебінен өтті, кейін Мәскеудегі рентгенология аспирантурасын іштей бітірді. 1972 жылы КСРО МҒА А.В. Вишневский атындағы хирургия ҒЗИ Ғылыми Кеңесінде «Ангиопульмонографические исследования при комбинировании радиационно-ожоговой травме» атты кандидаттық диссертациясын сәтті қорғап шықты. Раушан Ибжановна 1970 жылдан 2000 жылдар аралығында Асфендияров атындағы Казақ Ұлттық медициналық университетінің (Алматы қ.) рентгенология және радиология кафедрасында ассистент қызметін атқарды, ал 1990 жылдан бастап кафедраның доцент лауазымына ауысты. Осы жылдары Раушан Ибжановна педагогика қызметімен қоса ғылыми зерттеулерді белсенді жүргізді, кешенді сәулелік диагностикадағы сүт безі ауруларының, бірінші кезекте сүт безі ауруларының қатерлі ісігін дамыту және оңтайландыру мәселелерін өзінің басты ғылыми бағыты ретінде алды. 2000 жылы «Пути совершенствования комплексной лучевой диагностики заболеваний молочных желез» атты докторлық диссертациясын сәтті қорғап шықты. 2000 жылы Раушан Ибжановна Астана қаласының тарихи өзгерістеріне белсенді қатысып және ортақ ісіне өз үлесін қосуға ниет білдіре отырып өзінің жолдасымен (проф. Ж.Х. Хамзабаев) Астана қаласына қоныс аударды. Профессор Рахимжанова Р.И. басқаруымен осы жылдар аралығында кафедрада ординатура, аспирантура, докторантура бағыттары арқылы мамандандарды оқыту белсенді түрде жүргізілді. Оның оқушылары үнемі ғылыми конкурстарда үздік орындарға ие болды, ал кафедра Университет ішіндегі үздік кафедралардың бірі. 2005 жылы Медицина академиясында (қазір университет) өткізілген конкурс нәтижесімен Раушан Ибжановна «Жылдың үздік дәрігері» номинациясы бойынша ең жоғары құрметке ие болды. 2009 жылы өткізілген университеттің кафедралары арасындағы 2007-2008 жылдардағы қызметтердің нәтижесіне байланысты өткен «ЖОО үздік кафедрасы» конкурсынан Раушан Ибжановна басқарған радиология кафедрасы бірінші орын алды. Профессор Рахимжанова Р.И. ғылыми-педагогикалық жұмыстар мен қатар әлеуметтік жұмыстарға белсене араласады. - 1998 жылы Қазақстан Республикасының дәрігерлері мен провизорлары қауымдастығының конференциясында «Кеуденің қатерлі ісініне жол жоқ» қозғалысының президенті болып сайланды. - 2005 жылы Қазақстан маммологтар қоғамының президенті болып сайланды. - Раушан Ибжановна Университеттің Ғылыми Кеңесінің мүшесі, «Сәулелік диагностика» мамандығының диссертациялық кеңесінің мүшесі, рентгенрадиология ғылыми семинарының төрағасы, сонымен қатар «Сәулелік диагностика» профилі бойынша жоғары біліктілік санатын тағайындауда мамандандырылған комиссия мүшесі. - Раушан Ибжановна Ресейдің «Медицинская визуализация» атты радиологиялық журналының редакциялық кеңесінің мүшесі болып табылады. Профессор Рахимжанова Р.И. өзі ұйымдастырып қана қоймай, сонымен қатар халықаралық конференцияларға белсене қатысады, радиология ғылымының жетістіктерін насихаттап және оларды Республиканың Денсаулық саутау практикасына табысты енгізеді. Қазақстан маммологтары қоғамының президенті бола отырып ол маммология қызметін жетілдіруге және сүт безі қатерлі ісігін ерте диагностикалауды қамтамасыз етілуінекөп күші мен энергиясын жұмсайды. Мәселенің өзектілігін ескере отырып профессор Рахимжанова Р.И. университет базасы өз кафедрасында оқу-әдістемелік орталықты ұйымдастырды, рентгенмаммографиясында, сандық радиография мен рентген остеоденситометрімен жұмыс жасауға дәрігерлер мен рентгенлаборанттарды оқытады және дайындайды. Осылайша, тек маңызды радиациялық қауіпсіздігіне және рентгенмаммографияның сапасын бақылау мен басқа да радиологиялық зерттеулерлерге көп көңіл бөледі. Осы мақстаттар үшін Раушан Ибжановна алғаш рет Республикада фантомдар мен тест-объектілері белсенді енгізілді. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігінің №382-ші бұйрығымен 2007 жыл 25 шілдеден 2015 жылдың тамызы аралығында профессор Рахимжанова Р.И. сәулелік диагностика бойынша басты штаттан тыс маман болып қызмет атқарады. Ол «КСРО денсаулық сақтау үздігі», «ҚР Денсаулық сақтау үздігі», 2005 жылы «ЖОО үздік дәрігері» дипломымен марапатталды, бірнеше рет Академиядан және ҚР Денсаулық сақтау министрлігінен құрмет грамотасымен алғыс хаттармен марапатталды. Профессор Рахимжанова Р.И. 200 ден астам ғылыми жұмыстардың, сонымеи қатар 2 монографияның (мемлекеттік және орыс тілінде), 18 әдістемелік ұсыныстардың авторы. 8 өнертабыстың ҚР Ұлттық патенттік жүйесінен авторлық куәлік алған. Раушан Ибжановнаның барлық қызметтері ерекше жауапкершілік сезімімен, өз мамандығына деген мақтанышы мен шынайы сүйіспеншілікке толы. Ол әріптестерімен студенттерінің арасында үлкен құрметке ие. Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 4 желтоқсан №4357 жарлығымен Рахимжанова Р.И. денсааулық сақтау саласына үлесімен ұзақ жылғы адал еңбегі үшін «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері» атағы берілді.

