№1 Акушерия және гинекология кафедрасы

Басшылық

Хамидуллина Зайтуна Гадиловна

кафедра меңгерушісі
медицина ғылымдарының кандидаты, медицина мамандығы бойынша философия докторы (PhD) Жоғары санатты дәрігер акушер-гинеколог, Денсаулық сақтау ісінің жоғары санатты ұйымдастырушысы, ҚР Денсаулық сақтау ісінің үздігі , «АстМУ» КеАҚ-тың сенат мүшесі, резиденттердің ғылыми үйірмесінің жетекшісі, Нұр-Сұлтан қаласы акушер-гинекологтар қауымдастығының мүшесі, Нұр-Сұлтан қаласында ана өлімін азайту бойынша жол картасының төрайымы. Нұр-Сұлтан қаласының перзентханаларында консультациялық және шұғыл көмек көрсетеді. Қазіргі таңда Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ШЖҚ «№3 перинатальдық орталық » МКК бас дәрігер қызметін атқарады. 22 ғылыми мақаланың, оқулықың авторы. Преэклампсия дамығанда жүктілерді иммунологиялық зерттеу патенті бар. Біліктілікті арттыру курстарын 2014ж. Финляндия, 2015ж. Израиль мемлекеттерінде, 2016ж. Сеул қаласында өтті. Адал еңбегі үшін 2009ж. «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі» медалімен, 2016ж. «Ерен еңбегі үшін» медалімен , 2019ж. ҚР президенті Қ.Тоқаевтың «Алғысхатымен» марапатталды.

Кадрлық құрам

Ахмедьянова Гайныл Угубаевна

профессор
Медицина ғылымдарының кандидаты, ЖАК доценті, профессор. Жоғары санатты дәрігер акушер-гинеколог, ҚР Денсаулық сақтау ісінің үздігі , магистранттар мен докторанттардың жетекшісі, хирургиялық және онымен байланысты мамандықтар бойынша ғылыми семинардың мүшесі, ҚР Президентінің Іс Басқармасы медициналық орталығының тұрақты консультанты, Нұр-Сұлтан қаласында ана өлімін азайту бойынша жол картасы комиссиясының мүшесі. Нұр-Сұлтан қаласының перзентханаларында консультациялық және шұғыл көмек көрсетеді. Ахмедьянова Г.У. жетекшілігімен 6 кафедра қызметкері медицина ғылымдарының кандидаты лауазымын алды, 6 магистрант, 2 PhD диссертация қорғады. 300-ден астам ғылыми жұмысы, рац.ұсыныстар, 6 өнертабыс, сонымен қатар оқу құралдары, 2 оқулық, оқу-әдістемелік құрал, 15-тен астам нұсқаулық бар. «Висцералық-мануалдық емдеу әдісімен босанғаннан кейінгі асқынуларды оңалту тәсілі» өнертабысы - Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының (ДЗМҰ) Құрмет грамотасымен және Алтын медалімен марапатталды - Женева-сәуір 2009 ж. Адал еңбегі үшін КСРО Денсаулық сақтау министрлігінің, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі әкімшілігінің мақтау қағаздары мен медальдарымен марапатталған: Қазақстан Республикасы Президентінің Алғысхаты-2001, Қазақстан Республикасының «Шапағат» медалі-2007. 2016-2017 жж. клиникалық кафедралар арасындағы «Үздік тәлімгер» номинациясының жеңімпазы.

Мырзабекова Айгүл Жексенбайқызы

Доцент, м.ғ.к.

Кафедраның оқу ісі жөніндегі меңгерушісі, медицина ғылымдарының кандидаты, доцент

Кафедрада барлық оқу процесіне, ғылыми жұмыстар мен СҒҮ үшін жауапты.

Шамова Алма Камашевна

Доцент, м.ғ.к.

Галицкая Татьяна Николаевна

Доцент, м.ғ.к.

Шарипова Мадина Кеңесбайқызы

Доцент, м.ғ.к.

Анапина Бахыт Урумбайқызы

Доцент, м.ғ.к.

Ажетова Жанерке Рахимбаевна

доцент

Абдрашидова Светлана Батырбековна

ассистент

Власенко Татьяна Борисовна

ассистент

Жұмабаева Эльмира Мұратқалиқызы

ассистент

Исаева Ельнура Исаевна

ассистент

Марат Айзада Маратовна

ассистент
 медицина мамандығы бойынша философия докторы (PhD

Оспанова Айгерім Баймағанбетқызы

ассистент

Шелестюк Алина Владимировна

ассистент

Қазыбекова Шолпан Тлекенқызы

Аға зертханашы

Конурбаева Махаббат Сәкенқызы

Аға зертханашы

Елеусизова Тоты Сәкенқызы

Аға зертханашы

Құрылу тарихы

1967 жылғы тамыз айында КСРО Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығымен Целиноград мемлекеттік медициналық институтында Акушерия және гинекология кафедрасы ашылды.

Кафедра меңгерушісінің міндетін м.ғ. к. Г. И. Забирова атқарды.