Кадрлық құрам

Кожахметова Жанара Жаныбековна

доцент
медицина ғылымдарының докторы, кафедра доценті міндетін атқарушы – Қазақ мемлекеттік академиясын тамамдаған. Кафедрада 2003 жылдан бері қызмет атқарады. 2006 жылы «жамбас тінінің проксималды бөлігі сынған науқастарда сүйек тіні минералды тығыздығының кешенді сәулелік диагностикасы» тақырыбында кандидаттық дессертация қорғады. 40 ғылыми мақала, 2 әдістемелік нұсқаулықтың және 1 оқу құралының авторы. 2012 жылы «ҚР денсаулық сақтау үздігі» төс белгісімен мараматталды.Республикалық «Қазақстан радиология қоғамының» және Еуропалық радиологтар ассоциациясының мүшесі. Жақын және алыс шетелдерде мамандандырудан өткен. Кафедрада оқу жұмысына жауапты, оқы ісі меңгерушісі.

Ахметзакиров Ринат Рафисович

ассистент
2004 жылы Семей мемлекеттік медицина академиясын аяқтады. 2014 жылдың қыркүйектен бастап кафедрада жұмыс істейді. 3 мақала авторы. Республикалық «Қазақстан радиология қоғамының» және Еуропалық радиологтар ассоциациясының мүшесі. Кафедрада курсанттар құжаттарына жауапты.

Туржанова Динара Ерлановна

ассистент
«Медицина» магистрі, кафедра ассистенті - АО «Астана медицина университетін» тамамдаған. Кафедрада 2012 жылдың қыркүйегінен жұмыс істейді. 2015 жылы «Әйелдің постменопаузы уақытында сүйек тінінің минералды тығыздығын бағалау» тақырыбында магистрлік диссертация қорғады.10 ғылыми мақала авторы. Республикалық «Қазақстан радиология қоғамының» және Еуропалық радиологтар ассоциациясының мүшесі. Кафедрада резидентура құжаттарына жауапты.

Даутов Тайрхан Бекполатович

профессор
Даутов Т.Б.- профессор , м.ғ.д., жоғары санаттағы дәрігер, «Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы» сәулелік диагностика бөлімінің меңгерушісі ; Майер А.М. - кафедра доценті, м.ғ.к., жоғары санаттағы дәрігер, « №2 ҚБА» сәулелік диагностика бөлімінің меңгерушісі ; Спичак Л.В. - кафедра доценті, м.ғ.к., жоғары санаттағы дәрігер, «ТОҒЗИ» сәулелік диагностика бөлімінің меңгерушісі; Тлеубергенова Ж.А. - кафедра доценті, м.ғ.к., жоғары санаттағы дәрігер, «№2ҚА» сәулелік диагностика бөлімінің меңгерушісі; Садуакасова А.Б. - кафедра доценті, м.ғ.д., жоғары санаттағы дәрігер, «МЦ УДП РК» сәулелік диагностика бөлімінің меңгерушісі; Налгиева Ф.Х. - кафедра доценті, м.ғ.к., жоғары санаттағы дәрігер, «Онкологиялық диспансер» радиология бөлімінің меңгерушісі; Емцова И.И. - кафедра ассистенті, жоғары санаттағы дәрігер.

Құрылу тарихы

2002 жылы профессор Хамзабаев Ж.Х. университетте курстың болуына белсенділік танныстты содан кейін Қазақ Мемлекеттік Медицина Академиясы дәрігерлерді жетілдіру факультетіндегі сәулелік диагностика кафедрасы құрылды.

2003 жылдан бастап 2008 жылдың мамыр айына дейін сәулелік диагностика кафедрасын медицина ғылымдарының докторы Тұрмұхамбетова Анар Ақылбекқызы басқарды. Ол Қарағанды мемлекеттік медициналық институтын бітірді, бірнеше рет алыс шет елдерінде біліктілігін арттырып келді. Ғылыми жұмыстарды жүргізеді, медицина ғылымдары докторының ғылыми дәрежесін алу үшін «Солтүстік Қазақстан өңірінің тұрғындарының клиникалық-рентгенологиялық остеопороз ерекшеліктері» атты жазылған диссертацияны қорғады. Анар Ақылбековна 70 ғылыми жұмыстардың, 8 әдістемелік нұсқаулардың, 1 монографияның авторы болып табылады. Бірнеше рет алыс және жақын шет елдерінде біліктілігін арттырып келді. Қазіргі уақытта Анар Ақылбековна Қарағанды мемлекеттік медициналық университетінің ғылыми проректоры болып келеді.

2008 жылы кафедраны 2008 жылдан 2014 жылға дейін кафедра ұжымын медицина ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасының профилактикалық медицина Академиясының академигі Хамзабаев Жанғали Хамзабайұлы басқарады. Оның басшылығымен реализациялық 15Н НТП ҒЗИ травматология және ортопедия бағдарлама жүзеге асуда: «Травматология және ортопедиядағы реабилитация, емдеу, диагностика және профилактикадағы инновациялық технологияларды енгізу және өндеу».

2008 жылы кафедраны АҚ Астана медициналық университетіндегі», үздіксіз кәсіби даму мен қосымша білім беру факультетінің №2 радиология кафедрасы болып өзгертілді.

Жанғали Хамзабайұлы 500 ғылыми жұмыс, соның ішінде 15 монография, 30 әдістемелік нұсқаулардың және 14 жаңалықтардың авторы. Профессор Хамзабаев Ж.Х. басшылығымен 60 диссертациялық жұмыс қорғалды, сәулелік диагностика және сіулелік терапия бойынша 2000-нан астам мамандар мен 200-ден астам резиденттер дайындалды. 2007 жылдан 2010 жыл аралығында ТОҒЗИ мәселелік комиссияның төрағасының орын басары; «Ұлттық ғылыми медициналық орталықтың» сәулелік диагостика және сәулелік терапия бойынша ғылыми семинар мүшесі; 14.00.22 – ҚР ДСМ «ТОҒЗИ» травматология және ортопедия мамандығының ізденушілерінің ғылыми докторлық (кандидат) дәреже диссертациясын қорғау бойынша диссертациялық кеңестің мүшесі.

2010 жылы профессор Хамзабаев Ж.Х потенциалды жабдықтаушы медициналық техникалық талаптар мен техникалық мінездемені беріп анықтайтын сарапшы болып табылады.