Кафедраның бірінші меңгерушісі доцент Сара Евсеевна Поллак болды (1969-1974 жж.).

Кейінгі жылдары кафедраны К. И. Малевич (1975-1978 жж.), О. С. Шишкина (1978-1979 жж.), Р. Ф. Ивашевская (1979-1982 жж.), А. Т. Туринцев (1982-1992 жж.), К.Ж.Құлбаева (1997-2001 жж.),  Г.У.Ахмедьянова (1992-2019ж) басқарды. Қазіргі таңда кафедра меңгерушісі – З.Г.Хамидуллина.

Мақсаттар

Болашақ дәрігерлерді акушерияның, гинекологияның және балалар гинекологиясының негізгі теориялық аспектілері бойынша даярлау, студенттердің клиникалық ойлау қабілетін, алған білімдерін іс жүзінде қолдана білу, клиникалық патология машықтарын дамыту, жүкті әйелдерді, толғатқан әйелдерді, босанған әйелдерді, нәрестелер мен гинекологиялық науқастарды рационалды басқару әдістерін, босандыру әдістері, тиімді терапия және жедел көмекті меңгеру.

Қызмет

Акушерия және гинекология кафедрасы Университеттің мақсаттары және міндеттеріне сәйкес оқу процесін, әдістемелік, тәрбиелік, ғылыми-зерттеу, клиникалық, инновациялық және басқа да қызмет түрлерін атқаратын Университеттің ғылыми-оқу құрылымды бөлімі болып табылады.

Кафедраның ғылыми жұмыстарының негізгі бағыты – әйелдердің, балалар мен жасөспірімдердің репродукциялық денсаулығын қорғау: «Солтүстік Қазақстан аймағындағы аналық және перинатальдықөлім-жітім және оның факторлары»; «Акушерия және хирургияда іріңді-сепсистік  аурулар»; «Акушерияда бактериялық инфекцияның болжамы және оны алдын алу»; репродукциялық технологиялар мен әдістері қолданылатын «Қауіпсіз Ана».

Жетістіктер

Акушерия және гинекология кафедрасы ғылыми-әдістемелік көмек көрсету мақсатында  университет серіктестерімен – ҚР ДСМ, БҒМ, білім басқармасымен, республикалық оқу мекемелерімен  және ұйымдарымен сыртқы байланыстарды белсенді дамытып жатыр. Осылайша,  Ахмедьянова Г.У., Габдильашимова З.Т., Мырзабекова А.Ж. жетекшілігімен 2012 жылғы сәуір айында Ресейдің Новосибирск қаласында акушерия және гинекология бойынша  өткізілген І халықаралық олимпиадада «Жалпы медицина» факультетінің студенттері қатысып, гран-при жеңіп алды.

2012-2013 оқу жылында  № 1 акушерия және гинекология кафедрасы «Жалпы медицина» факультетінің ІV курс студенттері арасында алғаш рет І студенттік олимпиада өткізді.

Кафедра ассистенті,  Баубекова А.Ш «Акушерия и гинекология 137Т» мамандығы бойынша «Болашақ» бағдарламасымен 07.09.2015 жылғы 03.12.2015ж. аралығында Корея Республикасы, Сеул қаласы, мамандандырылған әйелдер клиникасы – Чеильде кәсіби-өндірістік практикадан өтті,  Корея Республикасы, Сеул – Йонсе университеті жанындағы  Каннам Северанс медициналық орталығы. 30.07.2017ж.-18.11.2017ж. аралығында «Қазақстандық-финдік заманауи білім» жол картасы бағдарламасы бойынша MNursE 2015-2019 ( Лахти қаласы, Хямеэнлинна, Ювяскюля)  жоғары  білім  бойынша мобильділікпен консорциумға қатысты.

Кафедра оқытушылары практикалық машықтар бойынша шетелдерде: Мырзабекова А.Ж., Ажетова Ж.Р., Нурмагамбетова Г.И  Израильда  Галицкая Т.Н., Мырзабекова А.Ж. Түркияда , Габдильашимова З.Т Жапонияда, Ұлыбританияда білім алды.

Оқу процесі барысында  кафедрада акедемиялық мобильділік бойынша шетелдік серіктестермен студенттерді, магистранттарды алмастырып оқыту тәжірибесі бар.

Соңғы 3 жылда кафедра доценттері,  А.К.Шамованың, Т.Н.Галицкаяның жетекшілігімен «Жалпы медицина» мамандығы бойынша ІV курс студенттері және магистранттар мобильділік бойынша Беларусь Республикасы, Болгария, Литва, Польша елдерінде білім алды.

Жыл сайын СҒҚ студенттері, сонымен қатар, магистранттар мен кафедра ассистенттері  «Педиатрия, акушерия  және  гинекология» секциясында студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық қатысуымен ғылыми-практикалық конференцияларда жүлделі орындарға ие болып жүр.

Байланыс деректері

Нұр-Сұлтан қ., Ә. Молдағулова, 28.

ШЖҚ «№3 Перинатальдық орталық» МКК

Телефон: 381097