1974 жылы Жанғали Хамзабайұлы «КСРО денсаулық сақтау үздігі» (№243, 14.05.1974ж.) белгісімен марапатталды. 1997 жылы «ҚР денсаулық сақтау үздігі» (№462, 09.10.1997ж.) белсімен марапатталды. 2005 жылыҚазақстан халқының денсаулығы мен игілігіне адал еңбегі, сонымен қатар біздің егемен мемлекетіміздің денсаулық сақтау саласын дамытудағы белсенді қоғамдық қызметі үшін «Қазақстанның дəрігерлері жəне провизорлары қауымдастығының гауһар белгісімен» марапатталды. Денсаулық сақтау мен білім беру саласында ерекше қызметі үшін ҚР Президентінің 07.12.2007 ж. жарлығымен профессор Хамзабаев Жанғали Хамзабайұлы «Құрмет» орденімен марапатталды. 2008 жылы «Жылдың жетекші ғалымы» конкурсында профессор Хамзабаев Ж.Х бірінші орын алды. 2009жылы Білім жəне ғылым саласына сіңірген ерекше еңбегі үшін Астана медицина университетінің «Құрметті ұстаз» белгісімен марапатталады.

2010 жылы Қазақстан Республикасы халқының өмірі мен денсаулығын сақтауға сіңірген абыройлы еңбегі үшін Хамзабаев Жанғали Хамзабайұлы «Алтын дәрігер» құрметті атағымен марапатталады. ҚР денсаулық сақтау министрі қолынан Құрмет грамотасын алды. 2011 жылы Астана қаласының әкімі И.Тасмағамбетовтен Құрмет грамотасын алды. 2012 жылы профессор Хамзабаев Жанғали Хамзабайұлы «Астана медициналық университеті» АҚ, Үздіксіз кәсіби даму мен қосымша білім беру факультетіне 10 жыл толуына орай «Адал еңбегі үшін» дипломымен және құрмет грамотасымен марапатталды. 2012 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылыми академиясынан ғылыми-зерттеу жұмыстарында және инновациялық қызметіндегі жеткен жетістерін бағалап құрмет грамотасын берді. 2012 жылы Санкт-Петербург радиологтар қоғамынан рентгенрадиология саласына қосқан үлесі атты медалін алды. 2012 жылы Санкт-Петербург радиологтар қоғамынан құрмет грамотасымен марапатталды. 2012 жылы Семей мемлекеттік медициналық университетінен «Абзал жан» белгісімен марапатталды.

Жанғали Хамзабайұлы – белсенді қоғам қайраткері. 1983 жыл мен 2003 жыл аралығында ҚР ДСМ басты рентгенологы болып табылады, ал Республика бойынша рентгенрадиологтардың 2 съездінде (1988) Қазақстан рентгенрадиологтар Қауымдастығының президенті болып сайланды.

Жанғали Хамзабайұлы ҚР профилактикалық медицина академиясының академигі болып сайланды, Қарағанды мемлекеттік медициналық академиясының және Семей медициналық академиясының құрметті профессоры, Санкт-Петербург радиологтары ғылыми қоғамының құрметті мүшесі, Еуропаның ядролық медицина қауымдастығының мүшесі, Еуропа радиологтарының қауымдастығының мүшесі (Австрия), Еуропа дәрігерлерінің ядролық медицина бойынша қауымдастығының мүшесі (Австрия), Грузия радиологтар қауымдастығының құрметті мүшесі, Еуропаның гипотермия бойынша қауымдастығының мүшесі.

Профессор Хамзабаев Ж.Х. Қазақстан Республикасының Денсаулық Сақтау Министерлігімен бірге жыл сайын халықаралық ғалымдардығ қатысумен бес рет Евразиялық Радиологиялық форум ұйымдастырылды.

Профессор Ж.Х. Хамзабаевтың өмірден өтуіне байланысты 2015 жылы кафедраны профессор Р.И. Рахимжановаға басқару табысталды.

№2 радиология кафедрасы сәулелік диагностика мамандарын – УДЗ дәрігерлерін, рентгенологтарды, компьютерлі және магнитті - резонансты томография дәрігерлерін, сонымен бірге орта медицина қызметкерлері – рентген лаборанттарды, қайта даярлау мен білімін жетілдірумен айналысады. Кафедра материальды жағынан сабақты жоғарғы деңгейде өткізетін техникалық базамен қамтамасыз етеді.

Профессор Ж.Х. Хамазабаев және Р.И. Рахимжанова Вена қаласының (Австрия) Еуропа радиологтар конгресінің мерзімді басылымына ҚР радиологиялық қызметінің жағдайы мен радиология бойынша кадрларды дайындау жөнінде жыл сайын мәліметтер береді. 09.06.14ж бастап 20.06.14ж. аралығында Қазақстанда бірінші рет Еуроазия радиологтар мектебі өткізілді (49 халықаралық мектептер) TUTORIAL ESOR.

Кафедрада белсенді ғылыми жумыстар өткізіліп, сәулелік диагностикаға инновациялық әдістер енгізіліп жатыр. Алғаш рет Қазақстанда №2 радиология кафедрасында соноэластография аппараты койылды. Ультрадыбысты аппаратта және рентгенді денситометрияда курсанттар оқып уйреніп және зерттеулер жургізеді. Маммологтарды дайындауда жеке рентгенмаммограф, ультрадыбысты аппарат, электроимпедансті маммография аппараттары бар оқу – клиникалық орталықпен камтылған (тек ғана Казахстанда).

Тыңдаушылар травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу орталығында, ҚР Президентінің іс-басқармасы әкімшілігінің медициналық орталық ауруханасында, Ұлттық ана мен баланы қорғау ғылыми орталығыда, №2 Қалалық ауруханада, Ұлттық кардиохирургия орталығында, Онкологиялық диспансерде, №1 Қалалық балалар ауруханасында, №2 Қалалық балалар ауруханасында, Балаларды оңалту орталығында, Республикалық диагностикалық орталықта білім алады. Кафедраның қызметкерлері мен курсанттары семинарлар мен ғылыми-практикалық конференцияларды ұйымдастыру мен өткізуге белсенді қатысады.

Тапсырмалар

• Оқу және ғылыми-әдістемелік жұмыстарды жоғары деңгейде ұйымдастыру және өткізу, ғылыми зерттеу жұмыстарын өткізу, оқытушылардың квалификациясын көтеру;

• Кафедраның моральды-этикалық статусын ұстап тұру;

• Әрбір қызметкердің орындап жатқан жұмыс сапасы жөнінде жауапкершілігін және кафедраның мақсатқа жетудегі ұжымның белсенділігін анықтау;

• Оқу-әдістемелік қызметті жоғары кәсіби деңгейде көрсету, берілген бағытта әлемдік тәжірибеде жеткен жоғары нәтижелерге ұмтылу.

Кафедраның миссиясы жинақталған білім, тәжірибені, ұжымның интеллекті мен моральдық әлеуетін пайдалана отырып, сәулелік диагностика мен сәулелік терапия бойынша мамандарды сапалы дайындау, жаңа және қолданыстағы сәулелік диагностика мен сәулелік терапия баағыттарын жеңілдету болып табылады.

Мақсаттар

• Әлеуметтік білім беруді дамыту;

• Білім беру қызмет түрлерінің рыногында жетекші орынға ие болу;

• Сапа менеджменті жүйесі аясында кафедра деят жетілдіру.

Функциялар

     • ГОСО сәйкес құрылған оқыту сабақтарын жүргізу және даярлау;

• Оқу-әдістемелік құжаттамасын, оқу құралдарын түзу және шығару;

• Аудиторлық оқыту сабақтарын (оқыту жұмыстары бойынша Ректор мен проректор бекіткен оқыту салмағы мен графикке сәйкес лекция, практикалық сабақтар, семинарлар, зертхана жұмыстары| )

• Орнатылған ретпен курсанттар, резиденттер, магистранттар, докторанттарға консультация өткізу;

• Кафедра қызметкерлерінің біліктілікті арттырудың жыл сайынғы және перспективалы жобасын даярлау;

• Көрмелер мен конференцияларға қатысу;

• Университеттің басқару органдары мен басқа да ұйымдарында кафедра коллективінің мүддесін қорғау;

• Аудит барысында анықталған сәйкессіздіктерді жою бойынша бақылау жүргізу;

• Істелген жұмыстар бойынша әр түрлі есептемелерді құру;

• Кафедра қызметі спецификасынан шығатын басқа да функцияларды орындау;

Жетістіктер

2015 жылы қыркүйекте АО «МУА» Зерттеу кеңесінің шешімімен радиология кафедрасына академик Ж.Х.Хамзабаев есімін беру шешілді.

Алматы қаласында 12-14 мамыр айында өткізілген «Еуразиялық денсаулық көпірі» Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция шегінде «ҚР Ұлттық медицина ассоциацияның» Бас Ассамблея VI съездінде өмірлерді сақтағаны үшін профессор Ж.Х.Хамзабаев өмір бойына және профессор Р.И.Рахимжанова «AVEVITAE» ордендарымен марапатталды.

2015 жылдың қаңтарында профессор Р.И.Рахимжанова «Қазақстандық радиологиялық қоғам» Республикалық қоғамдық бірлестік президентімен таңдалынып алынды.

2015 жылдың маусымында Рахимжанова Р.И профессор басшылығымен кафедра қызметкерлері Астана қаласында халықаралық қатысумен екінші Радиологтардың еуропалық мектебін (AstanaTutorial) жүргізді. ТМД және Қазақстан резиденттері үшін, Еуропаның және Ресейдің сәулелік диагностика бойынша бас лекторлардың қатысуымен, Астана қаласында екі апталық екінші Радиологтардың еуропалық мектебін жүргізу лекция мен тәжірибелік сабағын жүргізу бойынша тәжірибе алмасудың бір пішіні, материалды жақсы қабылдау, осы актуалды тақырыптарды шетел ЖОО сабақ беру әдістемесімен салыстырмалы сипаттамасын жүргізу болып табылады. Лекцияның бөлігі ағылшын тілінде оқылды, бұл ағылшын тілінің білімін нығайтты. Организаторлардың өздері – профессор Рахимжанова Р.И. және м.ғ.д Даутов Т.Б., сонымен қатар кафедра қызметкерлері (Абдрахманова Ж.С., Кожахметова Ж.Ж., Садвокасова А. Б., Мухамеджанова С.В. және т.б..) лекцияларды оқыды және семинардың тәжірибелік бөлімін енгізді.

2015жылдың 15-16 қазанында профессор Ж.Х.Хамзабаеваны еске алуға арналған «Замануаи радиологияны дамытудың жетістіктері мен болашағы» VI Еуразиялық Радиологиялық Форум, әлемнің 17 мемлекетінен ғалымдарды шақырылған, кафедрамен ұйымдастырылып және жүргізілді. Барлық қызметкерлер белсенді ат салысты және баяндамаларымен сөз сөйледі.

2015 жылы профессор Рахимжанова Р.И. 8 халықаралық конференцияда президиум мүшесі болып және баяндамасымен сөз сөйлеп қатысты.

2015 жылдың маусымында Туториал ұйымдастырушылары шақыруымен профессор Рахимжанова Р.И. Прага қаласындағы Радиологтардың еуропалық мектебінде лекция оқыды. Профессор Р.И Рахимжанованың 2015 жылдың маусымында Прага қаласында 13 Радиологтардың еуропалық мектебінде лекция оқуы шетел ғалымдары арасында профессор Р.И.Рахимжанова жоғары атақтың маңызды куәгерлігі болып табылады, әртүрлі шетел мемлекеттерінің дәрігерлеріне өзінің Қазақстандық ғылыми және педагогикалық тәжірибесін көрсетуге мүмкін береді. Сол себепті біздің ЖОО мәртебесін көтереді, шетел ЖОО арасында бәсекеге жарамдылығын растайды.

2015жылдың қазанында «МУА» АҚ мен Томск қ. Сібір мемлекеттік университеті арасында профессор Р.И.Рахимжанова бастамашы болған ЖОО арасында ынтымақтастығы туралы келісім-шартқа тұрды.

Сәулелік диагностика туралы халықаралық конгресстар мен форумдарда Вена (Австрия), Москва, Санкт-Петербург (Ресей) және республикандық деңгейдегі конференцияларда жыл сайынғы қатысу жоғары белсенділігін және кафедра қызметкерлерінің ғылыми және білім беруге арналған жұмысы деңгейін растайды.

Байланыс деректері

Астана қ., Абылай хан к-сі, 15а 
+77172547610
kaf.radio1@amu.kz